Дін, МӘдениет және қОҒам дәрісті оқушы: Арын Д. А



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі2,22 Mb.
#133369
  1   2   3


ДІН, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Дәрісті оқушы: Арын Д.А.
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
  • Дін әлеуметтануының зерттеу аясы: объектісі мен пәні, атқаратын қызметтері;
  • Дінді зерттеген әлеуметтанушы ғалымдардың ой-пікірлеріне шолу;
  • Дінді социологиялық талдау;
  • ҚР дін саясаты;
  • Дін қоғамның құрамдас бөлігі, мәдениеттің бір формасы, діннің адам мен қоғамға тигізетін ықпалы орасан.
  • Социологтар дінді объективті түрде, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып зерттейді. Әлеуметтану ғылымы дінді құндылық және әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастырады.
  • Бүгінде дін – қоғамның білімділік деңгейімен, мәдениетпен, саясатпен, шиеленістермен біте қайнасып жатқан, қоғамдағы ең бір өзекті проблемаға айналып отыр.

Діннің қоғамдағы атқаратын қызметтері: - компенсаторлық (өтемдік) қызмет: оқшаулануды, жалғыздықты, әлсіздікті білдіртпеу, адамдардың өз өміріне риза еместігі, барға қанағатшылдық, шаршағанды басу; - дүниетанымдық қызмет: дін өмірдің мәнін түсіндіреді, өмірге баға береді; Дін арқылы адам өзіне беймәлім жағдайға, белгісіз бір құбылысқа жауап іздейді - коммуникативті қызмет: құдайға құлшылық ету кезінде адамдардың арақатынастары жақсарады, бір-бірімен сұхбаттасып, араласуына жағдай туады; - интеграциялық қызмет: қандай да бір қоғамдық факторды қолдайды, мысалы, кедейшілік, жұмыссыздық, қылмыс, отбасылық құндылықтардың сақталуы сияқты проблемаларға бей-жай қарамайды; - реттеушілік қызмет: діни құндылықтар, діни ғұрыптар арқылы жеке адамдардың және топтардың іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарын басқаруға жәрдемдеседі - хабар тарату қызметі: жинақталған білімдерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.


Дін әлеуметтануының объектісі – дін, пәні
дін саласындағы әлеуметтік механизмдер, яғни:
дін әлеуметтануы – діннің тарихын,
дін-қоғам-адам арасындағы байланыстарды, олардың бір-біріне тигізетін ықпалын, адамның дінге көзқарасын, діни институттарды, діни ұғымдарды, діннің әлеуметтік сипатын, діни бірегейлікті зерттейді.
Социологтар «дін қалай пайда болды және кімдерге қалай қызмет көрсетеді, әртүрлі дін өкілдері арасындағы қарым-қатынастар қандай деңгейде, олардың араларында не себептерден қақтығыстар болады? Діннің қоғамға тигізетін ықпалы қандай?» - деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет