Динамикалық жедел жад (Dynamic – RAM – DRAM) қазіргі кездегі көптеген компьютерлердің жедел жадында қолданылады.Осындай типті жадтың бағаналары өте жақын орналасқан, кішіғұрым микросхемада көптеген бит орнатуға болады, осындай тәсілмен көлемі үлкен жад құрастыруға болады.
Микросхемадағы DRAM жадтың бағаналары – бұл заряд ұстайтын кішкене конденсаторлар. Дәл осылай биттер кодталады. Осындай жадтың негізгі проблемасы динамикалық жағында: егер ол қалпына қайта келмесе, конденсатордағы электр заряды «ағып кетеді», мұндай жағдайда мәліметтер жоғалады. Қайта қалпына келтіру – жад системасының контроллеры қысқа үзіліс алғанда және жад микросхемасындағы жолақтар байқалғанда орындалады. Көптеген системалар қалпына келу жиілігі 15 мкс –қа тең жад контролерынен тұрады. Барлық мәліметтер жолағына ену үшін арнайы 128 циклді регенерациядан өту керек. Яғни, әрбір 1,92мс-та жадтағы барлық, жолақ оқылады.
Жадтың қайта қалпына келуі жүйелі блок жұмысының уақытын алады. Ескі компьютерлердың циклдік қайта қалпына келуі жүйелі блоктың 10%-ке дейін уақытын алады, ал қазіргі системалардың жиілігі 100 мегагерцке дейін жетеді.Ол жүйелі блоктың 1% -ке дейін уақытын алады. Кейбір системалар регенерация көрсеткішін орнатылған СМОS программасы арқылы өзгертуге болады, бірақ регенерация циклінің уақыты артқан сайын жадтағы заряд «ағып кетеді». Көптеген жағдайда регенерация жиілігінің көрсеткішін шамадан тыс арттырмаған жөн.
Қазіргі компьютерлерде регенерация шығыны 1%-ке тең, оның жиілігін өзгерту компьютер жұмысының бұзылуына әкеп соқтырады.Ең негізгі нұсқаларының бірі Setup BIOS көмегімен автоматты түрде өзгерткен жөн.
DRAM құрылғанда бір бит сақтау үшін бір транзистор мен қос конденсатор қолданылады. Қазіргі уақытта динамикалық жедел жад микросхемаларының көлемі 512 Мбайт және одан да көп. Ол бұндай микросхемалар 256 млн. Транзистордан тұратының білдіреді. Ал Pentium 4-тің 42 млн. транзисторы бар.
Транзистор – әр бірзарядты регистордағы DRAM коанденсаторды оқу үшін қажет. Егер зарядталған болса, онда бағанда «1» саны жазылады, егер зарядталмаса, «0» саны жазылады. Кішкентай конденсаторлардың заряды ағып кетеді, сондықтан жад қайта қалпына келіп отыруы қажет. Компьютерді аз уақыт ішінде тоқ көзінен айырғанның өзінде де, DRAM бағанындағы заряд жоғалады, ол мәліметтердің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Динамикалық жедел жад жеке компьютерлерде де қолданылады; бағасы қымбат болмаса да оның микросяемалары тығыз орналамады, бұл сақтау көлеміүлкен құрылғы, көп орын алмайтының білдіреді. Бір типті жад өзінің жылдам жұмысымен ерекшеленбейді, ол жүйелі блоктан баяу. Сондықтан, әр түрлі DRAM құрылғысы пайдаланылады.