Диод - екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электронды аспап.
Диод
Жұмыс істеу тәртібіне және атқаратын міндетіне қарай жартылай өткізгішті диодтар әр түрлі болады.Ең көп тараған диодтар түзеткіштік диод, стабилитрон, варикап, фотодиод, жарық диоды.
Диодттарды жеке- жеке қарастыралық:
Түзеткiш диод
Түзеткiш диод p-n ауысуының вентильді қасиетiн пайдаланады және айнымалы тоқтарды түзету үшiн қолданады. Диодты жасау үшiн Ge және Si қолданылады. Түзеткiш диод өзiне берiлген кернеудi басқаратын электронды кiлттi (ЭК) жинайды. Тура кернеу берiлгенде диодтағы кернеудiң төмендеу әсерiнен жүктемедегi кернеуiнен бiршама аз болады. Гелийден жасалынған диодтың тура кернеуi Ug тура -0,5В, ал кремнийден жасалынған диодтағы Ug тура ≤ 1-1,5В.
Импульстi диод
Импульстік (уақыт бойынша жылдам өзгеретін) сигналдармен жұмыс істеуге арналған. Импульстік диодтарда ауыстырып-қосудың жоғары жылдамдығына p-n ауысудың ауданын азайтумен қол жеткізуге болады. Бұл кезде сәйкесінше диодтың сиымдылығы да азаяды.Мұндай схемаларда диод электрлік кілттің ролін атқарады.
Жарық диодты шамдар
Жарық диод (англ. light-emitting diode, LED) – бұл жартылай өткізгішті аспап бір р-п өтуден тұрады, электр энергиясын жарық энергиясына тікелей түрлендіреді. Жарық диодтар ақпаратты визуальды көрсететін құрылғыларда, сондай-ақ оптоэлектронды құрылғыларда жарықсәулелену элменті ретінде қолданылады.
ВАРИКАП
Варикап (Варіцап, варі (алле) - айнымалы және цап (а цітy) — сыйымдылық) — берілген кері кернеуге п-н ауысуының тосқауылдық сыйымдылыққа тәуелділігі сызықты болмайтын шалаөткізгіш диод.
Стабилитрон
Стабилитрон (лат. стабіліс - орнықты, тұрақты) — өзі арқылы өтетін электр тогы өзгергенде (белгілі шектерде) оған түсетін кернеу іс жүзінде тұрақты болып қалатын екі электродты газоразрядты немесе шалаөткізгіш аспап.
СТАБИСТОР
Стабистор
Жоғары кернеудегі токтарды реттеуге арналған диодтың түрі. Оларды кремнийден жасайды. Тұрақтандыру кернеуi (3-180В) диапазонын құрайды.
Фотодиод
Фотодиод —Кері тогы p-n өтпесінің жарықталынуына байланысты өзгеріп отыратын шала өткізгішті диод деп аталады.Фотодиодтар екі түрлі жұмыс әлпінде пайдаланылады: сыртқы қорек көзінсіз фотогенератор ретінде және сыртқы қорек көзімен фототүрлендіргіш ретінде.Фотодиод, қарапайым диод секілді, бір p-n өтпесінен тұрады.Бірақ түйіспесінің ауданы әлдеқайда үлкен болады.
Фотодиод автоматика жүйелері мен басқа техника қондырғыларында, индикаторлық құрылғыларда, электр қозғаушы күші ретінде жарық ақпаратын электрлікке түрлендіру үшін және фотометрияда, телекескіндерді беру құрылғыларында қолданылады.