Дәріс модуль Отандық мәдениет тарихы Тақырып Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті Сұрақтар 1



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі414,01 Kb.
#21524
  1   2   3   4


Дәріс 6 

Модуль 3   Отандық мәдениет тарихы 

 

Тақырып 6   Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті 

Сұрақтар 

1. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Көшпелілік (номадизм) 

концепциялары. Көшпелілік мәдениет 

типологиясы.   

2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті. 

3. Көшпелі мәдениет дамуындағы прототүркі кезеңі. Ежелгі түркі өркениеті 

   және оның ерекшеліктері 



 

 

      Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі 

кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, 

белгілі  бір  қалыптасқан  жүйемен  көшіп-қонып  тіршілік  ететін  адамдардың 

әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. 

Көшпелілер  өркениетін  зерттеу  мәселелері.  Көшпелілер  туралы  түсінік, 

алдымен  отырықшы  халықтар  арасында  қалыптасты.  Б.з.д.  V  ғасырда  өмір 

сүрген  тарихшы  Геродот  көшпелі  скиф  тайпаларының  тұрмысын  мадақтап 

жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, 

философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады.  

   XVIII—XIX  ғасырлардағы  Еуропа  ғалымдары  да  көшпелілер  туралы  өз 

көзқарастарын  білдіріп  отырды.  Мысалы,  Монтескъе  көшпелілер  қоғамын 

«әділетті,  теңдікті  қоғам»  десе,  Фергюсон,АдамСмит:  «Көшпелілерде  мүлік 

теңсіздігі,  әлеуметтік  теңсіздік  ерте  пайда  болды»,  —  деген.  Ал  философ 

Кант:  «Мемлекеттің  өзі  көшпелілер  мен  отырықшы-егіншілердің  өзара 

қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды» деген тұжырым жасайды. 

Атақты  философ  Ф.  Гегелъ:  «Көшпелілерде  әлеуметтік  қарама-қайшылық 

болғанымен, мемлекет болған жоқ», — деп есептеген. 

 XX  ғасырдағы  Еуропа  ғалымдарының  көшпелілікке  көзқарасы  әртүрлі 

болғанымен,  бұл  қоғамның  жағымсыз  жақтарына  ғана  назар  аудару  басым 

болды.  Мысалы,  Ратцелъ,  Гумплович,  Торнвалъд,  Тойнби  деген  ғалымдар: 

«Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа 

да  өркениет  жетістіктерін  отырықшы  елдерді  жаулап  алу  арқылы  ғана 

үйренді»  деген  тұжырымдар  айтты.  Олардық жолын қуушы  қазіргі  заманғы 

зерттеушілердің пікірінше: «Көшпелі қоғам  — бұл бір орнында тоқырап, өз 

бетінше  дами  алмайтын,  отырықшы  мәдениеттің  әсерінсіз  өркениет  жасай 

алмайтын — болашағы жоқ қоғам». 

Көшпелілік  кеңес  ғылымында  XX  ғасырдың  20—40-жылдарынан  бастап 

зерттеліп  келеді.  Бұл  саладағы  кеңес  тарихшыларының  еңбектерінде  де 

маркстік-лениндік  көзқарас  басым  болды,  зерттеушілер,  негізінен  алғанда, 

көшпелілердің  қоғамдық  құрылысына  ғана  мән  берді.  Мысалы, 




А.П.Чулошников деген зерттеуші: «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, 

тек  рулық  қауым  болды»,  —  десе,  П.Кушнер:  «Көшпелілерде  «рулық 

мемлекет», феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды», — дейді. 

XX  ғасырдың  30-жылдары  С.П.  Толстов  пен  Б.Я.  Владимирцевтің  көшпелі 

қоғам  туралы  пікірлері  60-жылдардың  соңына  дейін  әртүрлі  нұсқада 

қайталанып, дамытылып келді. СП.Толстовтың пікірі бойынша: «Көшпелілер 

отырықшы халықтар сияқты, алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдың 

қоғамды  басынан  өткізді.  Бірақ  көшпелілердің  құлиеленушілік  қоғамы 

әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархалдық монархия түрінде 

құрылды».  «Көшпелілердегі  меншіктің  негізі  жер  ме,  мал  ма?»  деген 

мәселенің  төңірегінде  пікірталас  жүрді.  Бір  топ  еалымдар:  «Көшпелілерде 

рулық  қоғам  қалдықтарымен  араласқан  феодалдың  қоғам  болды  және 

феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жекеменшік құрады»,  — 

дегенді  айтты.  Екінші  бір  топ  зерттеушілер:  «Еуразия  көшпелілері 

патриархалдық-феодалдық  қоғамда  өмір  сүрді,  осы  таптық  қоғамдағы 

меншіктің  негізгі  түрі  малға  қатысты  жекеменшік  болды,  ал  жер  рулық 

қауымның ортақ иелігінде болды», — деген пікірді ұстанды. 

Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді 

іс-әрекет  мәселесі  жиі  қозғалып  отырды.  Олардың  пікірі  бойынша,  далалы, 

шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына 

қарай  мал  шаруашылығы,  көшпелілік  қалыптасқан.  Осындай  халықтардың 

бірі  қазақ  халқы  далалы,  шөлейтті  аймақты  игерудің  бірден-бір  жолы  мал 

шаруашылығы  деп  білген  және  осындай  табиғи  жағдайға  икемделе  өмір 

сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен. 

XX  ғасырдың  30-жылдарынан  бастап  тоталитарлық  жүйе  идеологтері 

көшпелілікке  қарсы шыға бастады. «Адам  — табиғатты өзгертуші құдіретті 

күш» деген қағиданы басшылыққа алған.коммунистік идеологияның өкілдері 

көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысып  келген  халықтарды  жаппай 

отырықшылыққа  айналдыру  қажеттігін  дәлелдеп  бақты.  Ал  осы  қате 

көзқарастан  қазақ  халқы  30-жылдары  қатты  күйзеліске  ұшырап,  жаппай 

қырылып, көпшілігі елден ауып кетуге мәжбүр болғандығы белгілі. 

XX ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап жекелеген ғалымдар көшпеліліктің 

географиялық-экологиялық  себептерін  қайта  мойындай  бастады.  Осы 

ғалымдардың  пікірінше,  көшпелілік  дегеніміз,  кейбіреулер  айтқандай, 

«адамзаттық  өркениеттің  сара  жолынан  адасу»  емес,  керісінше 

шаруашылықтың,  мәдениеттің  ерекше  даму  түрі.  Олардың  пікірі  бойынша: 

«Көшпелілер  далалы,  шөлді,  шөлейтті  табиғатта  өз  шаруашылығын 

қалыптастыр-ған, олардың  негізгі  күнкөріс көзі  мал болған,  мал басы өскен 

сайын  жайылым  айырбастау  қажеттілігі  туған,  сөйтіп  көшпелі  өмір  салты 

қалыптасқан». 

Көшпелі  халықтар,  оның  ішінде  ғұндар  мен  түркілердің  тарихына  ерекше 

мән  берген  тарихшы  Л.Н.  Гумилев  болды.  Ол  Еуразия  көшпелілерінің  бұл 




құрлықтың  тарихында  алатын  орнын  өте  жоғары  бағалады.  Дегенмен 

Л.Н.Гумилев: «Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-

мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор 

үлкен  рөл  атқарады»  деп  санады.  Оның  ойынша,  «бүкіл  тарихи  үдеріс 

географиялық, биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді». Л. Н. 

Гумилевтің осындай көзқарастары кезінде сыналған да еді. 

Археолог  К.  Ақышевтің  пікірі  бойынша,  Қазақстан  жерінде  көшпелі  мал 

шаруашылығының  қалыптаса  бастауы  қола  дәуірінің  соңы,  темір  дәуірінің 

басына,  яғни  б.з.д.  IX—VII  ғасырларға  дәл  келеді.  Осы  кезден  бастап, 

Орталық,  Батыс  Қазақстан  жерінде  меридиан  бойымен  көшу,  ал  Шығыс 

Қазақстан  мен  Жетісуда  қыста  жазықтар  мен  қар  аз  түсетін  таулардың 

қойнауын  қыстап,  жазда  биік  таулы  жайлауларға  көшу  қалыптасқан. 

Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, 

отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған. 

XX  ғасырдың  60  —  80-жылдарынан  бастап  қазақ  көшпелі  қоғамы  жөнінде 

қазақстандық  ғалымдардың  еңбектері  шыға  бастады.  Бұл  ретте 

С.Зимановтың «Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық 

құрылысы»,  В.Ф.Шахматовтың  «Қазақтың  жайылымдық  көшпелі  қоғамы», 

С.Толыбековтің  «XVII—XX  ғасырдың  басындағы  қазақтардың  көшпелі 

қоғамы»,  Д.Кішібековтің  «Көшпелі  қоғам:  шығуы,  дамуы,  құлдырауы», 

НМасановтық «Қазақтардық көшпелі өркениеті», т.б. еңбектері жарық көрді. 

Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелі жұрттар өз бетімен таптың қоғамның 

ең  алғашқы  сатысына  жетеді,  ал  олардың  әрі  қарай  дамуы  отырықшы 

халықтардың  ықпалымен  ғана  іске  асады.  Көшпелі  қоғам  —  бұл  даму 

болашағы шектеулі қоғам. 

Кейінгі  жылдары  көшпелі  қоғамның  ежелгі  замандағы,  орта  ғасырлардағы 

мәдени,  әлеуметтік-саяси  оңды  жақтары,  артықшылықтары  мойындала 

бастады.  Көшпелі  өркениетті   адамзат  тарихындағы  заңды  құбылыс, 

шаруашылықтың,  мәдениеттің,  өмір  тұрмысының  ерекше  бір  түрі  екендігін 

көпшілік ғалымдар дәлелдеп отыр. 



  Көшпелілердің рухани  мәдениетінің  өз  даму  ерекшеліктері  бар.  Ол 

көшпелілердің 

тіршілік 

қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен 

туындайды.  Көшпелілер  өз  тұрмыс-қарекетіне  лайықты  мәдениет 

қалыптастырған. Көшпелілердің 

материалдық 

мәдениеті көші-

қонға ыңғайланып  жасалған.  Мұндай  таза  көшпелі  мәдениет  үлгілеріне  біз 

жиналмалы,  жығып-тігуі  өте  жеңіл киіз  үйді, ер-тұрман,  ат  әбзелдерін, 

теріден,  ағаштан  жасалған  ыдыс-аяқтарын, бесігін,  басқа  да  тұрмыстық 

заттарын жатқызамыз..          

Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы 

қызметін  атқарады.  Шексіз  даланы  көк  теңізге  теңейтін  пікірдің  жаны  бар: 

көкжиекте,  көк  аспанның  астындағы  шексіздікте  ақшағала  дөңгелек  киіз 

үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр 




қайық — аттар  қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан 

қорғайтын,  тез  жинап,  тұрғыза  қоятын  баспанаға  киіз  үй  өте  сай  келеді. 

Дөңгеленген  сыртқы  пішіні  қатты  желге  орнықты  болса,  туырлықтар 

жауыннан  кейін  тез  кебеді.  Шаңырақ  —шеңбер  тәрізді  шабағынан  және 

күлдіреуіштен  тұрады.  Оның  төбесін  түндіктің  жартылай  ашық  тұруы,  бір 

жағынан,  тұрмыс  қажеттерінен  туса  (жарық  түсетін  терезе,  түтін  шығатын 

мұржа,  таза  ауа),  екінші  жағынан,  шаңырақ  шексіз  аспанның  белгісі, 

мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, 

онда  шаңырақ  күнге,  ал  уық, керегелері  оның  сәулелеріне  ұқсас. Халық 

санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй 

құрылысынан өз көрінісін табады. Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның 

дүниетанымымен,  әлемдегі  алатын  орнымен  тікелей  қатысты.  Мысалы, 

орманды  мекен  ететіндер  ағаштардың  арасынан  аспанды  төртбұрышты 

бітімінде  көреді,  олардың  үйлері  де  төрт  қабырғалы,  Кавказдың  биік 

тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала 

тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы 

да  дөңгелек.  Орталық  Азиядағы  күмбездік  архитектураның  бір  бастауы  — 

көшпелілердің  киіз  үйі.  Бұл  тағы  да  оазистік  және  көшпелі  шаруашылық-

мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхроңдығын көрсетеді. Натуралдық 

шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. 

«Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» сияқты шебер ұсталар

тоқымашылар  т.б.  іскер  адамдар  халықтың  материалдық  мәдениетінің 

тамаша  үлгілерін  жасаған.  Халық  өнері  әсіресе  киіз  үй  жиһаздары  мен 

ұлттық  киімнен  айқын  көрініс  тапты.  Қазақ  жерінде  XIX  ғасырда  айдауда 

болған  поляк Бронислав  Залесский былай  суреттейді:  «Бұл  бір  ғажайып 

көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, 

әсіресе  байлардың  алтын  зер  төгіп  тіккен  шапандарын  осы  кезде  көруге 

болады.  Ауыл  ақсақалы  көш  бастаса,  ер-тоқымына  қызыл  шұғамен 

тысталған  көпшік  немесе  кілемше  жапқан  атқа  мінген  зайыбы  оның 

соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең 

алдымен  көлігінің  әбзеліне  көбірек  көңіл  бөледі.  Ертұрман  олар  үшін 

барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы 

қасын  көбіне  күміс қаптатып  өрнектейді,  тіпті  қолы  жеткендерінің  асыл 

тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан — бәрі де шебер 

өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі».                                      

Көшпелілердің  рухани  мәдениеті  тіптен  бай. Мал  шаруашылығы — 

егіншілікке  карағанда  бұқара  халықтың  барлығы  қамтылмайтын, 

қамтығанның  өзінде  көшпелі  қауымның  бос  уақыты  көбірек  болатын 

шаруашылық  түрі. Сонымен  қатар  көшпелілер  отырықшыларға  қарағанда 

табиғатқа  жақынырақ,  онымен  етене  өмір  сүрген.  Көшпелілерде  табиғатқа 

негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық,  түптеп  келгенде, 

шығармашылықпен  ойлау  жүйесі  қатты  дамыды.  Бұдан "Отырықшы 



халықтарда  бұл  қасиет  болмады,  не  аз  көрініс  тапты" деген  ой  тумауы 

керек.  Тек  бұл  қасиеттердің  қалыптасуына,  көрініс  тауып,  іске  асуына 

көшпелі  өмір объективті түрде  көбірек  жағдай  туғызды.  Көшпелілерде  де, 



отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 

1-мыңжылдықтың  ортасы),  түрік  жазуларының  (б.  з. VII—VIII  ғасырлар) 

болғандығын,  одан  бергі  ортағасырлық  түркі  тайпаларында  жазудың 

болғандығын  білеміз.  Бірақ  тағы  да  объективтік  себептермен  көшпелілерде 

отырықшыларға қарағанда жазу-сызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани 

мәдениеті  — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары  жадында 

сақталды. 

Көшпелілер  мәдениетінің  тағы  бір  ерекшелігі  — олардың мәдениетінің 

көбінесе синкретті (біртекті  ғана  емес,  көпқырлы) болып  келуінде.  Көне 

заманда  қазақ  жерінде  өмір  сүрген  тайпалар  (сақ, ғұн, үйсін, сармат,  т.б.), 

одан  кейін  орта  ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне  және 

ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап 

алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол арқылы көшпелілер өздеріне 

түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени 

үлгілерін  басқа  халықтарға  жұғыстырды.  Көшпелілер  түрлі  мәдениеттердің 

бір-бірімен 

араласуына, 

жақындасуына 

қозғаушы 

күш 


болған, дәнекер қызметін 

атқарған. Қазақ мәдениеті 

жөнінде 

мәселе 


қозғағанда,  біз  мынаны  естен  шығармауымыз  керек.  Рас,  қазақ  мәдениеті 

өзінің  негізгі  тіні,  өзегі,  тұрпаты  жағынан  көшпелі  мәдениеттің  үлгісінде 

жасалған  өркениет.  Қазақ  мәдениетінде  отырықшы  өркениеттің  үлгілері  аз 

болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік 

өңірлер  мен Жетісуда отырықшы  қала  мәдениеті  дәуірлеген  кезде  көбейе 

түсті.   Арабтар жаулап  алар  тұста  көне  түркілер  мекендеген Тұран жерінде 

диқаншылықпен, 

мал 


өсірумен 

қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген  елдің  өзіндік  мәдениеті 

болған.  Түркі  қалаларында  тоқымашылық,  сауда-саттық  пен қолөнер қатар 

дамыған. 

Түркілердің 

Мары 


(Мерв), 

Шаш 


(Ташкент), 

Шауғар 


(Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн сияқты қалалары Ұлы 

Жібек 


жолының бойына 

орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен 

сауда-

саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. 



Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте 

мардымсыз. Негізінен, 

қыстақтар 

мен 


қала 

жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге 

зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  алынған  бұйымдардың  қалдықтарына  талдау 

жасай  отырып,  олардың  материалдық  жағдайының  қандай  дәрежеде 

болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған 

жоқ.  Түркі  дәуірінің  алты  ғасырға  жуық  (VI—XII  ғасырлар)  мерзім  ішінде 

өмір 

кешкен Түрік, Батыс 



түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ-

қыпшақ және Қарахан  қағанаттықтарының әрқайсысының  өздеріне  тән 

материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет