Драмалық шығарманы талдаудың бірінші үлгісі І. Тақырыптық-идеялық талдау



Дата09.05.2023
өлшемі18,08 Kb.
#91365
Байланысты:
Драмалық шығ. талдау үлгісі


Драмалық шығарманы талдаудың бірінші үлгісі
І. Тақырыптық-идеялық талдау
1. Автор туралы мәлімет:
- өмірі мен шығармашылығы.
2. Тақырып:
- автор шығармашылығында берілген тақырыптың көрініс табуы (кезеңдері).
- драмалық шығарма тақырыбы.
3. Идеясы:
- шығарманың идеялық мазмұны.
4. Драмалық шығармадағы тартыс:
- тартыс түрі, кімдер арасында, т.б.
5. Шығарма атауына талдау жасау:
- шығарма атауының басты мазмұны мен мағынасы.
- образ / символ / таңба-белгі.
ІІ. Іс-әрекетті талдау
1. Негізгі жағдаяттарды талдау:
- ұсынылатын жағдаяттар: фактілер, оқиғалар, дәуір, іс-әрекеттің уақыты мен орны, интригалар, т.б.
- пьесада автор суреттеген кезеңге шолу жасау: тарихи, саяси, әлеуметтік контекст.
- аталған кезеңнің өнерде суреттелуі.
- әлеуметтік орта.
-кейіпкерлер.
ІІІ. Құрылымдық-композициялық талдау
-баяндау тәсілі
-автордың шығарманы актілерге бөлуі.
- оқиға орнының суреттелуі (кеңістіктік-мағыналық шешімдер).
- оқиға мезгілінің суреттелуі.
ІҮ. Мәтіндік талдау

  • баяндау тілі (өлең, проза, ән түрінде).

- персонаждар тілі (монолог, диалог, полилог, реплика) 


Драмалық шығарманы талдаудың екінші үлгісі

  1. Жазылу тарихы. Сахна тарихы. Сахнадағы қойылым.

  2. Жанрлық мазмұны мен түрі. Әлем бейнесін модельдеу принциптері (қайғылы, күлкілі, драмалық).

  3. Шығарманың композициялық құрылымы. Тартыстың түрі, оның дамуы, шешу әдістері

  4. Драмалық сюжеттік жағдай. Сахналық әрекеттің ассоциативтік негізі. Символика. Лейтмотивтер

  5. Драманың көркемдік уақыты мен кеңістігі, хронотопты ұйымдас-тыру принциптері. Интерьер. Экстерьер.

  6. Белгілі бір қарым-қатынасқа құралған кейіпкерлер жүйесі. Кейіпкерлер тілі. Диалогтар мен монологтар, репликалар. Авторлық ремаркалар.

  7. Қаламгер шешімі. Режиссер шешімі. Драмалық мәтіндегі әлем бейнесінің эстетикалық мазмұны туралы жалпы тұжырымдар.Драмалық туындыға қатысты айтылған сын-пікірлер.

  8. Көрерменнің қабылдауы. Оқырманның шығармаға деген көзқарасы (өзіндік пікір).

  9. Шығарманың жазушы шығармашылығындағы, әдебиет пен өнердегі рөлі мен орны.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет