М. Маметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі
Менің отбасым! Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным». Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту». Тобы: Ересектер тобы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту. Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы айтып беруге үйрету. Суретке қарап әңгіме құрауға дағдыландыру.
І. Кіріспе Сәлемдесу, жағдайларын сұрау. -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қалдарың қалай? https://youtu.be/pjHmgyDGLX8- сілтемесін қосып, мултфильмді көрсету. -Балалар, бұл мультфильмнен не түсіндіңдер?
Отбасы. Балалар мына суретке назар салайықшы мына суретте біз кімдерді көріп тұрмыз? ( отбасының суреті) -Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол,бір- біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отба-сы мүшелерін көріп отырмыз. Балалар отан отбасынан басталады.Үлкен Отанымыз Қазақстан болса, кіші отанымыз қалай аталады?
Балақайлар біз отбасы туралы қандай өлеңдпр білеміз? -Дұрыс! «Бір үйде біз нешеуміз?» өлеңі. Қанекей бірге еске түсіріп, айтайық. Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз. Бас бармағым — атам, Балан үйрек — апам, Ортан терек — әкем, Шылдыр шүмек — анам, Кішкентай бөбек — мен. Біз үйде нешеуміз? Біз үйде — бесеуміз.
Балалар, бізге қонаққа қонжық келіп қалыпты. Сәлемдесейік. -Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендердің бүгінгі оқу қызметтерің жайында келіп отырмын. Менің сендерге беретін бірнеше тапсырмам бар.
ІІ. Негізгі бөлім.
№1 Ойын. Сәйкестендір
Керемет балалар, жарайсыңдар!
Сергіту сәті! Барлығымыз, орнымыздан тұрып экранға назар аударамыз. Бірге қайталайық қанекей. https://youtu.be/BsyfFlArDBg
№2. Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Т
А
А
Ә
Ж
Е
Ә
К
Е
А
Н
А
№3.Сурет бойынша әңгіме құрау
Әңгімең өте керемет, әрі қызық екен!!!
Тәрбиешінің нұсқасы: Біз бір үйде алты адам тұрамыз. Олар: атам, әжем, әкем, анам, ағам және мен. Біздің үйде әрбір адамның атқаратын өзіндік жұмыстары мен міндеттері бар. Атам бізге ақылын айтып, біздің көңілімізді көтереді. Ал әжем қызықты ертегілерін оқып, бізге жылы киімдер тоқып береді. Әкем әрдайым бізге қамқор. Анашым болса тәтті тағамдар әзірлейді. Ал ағам екеуміз ойын ойнап, ата-анамызға көмектесеміз. Біз сондай бақытты отбасымыз.
№4.«Күн сәулесін құрастыр»дидактикалық ойыны. -Балалар,сендердің алдарыңда пішіндер жатыр.Бұл қандай пішіндер? -Қандай түсті пішіндер? -Дұрыс бұлар сары түсті дөңгелек және үшбұрыш пішіндері. -Осы пішіндерден күн сәулесін құрастырып жапсырайықшы. Сенбердің отбасыларыңда қанша адам болса күнімізге сонша шуақ жабыстырамыз.
-Енді жапсырған күн сәулесін өздеріңнің отбасына сыйлайсыңдар. -Осындай жарқыраған күн сәулесі отбасымызда ешқашан сөнбесін.
ІІІ. Қорытынды.
Балақайлар сендер сондай ақылды екенсіңдер, ал енді кетейін! Сендер менің көңілімді көтердіңдер. Ал сау бола қойыңдар.