Әбдіда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі



Дата04.11.2022
өлшемі26,54 Kb.
#47581

Әдебиеттік оқу пәнінде шығарманы сатылай талдау үлгісін көрсетіңіз. Әдебиеттік оқу пәнін пайдаланыңыз.
Әбдіда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.

1.Автор:Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді. Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан жазушылар одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді.


2.Тақырыбы: Бұл ертегінің тақырыбы еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, ел үшін еңбек етуді үйрету.
3.Жанр түрі-шағын көлемді эпикалық жанр түрі-ертегі.
4.Идеясы: Бұл ертегінің идеясы-ел үшін, отан үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек, ниет.
5.Шумақ: 40 шумақтан тұрады.
6.Тармақ: 234 тармақты.
7.Бунақ: Бунақ саны-2.
8.Буын саны: 7-8 буынды.
9.Ұйқас түрі: Аралас өлең ұйқасымен (а,а,б,в,в,б) жазылған.
10.Ертегінің композициялық құрылымы:
10.1Сюжеттің басталуы: Саржан атты мергеннің ұлды болуы.
10.2.Сюжеттің дамуы:Толағайдың ер жетуі.
10.3.Шиеленісуі:Толағайдың халқын ойлап күйзелуі.
10.4.Шарықтау шегі:Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп, жаңбыр жауғызуы.
10.5.Шешімі:Толағай-елі үшін құрбан болды.
11.Әдеби-теориялық ұғымдар:
Теңеу-ақ маралдай, туған айдай екі қасы, ақ тістері ақ меруерттей,
қос жұлдыздай көз жанары, жанған өрттей, көбелектей от айналған, аждаһадай аузын ашқан, тал шыбықтай майыстырып, көк теңіздей көк шалғыны.
Эпитет- ақша беті айменен тең, кере қарсы, ақша маңдай, мөлдір су, көк құрақ.
Кейіптеу-кеудесімен бұлт бөгеген, маңдайынан тер көл боп ақты, түн қап-қара шашын жайды.
12.Сөздікпен жұмысы:
отыз күндік мереке-ұзақ уақыт тойлау,
жай оты-найзағай,
сұсы басты-айбатынан сескенді,
еткен еңбек желге ұшты-зая кетті,
егілмеген-жыламаған.
13.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Толағайдың елге деген жанаршылығы мен еліне деген сүйіспеншілігі арқылы ерлік, батырлықты дәріптеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет