Д. И. Ивановскийдің 1892 жылы темекінің теңбіл ауруын зерттеп вирустарды ашуы вирусология ғылымының дамуының бастамасы болды.
Темекі теңбілінің вирусы
Вирустар – жасушалық құрылысы жоқ өте ұсақ микроорганизмдер. Олар көбеюге, өзгеруге, тұқым қуалауға бейім. Вирустардың ақуыз түзетін рибосомалары болмайды,сондықтан оларда зат алмасу процесі жүрмейді, тек қана бір нуклеин қышқылын құрайды (ДНҚ немесе РНҚ).
Вирустар облигатты жасушаішілік генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады, жасушаның цитоплазмасында немесе ядросында көбейеді. Олар (дисъюнктивті) әдіспен көбейеді.
Вирустардың морфологиясы Вириондардың пішіндері әртүрлі болуы мүмкін: