Дәріс кешенінің құрылымы



Дата25.11.2022
өлшемі50 Kb.
#52729

Дәріс кешенінің құрылымы
1. Дәріс тақырыбы
2. Оқу нәтижелері
3. Дәріс жоспары
4. Дәріс тезистері
№ 3 – дәріс тақырыбы: Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы -1 сағ.
Оқу нәтижелері
стилистикалық бояудың мәнін сипаттайды;
стилистикалық бояу түрлерін анықтайды;
функционалдық-стильдік және эмоционалдық-экспрессивтік бояуларды салыстырып, сыни тұрғыдан талдайды;
стилистикалық құралдар ерекшеліктерін бірлесе зерттейді;
тілдік құралдардың стильдік қызметін зерттеу нәтижелері негізінде бағалайды.
Дәріс жоспары:
1.Функционалдық-стилистикалық тілдік құралдар
2. Эмоционалды-экспрессивті тілдік бірліктер
Стилистика жеке пән, ғылым саласы болғандықтан, оның өзіне тән негізгі ұғым-категориялары болады. Стилистиканың негізгі ұғымдарының қатарына стиль, функционалды стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық белгі, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стиль құраушы факторлар, стильдің тілдік жүйелілігі жатады. Стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық мағына ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты.
Тілдің барлық деңгейіндегі бірліктердің өз мағынасынан тыс беретін түрлі нәзік реңктері болады. Осыған байланысты олардың стилистикалық құрал ретінде табиғаты бірдей болмайды, яғни бұл бірліктердің стилистикалық бояуы әр қилы.
Стилистикалық бояу кем дегенде екі компоненттен құрылады: 1) тілдік бірліктің эмоционалды-экспрессивті мәнін ашатын стилистикалық бояу; 2) тілдік бірліктің қолданылу аймағын аңғартатын стилистикалық бояу. Бұлар тиісінше эмоционалды-экспрессивті бояу және функционалды-стильдік бояу делінеді.
Эмоционалды-экспрессивті бояудың түрлерін анықтау үшін эмоционалдылық, экспрессивтілік және бағалау (коннотация) сияқты ұғымдарға назар аудару қажет. Эмоционалды бояу – сезім мен көңілді білдіретін тілдік элементтің негізгі, тақырыптық-логикалық мазмұнына қабатталатын мағынаның қосымша реңкі. Сөйлесімнің эмоционалдылығы – тыңдаушының ой-өрісіне ғана емес, оның көңіл-күйіне әсер етіп, белгілі бір сезімдерін оятады.
Сөздің эмоционалды бояуын үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) жағымды реңктердің эмоционалды бояуы – салтанатты, көтеріңкі, сергек т.б.; 2) жағымсыз реңктердің эмоционалды бояуы – кемсіту, кекету, ирониялық, сықақ т.б. Сондықтан эмоционалды ұғымының құрылымында бағалау семасы болады. Экспрессивтілік – лингвистикадағы ең маңызды мәселелердің бірі, оның мәні – әсерлілік. Аталған стилистикалық бояулар нейтралды лексикамен салыстырғанда айқын көрінеді.
Функционалды-стильдік бояуын тілдік құралдар мен конструкциялар әлеуметтік әрекеттің түрлі саласында қолданылу үдерісі кезінде иеленеді. Функционалды-стильдік бояуды кітаби және ауызекі сөйлеу бояулы деп бөледі. Кітаби бояулар белгілі бір функционалды стильге қатыстылығына қарай жіктеледі.
Тілдік құралдардың осы аталған бояулары әр алуан сөздіктерде маркерленіп, стилистикалық белгі ретінде көрсетіліп отырады. Аталған стилистикалық бояулардың зерттелуі кемінде үш салаға (сөз табына, лексикологияға, тіл стилистикасына) байланысты, яғни тіл бірлігінің стилистикалық қасиеті тіл құрылымы мен сөйлеу әрекетінің дихотомиясына тікелей байланысты.
Әлеуметтік әрекетпен тікелей байланысты болғандықтан, тіл құралдарының стилистикалық әлеуеті оларды қарым-қатынас саласына, жағдаятқа, мазмұнына, жанр ерекшеліктеріне, коммуниканттардың субъективті көзқарасына сай таңдап, талғап жұмсаудан байқалады.
Стилистика ғылымы үшін өзекті мәселелер ауқымы өте кең. Стилистика фонетика, лексика-фразеология, морфология, синтаксис сияқты салалар қарастыратын тіл заңдылықтары мен оларды қолданысқа түсіру принциптерімен тығыз байланысты.
Тіл ресурстары стилистикасы функционалды стильдердің бәрінде бірдей деңгейде көріне бермейді.
Қандай тілдің болсын фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерімен қатар, сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын, яғни суперсегменттік деңгейін де қамтиды. Интонация – көп функциялы күрделі құбылыс, ол тар және кең мағынада түсініледі. Интонация тек сөйлем мен мәтінде ғана көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет