Дитерикс құрсауын салған кездегі мейіргерлік іс әрекетінің алгоритмі
Шымкент 2021
Жоғарғы медицина колледжі
Орындаған: Туреханова Ш.
Цикл атауы: Операциялық мейіргері қызметінің өзекті аспектілері
Кіріспе
Сүйектер мен буындардың зақымдануы мен ауруларында, олардың қозғалмауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғыларды шиналар деп атайды.
Дитерихс шинасы – ағаштан жасалған, ерекшелігі: жарақаттанған аяқты жақсы иммобилизациялап қана қоймай, сонымен қатар оны тартуға мүмкіндік береді. Бұл шинаны салуға тікелей көрсеткіш – сан сүйегінің, жамбас, тізе буындарының жарақаттары болып табылады. Шинаның 4 бөлігі бар: екі әр түрлі ұзындықты қозғалмалы планкалар, сыртқысы 171 см, ішкісі 146 см, ені 8 см және тақтайша табан және бауы бар таяқша тәрізді бұрауыш.
Аяққа арналған дистракционды шина (Дитерихса)
Аяққа арналған дистракционды шина (Дитерихса)
А – ұзын тақта– шина (бранша)
Б – қысқа тақта– шина
В – ағаш табан
Әрекет ету алгоритмі
1. Инструментарий мен жабдықтарды дайындау
Дитерихс шинасы
Мақта-дәкелі төсеулер
Стерильді перчаткалар
Щит
Ауырсынуды басатын препараттар
Инъекцияға арналған шприцтер
Инъекцияға арналған спирт пен мақта
Қолданылған материалдарға арналған пластикалық пакет
Науқасты дайындау
Науқасты жатқызыңыз және зақымдалған аяққа орташа физиологиялық жағдай беріңіз. Егер бұл мүмкін болмаса-аяқ-қол ең аз жарақат алатын позиция, ол үшін аяқ-қолды жамбас пен тізе буындарында сәл бүгіңіз, аяғы 90 градус бұрышта. Тақтаға жатқызыңыз.
Ауырсынуды басу
ТРАМАДОЛ 50-100 мг к\т, б\е, т\а немесе КЕТОНАЛ 10мг б\е