Мамандығы/ББ6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау»
Дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын қалыптастырудың ойынның рөлі.
Ойын – балалардың бірлескен әрекеті. Ойындағы ортақ мүдделер, мақсаттар, міндеттер, бірлескен іс-әрекеттер құрдастар арасындағы жағымды қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді.
Бұл мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын қалыптастыру процесінде ойын әрекеті осы жеке қасиеттің дамуына үлкен мүмкіндіктер туғызатындығына байланысты. Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын ойын арқылы дамыту – бұл әрекет ету қабілеті, бастамашылық таныту және ойластырылған нәрсені жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады.
Осыған орай, жоғарыдағы мәселені қарастыру үшін автор мектеп жасына дейінгі балалардың дербестігінің табиғатын зерттеудің әртүрлі бағыттарын талдауға жүгінген, көптеген ғалымдардың анықтамаларын арқау етіп, мектеп жасына балалардың дербес танымдық іс-әрекеті бала тұлғасын қалыптастыруда негізгі функцияларды орындайтынын зерделеген.
Дипломдық зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттей отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын қалыптастыруда ойын әрекеті өзекті деген қорытындыға келген.
Жұмыс екі үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр такырыпшаға сай іріктелген, зерттеулері жеткілікті.
Диплом жұмысын орындаушы тақырыпты толық ашуға әрекет еткен. Тұжырым, дәлелдемелері ғылыми негізде тиянақталған.
Зерттеу жұмысы дипломның талабына сай жазылған.