Вирустар бұл жасушалық құрылымы жоқ, өмірдің карапайым нысандарына жататын инфекциялык микроағзалар



бет1/8
Дата15.04.2023
өлшемі34,27 Kb.
#82678
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
13-18 билет


13 билет

  1. Вирустарға сипаттама.

Вирустар бұл жасушалық құрылымы жоқ, өмірдің карапайым нысандарына жататын инфекциялык микроағзалар.
Вирустар жасушаішілік паразиттер болып табылады, олар жасушадан тыс көбейе алмайды. Одан баска, вирустар кептіруге және төмен температураға төзімді, жоғары температураның және ультракүлгін сәулелердің әсеріне төзімсіз. Вирустар адамның ауруларын шақыруға қабілетті: тұмау, оспа, қызылша, полиомиелит және т.б. Адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын туғызады.



  1. Микроағзалар жасушасының химиялық құрамы.

Микробтык жасуша 75-85 % судан тұрады. Құрғақ қалдығы органикалық және минералдык заттар түзеді. Органикалық заттар. 95-98%-ка органикалық заттар төрт элементтен: көмірсудан, оттегіден, азоттан және сутегіден тұрады. Акуыздар жасушаның мембраналары, рибосомалары және басқа элементтері құрамына кіреді. Олар ферменттер бола отырып, каталитикалық, сондай-ақ құрылымдық функцияларды орындайды.
Нуклеинді қышқылдар (ДНҚ және РНҚ) ядролық заттардың, рибосомалардың құрамына кіреді. Олардың басты функциясы - тұқымқуалаушылық ақпаратты беру және іске асыру.
Көмірсулар бактериядағы капсулалар құрамына кiредi, сондай-ак қордағы заттар түрінде де кездеседі. Оларды жасуша ашығу кезінде құрылыстык және энергетикалық материал ретінде пайдаланады.
Липидтер, микроағзалар жасушаларында аздаған мөлшерде болады. Олар акуыздармен күрделі косылыстар жасай отырып, цитоплазманың, ядроның құрамына кіреді. Олар жасушанын мембраналарын құрайды. Майлар да энергетикалық материал болып табылады. Көптеген микроағзалар қордағы қоректік заттар ретінде майлар (құрғақ массаның 2-ден 40% дейін) жинақтайды.
Минералдық заттар. Күйдіру кезінде жасушаның минералдық заттары күлге айналады, сондықтан оларды күл элементтері деп атайды. Олар жасушадағы осмостық қысымға әсер етеді. Минералдық заттардын үлесiне құрғақ қалдықтың 2-5% келеді.

  1. Микроағзалардың қоректенуі. Көмірсумен қоректену.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет