Діннің мәдениетке әсері



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі21,68 Kb.
#131800
  1   2

Діннің мәдениетке әсері
I.Кіріспе
Дін-рухани мәдениеттің феномені,ол адамның наным-сенімін қалыптастыратын рухани орталық.Белгілі бір нәрсеге сиыну,сену(кітап, мүсін) діннің бөлігіне жатады.
II.Негізгі бөлім
Әлемде қаншама мемлекет,ұлт өкілдері бар.Олардың ұстанатын діні,наным сені-мі де әртүрлі.Сол дүние-жүзіне кең тарған негізгі 3 дінге жеке-жеке тоқталып өтсек:
1. Әлемдік діндер
Ең алғаш пайда болған көне дін-будда.VI ғасырда Үндістанда пайда болған. Негізін салушы-Сидхарта Гаутама білім жолын қуып,өмірінің соңғы жылдарын өз білген ілімдерін басқаларға үйретуге арнаған.Осылай будда дінінің келуіне себеп болған.
Ал қазіргі таңда будда дінін 1 млрд адам шамасы ұстанады.Ең кең тараған елдерге Қытай,Үндістан,Моңғолия,Вьетнам,Тибет,Жапония,Корея, Танзания және т.б оңтүстік-шығыс Азия елдері жатады.Алайда қазақ жерінде де будда дінін ұстаушылар табылады.Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет.Бірақ бұл діннің бізге қалай келуі бәрімізге қызық шығар.Деректерге сүйенсек,ең алғаш Ұлы Жібек Жолы арқылы келіп,таралған.Соғды,парфия сияқты дін уағыздаушы- лары белсенді әрекет жасап,тез тарауына себепші болған.Бірақ бұл қатты әсер ете қоймады.Ықпалы жоғары болған кез Бумын қаған тұсында.Ол будда дінін қабылдап,буддизмге қатысты кітаптарды түрік тіліне аудартқан екен.Тіпті Жетісу жерінен будда храмдары табылған.Яғни осы кезден бастап будда діні қазақ жұртына тарай бастаған. Зерттеулерге қарасақ,барлық адамдар ең алғаш мүсінге табынған.Ежелгі қазақ- тарда осылай жасаған.Бұған дәлел Маңғыстаудағы балбал тастар.Ғалымдар бұл тастарды ең көне мүсінге жатқызып,ең алғашқы мүсінге табыну Маңғыстауда пайда болған дейді. Жалпы алғанда будда дінінде ғибадат жасалып,пуджа өткізіледі.Буддаға арнайы шырақ қойылып,киелі әндері шырқалады екен.
Келесі жер шарындағы ең көп таралған діндердің бірі – Христиан діні. Қазіргі таңда бұл дінді 2 млрд-қа жуық адам ұстанады.
Негізінен «Христос» сөзі грек тілінен аударғанда құтқарушы, мессия деген мағынаны білдіреді. Ескі жазбаларда Иисус Христос Израиль жеріне келіп, сол жерді жаманшылықтан, қиыншылықтан алып шығып, әділеттілік орнататын пайғамбар деп жазылады. Христиан діні біздің заманымыздың 1 ғасырында Палестинада пайда болды.
Христиан дінін ұстанушылардың басты кітабы – Інжіл деп аталады. Інжіл деген атау 6 ғасырда пайда болған. Кітап «көне өсиет» және «жаңа өсиет» деген екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөліміне христиандыққа дейінгі кезеңдерде көне еврей тілдерінде жазылған және иудейлер мен христиандар қатар құрметтейтін кітаптар жатады. Ал екінші бөліміне грек тілінде жазылға кітаптар енді. Жаңа өсиет кітаптарының авторлары – апостолдар мен евангешілер.
Тағы бір айта кетерлік маңызды ақпарат Христианда крест деген белгіге өте ерекше құрметпен қарайды. Крест белгісі храмдар мен часовнялардың төбесіне орнатылады және діншілдер кеуделеріне, мойнына тағады. Дін уағызшылары тағатын крест «иерей кресті» деп аталады.
Христиан діні католицизм, протестанттық және православие деп үш бөлікке бөлінеді. Әр бағыттың өзінің ұстанушылары жетерлік. Мысалы Православие бағытын 225-300 млн, католиктер 800 млн.ға жуық ұстанушыларды құраса, протестантизм бағытына да 800 млн адам табынады екен.
Ислам діні жайлы айта кететін болсам , Мұхаммед пайғамбар өз уақытында сауда-саттық жолында жүріп, көптеген діндермен таныс болған. Меккенің өзінде де көптеген діндер өкілдері болғанымен, Мұхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай, өз жолымен жүрді.
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» - Алланың сөзі. Құрандағы барлық сүрелер көлеміне қарай ретімен орналасқан. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен байланысты болған. Ислам дінінің шығуына байланысты. «Ислам» деген ұғым араб тілінде «бас июшілік», «құлшылық» деген мағына бойынша құлшылық ету, табыну екі бөлімнен түрады. Біріншісі – міндетті түрде, ал екінші бөлімі ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекеттер. Біріншіге «парыз» болған бес амал (іс-әрекет) жатады. Олар:
1.Иман (таухид) – «сену»
2. Намаз - арабша «салят»
3. Зекет (қайыр)
4. Ораза - арабша «ас-саум»
5. Қажылық (хадж)
Ислам дінінің әлемдік дін болуында көптеген ерекшеліктер бар. Олардың 1-2 мыналар:
1. Ислам – бүкіл адамзатқа жіберілген ең соңғы дін . Ислам – бүкіл адамзатқа Алла жіберген әрі қияметке дейін жалғагсатын соңғы дін.
2. Ислам – жеңілдік діні. Мысалы: Намазды түрегеп тұрып оқи алмағандар отырып оқиды. Рамазан айын-да ораза ұстауға шамасы жетпеген науқастар сауыққаннан кейін ұстай-ды. Сауығудан үміті жоқ науқастар және ораза ұстауға шамасы келмей-тін қарт-қариялар ұстай алмаған оразасының орнын кедей-кепшіктерге фидия беру арқылы толтырады. Міне, осы себепті Ислам дінінің үкімдері әрдай-ым және әр жерде орындауға болатын ерекшелікке ие.
Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолымен ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Ал анасына «кәпірсің» деп тіл тигізіп, асын ішпей, келінге сәлем салдырмай салт пен сүннетті «соғыстырып» жүрген кейбір жастар болса, бұл олардың діни білімсіздігінен деп білеміз. Оның көзқарасына бола Исламға үрке қарау дұрыс емес. Ол діннің кемшілігі емес. Дінді дұрыс түсіне білмеген адамның кінәсі. Әйтпесе, «Кемелдік – Аллаға, кемшілік – адамға тән» екені белгілі ғой.
Ұлт болуымыздың өзі бір Алладан , оған жету жолы да ата–бабамыз ұстанған салт–дәстүрмен біте қайнасып кеткені таза Исламда. Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер, діннің мәдениетке әсері жайлы айтар болсақ , Ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады. Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын байқаймыз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, айырып ажырату оңай емес. Мәселен, кешегі кеңестік кезеңде бізге шариғатқа қайшы келетін арақ ішуді, доңыз етін жеуді насихаттады. Ал қазақтардың бұрыннан қоректеніп келе жатқан қымызы мен шұбаты ешқандай шариғатқа қайшы емес. Жәнеде біздің қыз қуу, алтыбақан, , көкпар, бәйге секілді ұлттық ойындарымыздың барлығы ешқандай құмар ойынға жатпайды.
Ендігі айта кететін жайт мемлекеттегы мәселе .Біраз жылдан бері «хиджаб»–деген сөз шығарып алып талқыға салып,елді дүрліктеріп,теріс ағымға кетіп жатқандарда бар . Хиджаб – араб тілінен аударғанда «жамылғы» деген мағынаны білдіреді. Арабтар Ислам дінінен бұрын осы киімді киген. Ал «ниқаб», «пәренжені»– Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран халықтары қолданады. Ал біздің қазақтың киімі де Ислам мәдениетімен тығыз байланысты болған. Себебі, шариғатта қолдың білезігінен аяқтың тобығына дейін әйелдердің денесі жабық болуы керек делінген. Қазақтың бұрынғы киімінде кеудесі ашық, немесе етегі тізеден келетін киімдер болды ма? Жоқ. Демек, қазақтың киімінің шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ деген сөз. Қазақтың қыздары қызыл көйлек, қызыл бешпет, үкілі қызыл кепеш киген. Кейінгі заманға лайық етіп, үкілі қызыл кепешті қызыл орамалмен ауыстырған.
Құран Кәрімде Алла Тағала ешқашанда ешбір ұлттың өз салтына тиым салмаған, тек адам болуды және Алланы ұмытпауды, өзіне құлшылық жасауды ғана талап еткен. Өйткені Алла Тағала тек рухани тазалықты ғана бағалайды. Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммед оның елшісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет