«Достық жыршысы» атты әдеби оқу өтті



Дата24.11.2022
өлшемі26 Kb.
#52268



«Достық жыршысы» атты әдеби оқу өтті.
№ 6 қалалық кітапхана қызметкерлері мен №№ 7, 235 орта мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Халық поэзиясының алыбы» атанған жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай «Достық жыршысы» атты әдеби оқу болып өтті.
Шараның негізгі өтілу мақсаты- ақынның шығармашылығын насихаттау, Жамбыл өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге баулу. Әдеби оқу барысында Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан слайд көрсетіліп, оқушылар ақын өмірінің әр кезеңінде жазған жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Әсіресе, К. Жарикова, А.Сивушкин, А.Хегай, Д. Гайнуллиналардың мәнерлеп оқыған жырлары көпшіліктің ойынан шықты. № 235 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- О. Құрманбаев екі ғасырдың куәсі болған Жамбылдың жырлары жөнінде зерделеп айтты. Кітапхана залында XX ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың әдеби мұрасын жинақтаған көрме ұйымдастырылып, оқырманның жүрегінен орын тапты. № 6 кітапхананың аға кітапханашысы- Р. Мақшатова оқушылардың ұлты өзге болғанымен, Жамбыл жырларын нақышына келтіріп, тебірене жырлағандарына жылы лебізін білдіріп, қорытындылады.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Ж. Жабаевтың мерейтойы жер-жерлерде аталып өтіліп, жалғасын табады деген сенімдеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет