Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Жоспары:
Жоспары:
Диалектика
Диалектиканың тарихи түрлері
Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.
Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.
Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.
Ертедегі грек философиясы - Гераклит, Аристотель;
Жаңа өрлеу заманының философиясы - Н.Кузанский;
Гегель диалектикасы;
Орыс революцияшыл демократтары, қазақ ағартушылары;
Марксистік диалектика;
ХХ ғасыр диалектикасы;
Диалектиканың тарихи түрлері:
Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайымдауынан туындайды. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт» , «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі.
Орта ғасырларды кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П. Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған А. Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д. Бруно, Н. Коперник, Р. Декарт, Б. Спиноза, Н. Кузанский шығармашылығында дамыған.
Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г. Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп, яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды. Сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Гегель қайшылықты – дамудың негізгі қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше бөліп, ол туралы жан – жақты ілімді дамытты. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады.
ХІХ ғасырдағы орыс революцияшыл демократтары А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің; Н.А.Добролюбовтың, Н.Г.Чернышевскийдің және оларлың ізбасарларының философиясымен байланысты. Қазақ халқының ойшылдары – Ш.Уәлихановтың және Абай Құнанбаевтың философиялық көзқарастары орыс революцияшыл демократтары философиясының жалғасы.
К. Маркс пен Ф. Энгельс материалистік диалектиканы дамытты, даму идеясын тарихи құбылыстарды зерттеуде, яғни әлеуметтік таптық қатынастардың, жеке меншіктің, мемлекеттің, қоғамның басқа да маңызды институттарының қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіруде кеңінен қолданды.
Марксизм – ленизм материалистік диалектиканы тағы бір шыңға көтерді. Ол өзіне өткен заманның нақты ғылымдары мен жетістіктерін сынай саралап, сіңіре білді. Сонымен қатар, ол күн тәртібіне ғылым мен өмірдің өзі қойған түбегейлі мәселелерді шешуге үйренді. Материалситік диалектика дегеніміз – ол тек даму теориясы ғана емес, сонымен қатар танып білу әдісі болып табылатын ғылым.