Диагностикалық процестің принциптері



Дата22.09.2022
өлшемі17,1 Kb.
#39826
Байланысты:
ЕББҚ


  1. Диагностикалық процестің принциптері

  • Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау. 

  • “Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Оқытуды диагностикалау – бұл оқушының білім мен биіктігін бағалау және бақылау.

  • Оқытуды диагностикалау бақылауды, бағалауды, тексеруді, статистикалық мәліметтерді қамти отырып, олардың сараптамасын, динамикасын нәтижелердің болжамын анықтайды.

  • Оқытуды диагностикалау – бұл (белгіленген критерилер бойынша) білімді, біліктілікті бағалау.

  • Оқытуды диагностикалау – бағаны емтихандарды өзгертуді, бақылаудың басқа формаларын талап етеді.

  • Оқытуды диагностикалау — әрбір оқушының жеке рейтингісін қалыптастыруды жүзеге асырады.Диагностикалаудың практикалық әділдігі диагностикалау көрсеткен педагогтың кез-келген бақылау құралдары мен қолданған әдістерімен қойған бағасы үйлесімділік тауып отырады. Бастапқы білімді қабылдаудан бастап, оны практикада қолдануға дейінгі барлық әдістемелік процесс диагностикалық бақылау жүргізу – жүйелілік процестің түрлері болып табылады. Оқу мекемесінде үнемі жүргізілетін диагностикалау оқитын шәкіртінің бірінші күніне дейінгі барлық әрекеті жүйелілік кіреді. Мектеп бақылауы оқушылардың нені біліп, атқару керектігіне жиі әрі маңыз бере жүргізілуі тиіс. Бақылаудың түрлі формалары әдістері мен құралдары, тексерулер, бағалаулар бірлікке, бір мақсатқа біріктірілуі, диагностиканы кешенді жүргізуде жүйелілік принциптері талап етеді. Жеке әдістер мен диагностикалау құралдарының жан-жақтылығы мұндай шешімді қаламайды.

  1. Психологиялық жас параметрлерін есепке алу; бастауыш мектеп жасындағы психо-педагогикалық ерекшеліктері

Тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп баяндап зерттейді. Педагогикалық психологияның нақты міндеттеріне:
1. оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу.
2. оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы және әртүрлі жағдайларда пайдалануы.
3. оқушының инлеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау.
4. оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу танымдық белсенділікке әсерін анықтау.
5. педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу.
6. дамыта оқытудың атап айтқанда, ғылыми, теоретикалық ойлаудың механизмдері мен заңдылықтарын анықтау.
7. білімді меңгеру заңдылықтары, шарттары мен өлшемдерін анықтау, олардың негізінде әртүрлі міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық құрамын қалыптастыру.
8. игеру сапасы диагностикасының деңгейінің психологиялық негіздері мен оның білім беру стандарттарына қатыстығын анықтау.
9. білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.
3. Бұзылған даму (ақау) құрылымын, жақын даму аймағын есепке алу. Дамудың өзекті деңгейінің маңызы.
Даму психологиясы балалардың бір жастан екінші жасқа өту кезіндегі психикалық дамуының заңдылықтары туралы, әр түрлі жас топтарына жататын балалардың жан-жақты мазмұндық сипаттамалары туралы, «актуальды аймақ» және «жақын даму аймағы» ұғымдары туралы білім береді. , дамуында проблемалары бар әр жас кезеңіндегі балалардың психикалық дамуының өзіндік ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Даму психологиясы балалардың бір жас тобынан екіншісіне ауысқан кездегі психикасы мен мінез-құлқында болатын баяу, бірақ іргелі сандық және сапалық өзгерістер туралы білім береді.
«Дамыту» моделі мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы мен даму қабілеттілігінің деңгейін көрсетеді. Бұл модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толыққанды дамуына жауапты; қоғам мұндай балаларға педагогикалық түзету мен дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауға міндетті. Бұл модельдің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның мүшелері сияқты барлық құқықтарға ие: өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, өз еркімен достарды таңдауға және достық қатынас пен барлығымен тең болуға құқылы. Мұндай модельді жүзеге асыру «қалыпты жағдайға ұмтылу» қағидасына сәйкес келуі мүмкін. Мүгедектік тек медициналық аспектімен шектелмейді, оған қоса барлығымен тең құқықтарға ие болмауымен әлеуметтік проблема болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет