Дєріс тезистері


Тәрбиеде  ӛнеге-үлгіні  сүйеніш  ету  принципі



Pdf көрінісі
бет131/294
Дата07.01.2022
өлшемі2.95 Mb.
#20622
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   294
Тәрбиеде  ӛнеге-үлгіні  сүйеніш  ету  принципі.  Егер  ӛз  тәрбиеленушісінен 
педагог  тырнақтай  да  жақсылық  нышанын  байқап,  оны  тәрбие  процесінде 
пайдаланатын  болса,  оның  шәкірт  жанына  жол  тауып,  тезірек  табысқа  жетуі 
сӛзсіз.  Дана педагогтер  тіпті,  тәрбиесі жетімсіз балалар  мінезінен  де ұнамды 
бітістер  тауып,  оларды  тәрбие  мақсатына  орай  басқа  да  қасиет-сапаларды 
қалыптастырып,  тұрақтандыруда  шеберлікпен  қолдана  алған.  Ұнамды  үлгі-
ӛнегелерді  сүйеніш  ету  принципінің  талаптары  қарапайым:  педагог  баланың 
ұнамды  мінез  бітісін  табады,  оны  пайдаланып,  басқа,  әлі  қалыптаспаған  не 
кері  кеткен  мінез  бітістерін  дамытады,  қажетті  деңгейге  жетілдіріп,  ӛзге 


 
152 
әрекет-қылық  сапаларымен  үйлестіреді.  Баланың  ұнамды  сапалары 
(жануарларға  мейірім,  тума  қайырымдылық,  ықыластылық,  жомарттық 
және.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уәдесіздік, ӛтірік айту, еріншектік және т.б.) 
бірге  жүреді.  Бірақ  түгелдей  «бұзық»  не  тума  «сүйкімді»  бала  болмайды. 
Адамдағы  болымды  қасиеттерді  молынша  кӛбейтіп,  кері  сапаларды 
мүмкіндігінше азайту - тұлғаны ізгілендіру жолындағы тәрбие қолынан келер 
маңызды міндет.  
  
Тәрбиеші қызметі табысты болып, тез әрі ұнамды нәтижеге жетуі үшін, 
ол келесі ережелерді ұстануы қажет:  
1.Тәрбие  процесінде  дау-дамайға,  тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші  арасындағы 
қайшылыққа,  күш  және  кӛзқарас  тайталасына  жол  бермеу  міндетті.  Тек 
қызметтестік,  ымырашылдық  пен  шыдамдылық  және  бала  тағдырына 
мүсіркей араласумен ғана ұнамды нәтижелерге жету мүмкін.  
2.Бала  қылық-әрекетіндегі  тек  олқылықтар  мен  кемшіліктерге  ғана  назар 
аудара  беру  қателік.  Әрдайым  жақсы  нышандарды  тауып,  қолдау  шарт, 
әлбетте,  келеңсіз  сапаларды  түзету  қажет.  Дегенмен,  мүмкін  болғанша, 
алдымен ұнамды қасиеттерді анықтап, қажет болса қалыптастырып, одан әрі 
оларды жетілдіре түсу тиімді.  
3.Педагогикалық  тұрғыдан  тәрбиеленушілердің  ұнамды  қызығулары  мен 
бейімділіктеріне 
(танымдақ, 
эстетикалық, 
табиғат, 
жануарларға 
қайырымдылық  және  т.б)  арқа  сүйеген  тиімділеу,  олардың  жәрдемімен 
кӛптеген еңбек, имандылық, эстетикалық тәрбие міндеттерін шешуге болады. 
Ұнамды  үлгі-ӛнегені  пайдалану  принципі  тәрбие  процесінің  табиғатына 
берілген жетекші ӛзекті таба білуге байланысты. Әр нақты жағдайға орай осы 
ӛзекті  табу-бала  тәрбиесі  жолында  жанпидалыққа  түскен  қай  педагогтің  де 
қолынан келетін іс.  
4.Ұнамды  тәрбие  аясын  (фон)  түзу-ӛнеге  пайдалану  принципінің  және  бір 
шарты.  Бұл  -  тәрбиеленушілердің  тіршілік,  іс-әрекет  ауқымы  мен  тәрбиелік 
қатынастар  стилі.  Байыпты,  іскерлік  жағдай  жасалып,  әркім  ӛз  ісімен 
шұғылданып,  басқаларға  кедергі  болмаса,  еңбектену  мен  тынығу  жоғары 
дәрежеде  ұйымдастырылса,  «қабырға  да  кӛмектесіп»  дегендей  сергек  те 
сенімді  алға  ілгерілеу  болады.  Жұмыс  орнының  барша  қолайлылықтары 
алдын  ала  ойластырылып,  үйлесімді  әрекеттер  мен  бірдің  екіншіге  болған 
қамқорлығы сезілсе, мұның бәрі қызмет бабындағы адамға ұнамды әсер етпей 
қоймайды.  
5. Қателіктерінен үздіксіз кері әсерге ұшыраған бала ӛзіне, ӛз күш-қуаты мен 
мүмкіндіктеріне  сенуден  қалады.  Тәжірибелі  педагогтер  ғұлама  Гомерден 
қалған  «Мадақ  бар  жерде,  Жаратқан  мен  сәби  жүреді»  деген  қанатты  ойды 
ұстанып,  балаға  деген  жылы,  қолдау  лебізін  бір  де  аямайды,  болашақтағы 
жетістіктері үшін де алдын ала мақтауға жомарт келеді. Олар баланың жақсы 
қылығын күні бұрын жобалап, оның нәтижелі боларына баланы сендіреді, ӛз 
шәкірттерін қызметтес жолдасына айналдырып, қателескен жерінде қол ұшын 
береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   294




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет