Дыбыс жүйелі емле сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле



Дата25.09.2022
өлшемі19,22 Kb.
#40180
Байланысты:
емле



Дыбыс жүйелі емле - сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле

Емле негізі 4 түрлі:
1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ);
2) тарих жүйелі (негізі дағды);
3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай);
4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).

Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле. Сөздің ауыздан шығуынң өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда ауыздан бір түрі болып шығады, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде «ақ», «көк» деген сөздердің айтылуынан көруге бола- ды. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айны- май шығады. Сол араға «өгіз» деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің айағы айнып, екінші түрде естіледі (ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз).
А.Байтұрсынұлықазақтың тұңғыш ұлттық әліпбиін жасаған тұлға ғана емес, қазақемлесін де жасаушы тұлға. Жазу, емле принципін анықтаған тұлға.
Енді біртуар ғалым осы төрт түрлі принциптің ішінде қазақ жазуы қайсысына сүйенуі тиіс дегенді қалай анықтады дейсіздер ғой? Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда, қазақ орфографиясы “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол табатын” емлені ұстануы керек. Ол мынадай жолдар деді: “Әрбір өзалдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу. Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу». Мұндағы оңаша айтылғандағы естілуінше жазу – қалай айтылса, солай жаз деген сөз емес, үйлестікпен айтылған дыбысты айқын орынға шығарып алып, сонда естілген дыбысты жаз деген сөз. Яғни сөз мағынасына әсер ететін, сөз мағынасын жасайтын дыбысты ғана таңбала деген сөз. Бұл бүгінгі латын негізді жаңа емлеміздегі профессор Нұргелді Уәли айқындаған фонематикалық (фонемдік) принциппен сай келеді. Яғни ғалым қазақ емлесінің негізгі ұстанымы дыбыс түрленімдердің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін жазу деген болатын. Бұл Ахмет атамыздың “Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда біртүрлі, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады. ...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді... “Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік”, - деген ойымен үндеседі. “Туыс жүйені де, дыбыс жүйені де “аралас тұтыну керек деушілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді ... сөйтіп сөз басына ереже жасайды... ондай емле оңай болып табыларма” дейді А.Байтұрсынұлы.
«Дыбыстар үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей, ауыздан шығуынша жазылсын” деген ұсыныстар барын, яғни фонетикалық принципті ұстанушылар барын айтты ғалым. Ондайда сөздің дұрыс жазылуын көрсететін айқын орындар деп үйлеспей айтылатын дыбыс шептерін көрсетті. Ал біз бүгінде сөз түбірін тексерудің бұл әдісін орыс орфографиясы арқылы алдық, орыс ғалымдарының еңбектерінен білдік деп жүрміз. Мысалы ғалым Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай – Арғынбай, Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған – жонған, жаңған – жанған, көңген –көнген, өңген – өнген, сеңген – сенген, күңге – күнге деп жазыла ма дегенді, соңғылары дұрыс, өйткені “қорғам”,“арғым” “тасқым” деп айтылмайды деген. Сондай-ақ [н] дыбысын қ, ғ, г дыбыстарының әсерінен айырсақ, дүдәмалдық жоғалады, “қоныс”, “қондық”, “жону”, “жондым”, “жанып”, “жанды”, “көніп”, “көнді”, “өніс”, “өнім”, “мініп”, “мініс”, “сеніп”, “сенім”, “күнде”, “күндік” дегенде, “ң” емес, “н” екені айқындалады дейді ғалым.
Сонымен, А.Байтұрсынұлы қазақ емлесінің басты ұстанымын қалай анықтады? Ғалым негізгі жол мынау деді: «айтылуы басқа сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) басқа жазу, айтылуы бірдей сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) бірдей жазу». Мұндайғы айтылу, тағы қайталаса, сөздің жеке тұрғандағы, неғұрлым тәуелсіз орындағы айтылуы.
Сондықтан латын негізді жаңа қазақ әліпбиінің емлесін жасауда осы Ахмет Байтұрсынұлының негіздеп берген емле ұстанымы –дыбыстың фонетикалық қоршауға неғұрлым тәуелсіз түрі жазылатын фонемдік принципі – қазақ орфографиясының негізгі принципі болып алынды.
Менің ойымша, қопақардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей, бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу. Осы күнге дейін тұтынып отырған емлеміздің кемшілігінің бәрін түзеп, жоғарыда айтылған туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай өтетін екеуінің арасынан жол тауып беретін төменгі ұсыныс болады деймін.
Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу.
Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
Үйлестіктен дүдәмал естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу.
Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз бәрі де қосарлық (-) белгімен жазылу.
Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болады.
Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазы- лу. Қосынды сөзге айналғандары басқа қосында сөздерше қосарлықпен (-) жазылу. Сын есімнің шырай күшейткіштері де қосарлықпен (-) жазылу.
Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет