Диплом жұмысы орындаған: юм-18-1к8 оқу тобының студенті



бет1/2
Дата23.05.2022
өлшемі0,73 Mb.
#35331
түріДиплом
  1   2
Байланысты:
Мамыр Диплом Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің өзекті проблемалары

  • ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
  • Орындаған: ЮМ-18-1к8 оқу тобының студенті
  • Мамыр Ернар Арманұлы
  • Ғылыми жетекшісі: З.ғ.к. Бейсембаева А.О.
  • Шымкент
  • 2022
  • М.ӘУЕЗОВ атындағы
  • ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
  • «Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуде тергеушінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің өзекті проблемалары»
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • 1
  • ТЕРГЕУШІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМ РЕТІНДЕ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
  • 1.1
  • Тергеушінің өкілеттіктерінің мәні және олардың жүйесі
  • 1.2
  • Тергеушінің процессуалдық дербестігі мен тәуелсіздігінің маңызы...
  • 2
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕ ТЕРГЕУШІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  • 2.1
  • Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің құқықтық мәртебесі
  • 2.2
  • Тергеушінің анықтау органдарымен өзара әрекеттестігі
  • 2.3
  • Тергеушінің дербестігі мен тәуелсіздігі оның мәртебесінің негізі ретінде
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  • КІРІСПЕ
  • Диплом тақырыбының өзектілігі.
  • Қылмыстарды тез және толық ашу, кінәлілерді әшкерелеу міндеттерін шешуде, қылмыс жасағаны үшін міндетті түрде жауапкершілікке тарту қағидасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде тергеуші елеулі роль атқарады. Тергеулік іс әрекеттер жүргізу барысында ешбір адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмауы керек. Тергеушінің Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, ішкі істер органдарының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің лауазымды тұлғасы ретіндегі іс- әрекетінің мазмұны қылмыстылықпен күресу міндеттерімен анықталады.
  • Тақырыптың зерттеу объектісі.
  • Сотқа дейінгі тергеп тексеру қылмысты ашу, оны жасаған тұлғаны анықтау, айыпталушының тергеуден немесе соттан жалтару мүмкіндігін болдырмайтын іс - шаралар қабылдау мақсатында дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу, тексеру және бағалау жөніндегі сотқа дейінгі іс – әрекеттің жан-жақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
  • Тергеушінің күдікті адамның қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдейтін айғақтар негізінде айыпты орынды тағуды зерттеу болып табылады. ҚР ҚПК 60 бабына сәйкес тергеуші, заңда процесс прокурордың немесе тергеу судьясының санкциясын шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу іс - әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес қабылдайды және олардың заңды және уақытылы атқарылуы үшін толық жауапты болады
  • Қылмыстық-процессуалдық заң қылмыстарды ашуға және оларды жасаған тұлғаларды әшкерелеуге бағытталған қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін реттей отырып, тергеушінің өкілеттіктерінің көлемін, оның құқықтары мен міндеттерін кеңейту.
  • М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасында және дипломалды практика өту базасы Шымкент қалалық Еңбекші аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінде жасақталды.
  • Құқықтың жалпы теориясы, таным теориясы, конституциялық құқық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқықтары, криминалистика, тағы басқа салалары бойынша тиісті әдебиеттер қолданылды. Зерттеу барысында отандық авторлар Толеубекова Б.Қ., І.Нұрмашев., Т.Е.Сарсенбаев., В.Бахин., А.Н.Ахпанов., Е.О.Алауханов., ресей ғалымдарынан Н.Н.Смирнова., В.П.Божьев., Е.С.Радутная., В.А.Похмелкин., Н.Т.Сахановалар зерттеген.
  • Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
  • Дипломдық жұмыстың эмпирикалық базасы
  • ТЕРГЕУШІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМ РЕТІНДЕ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
  • Қылмыстарды тез, толық және жан-жақты ашу;
  • Кінәлілерді жауапкершілікке тарту және қылмыстық іс бойынша сот талқылауын жүргізу үшін қажетті шарттар жасау;
  • Қылмыспен келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру жөніндегі шаралар қабылдау;
  • Қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен шарттар анықтау және жою.
  • ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ДЕРБЕСТІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ МАҢЫЗЫ
  • Тергеушінің процессуалдық дербестігінің ең маңызды сәті – оның шешімдер қабылдаудағы дербестігі. Тергеу органдарының іс-әрекетіндегі шешімдердің маңызы шешімдердің жалпы басқарушылық іс-әрекетте атқаратын үлкен ролін жетілдіруге өз үлесін қосады.
  • Тергеушінің адамгершілік ұстанымдары, қөзқарастары, құндылықтың бағдарлары жүйесінің құқықтық дүние танымға сәйкес келуі, оның ішкі сенімін қалыптастырудың маңызды факторы, оның қылмыстық процессуалдық заң талаптарына сәйкес келуі дұрыс процессуалдық шешімдердің қабылдануының кепілдігі болып табылады.
  • Осылайша, тергеушінің процессуалдық дербістігінің негізін процессуалдық заңның дәлелдемелерді оның ішкі сенімі бойынша бағалауы және осы негізде жасалған іс-әрекетті қылмыстық-құқықтық бағалау, айыпталушы ретінде тарту, айыптаудың көлемі және қылмыстың саралануы, істі тоқтату немесе оны сотқа жіберу туралы сұрақтарды шешу туралы ережесі құрайды. ҚР ҚПК 60 б. 6-т. сәйкес тергеуші тергеудегі іс бойынша процесс прокурордың нұсқауларымен келіспеген жағдайда ол жөнінде жоғарғы тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. Берілген нұсқауларға жоғарғы тұрған прокурорға шағымдану олардың орындалуын тоқтатпайды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕ ТЕРГЕУШІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

  • ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ТЕРГЕУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде заңдылықты қамтамасыз етуде тергеу бөлімінің бастығымен оның құзыреті шегінде жүзеге асырылатын ведомстволық процессуалдық бақылау маңызды рөл атқарады. ҚР ҚПК 62 бабына сәйкес тергеу бөлімінің бастығы сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығымен өз құзыреті шегінде іс әрекет жасайтын оның орынбасарлары. Тергеу бөлімінің бастығы тергеушілердің процессуалдық іс - әрекетінде, оның ішінде қылмыстық істі тергеу сатысында қылмыстар туралы бастапқы материалдарды шешу кезінде заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті.

ТЕРГЕУШІНІҢ АНЫҚТАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

  • Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына- заңда белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын қолдану; сотқа дейінгі тергеу жүргiзілетін iстер бойынша заңда көзделген тәртiппен қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын орындау; сотқа дейінгі тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша заңда көзделген тәртiппен анықтау; сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүзеге асыру; қылмыстық теріс қылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру; ҚПК 189-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізу жүктеледі.

Тергеушінің дербестігі мен тәуелсіздігі оның мәртебесінің негізі ретінде

  • Тергеушінің іс жүргізу дербестігі-қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ережесі, оған сәйкес тергеуші тергеуді жіберу және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес қабылдайды (заңда санкция немесе Прокурордың келісімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда) және олардың заңды және уақтылы жүргізілуіне толық жауапты болады. Тергеушінің іс жүргізу қызметіне араласу құқығына тек прокурор мен тергеу бөлімінің бастығы оған тергеу жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар беру арқылы ие болады. Сонымен бірге тергеушіге іс бойынша қабылданатын негізгі шешімдер туралы өз пікірін қорғауға (ҚР ҚПК 60-бабының 6-бөлігі) және бұл ретте өз қарсылықтарын білдіруге құқық берілді. Қылмыстың белгілері анықталған сәттен бастап істі айыптау қорытындысымен сотқа бергенге дейінгі барлық уақытта дерлік тергеуші немесе анықтаушы прокуратура мен соттың қатаң бақылауында жұмыс істейді, дегенмен заң бойынша ол белгілі бір дәрежеде тәуелсіздікке ие.
  • Берілген тақырыпты зерттеу барысында ғылыми көздерге сүйене отырып төмендегідей қорытындыға тоқталдық: «Тергеушіге процессуалдық дербестік беру ең алдымен оған сотқа дейінгі тергеудің барысы мен нәтижелері үшін жауапкершілік жүктелетіндігімен маңызды».
  • Жауапкершілік шешімдерді қабылдау еркіндігінің негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Бостандық жоқ жерде таңдау да, жауапкершілікте жоқ «Адам өзінің әрекеттері үшін оларды толық еріктілікпен жасағанда ғана жауапты болады».
  • Тергеушінің процессуалдық дербестігінің ең маңызды сәті – оның шешімдер қабылдаудағы дербестігі. Тергеу органдарының іс-әрекетіндегі шешімдердің маңызы шешімдердің жалпы басқарушылық іс-әрекетте атқаратын үлкен ролімен анықталады.
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • 1. Тергеушi – қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.
  • 2. Тергеушi өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап, ол бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға және осы Кодексте көзделген барлық тергеу әрекеттерін орындауға құқылы.
  • 3. Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды күдіктінің іс-әрекетін саралау, осы Кодекске сәйкес оған бұлтартпау шараларын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары баяндалған, жинақталған дәлелдер сипатталған айыптау актісін жасау арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
  • 4. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолдануға міндетті.
  • 5. Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолдануға міндетті.
  • 6. Тергеушi анықтау органдарының кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ, кез келген сәтте өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуіне қабылдауға және оны тергеп-тексеруге кiрiсуге құқылы.
  • 7. Тергеушi заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде барлық шешiмдi дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.Қылмыстық іс бойынша тергеуші өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.
  • 8. Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда, олар жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы.
  • 9. Тергеушiнің өзі тергеп-тексеретін iстер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексерілiп жатқан iске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысуға, оларды заңда белгіленген тәртіппен осы іске қосып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшiн мiндеттi, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет