Sauap.org
1
Әбіш КЕКІЛБАЕВ
ШЫҢЫРАУ
Повесть
Sauap.org
2
Еңсеп ол күні бұл зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ. Шай
ішіп шықты да ыстық қайта, құдықтың басына келді. Серіктері шайланып
болғанша айналада шашырап жатқан шеген тастарды кӛрді. Ернек шың бұл
арадан үш қонып тӛртінші түнемелікке әзер жететін жерде. Одан беріде тас
баласы табылмайды. Жылмиған қара сұр жазық. Байсал бай жайлауға
кӛшкенде қиялама ат жолдан шығады. Ернек асқан соң, екі түнемелікте суат
бар да, үшінші түнемелік, құламаның құла түзі, малды да, кӛшті де әбден
болдыртып тастайды. Нағыз қоңыр бұйра кең ӛріс суат жоқтықтан қысырап
жатыр. Ӛткен жазда қырқым ӛте Байсал бай Еңсепке құдық қазып бер деп
қолқа салған-ды. Ол шыңырауды дәл осы арадан, ала қырдың үстінде оқшау
қылауытқан тастақ жүлгенің терістігінен қазатын болды. Бір-екі ақсақал
тастақ жыраның құбыла бет құйрығын қалай кӛріп еді, оған Еңсеп ӛзі ыңғай
берген жоқ. Сонша қыңыр тартуында бір мән бар. Бірақ оны әзір жан
баласына тісінен шығармақшы емес. Шет жағасын ертең Байсал байға
шыңырау біткен той үстінде айтпақ.
Шеген тастардың бірсыпырасы түсіпті. Әрқайсысы алып тоқаш сияқты;
қалыңдығы қарыс жарым да, биіктігі кез жарым. Бұндай тасты сонау үш
күндік жердегі құлама ернектен тасып әкелудің ӛзі күш. Ол үшін белді-белді
нарды кәтептеп, ауыттап қомдайды да, екі жағына бір-бір шеген тас сыйып
кететін екі үлкен кебеже теңдейді. Оған нардың нары ғана шыдайды, анада
зауза айында, жабағы жүнді ернектің астында қырыққан Байсал бай Жем
бойына кӛшіп ӛткен-ді. Жол жӛнекей бұның қосының қасына бір күн қонды.
Сонда Еңсеп Байсал байдың келе-келе түйелерін аралап жүріп, тас тасытуға
осы шыдайды-ау деген он бес нарды ӛзі таңдап алып қалып еді. Қазір соны
жеті-жетіден кезек аттандырып тұр.
Жылмиған үстірт айнала ақ шың ернекке тіреліп таусылады. Сол
ернектің бір ұшпа аңғарында інісі Теңсел тас кесіп жатыр. Таудан арамен
кесіліп алынған сандық тастар ернектің үстіне шығарылады. Кескенге
жұмсақ болғанымен, жел мен суға берік сар кемік тастың ортасын ойып, шыр
айнала қырнап, тоқаштан аударып алғысыз тығырық кейіпке келтіреді.
Ернектен алыстаған сайын жердің топырағы қалыңдап, астындағы кӛл-кӛсір
таудың кӛк тас қабаты тереңдей түседі. Осы жолы бұл кӛк тасқа он кісі бойы
жер қазып зорға жетті. Мұнша жерді шегендеу үшін қыруар тас керек. Сегіз
нарды енді бір мәртебе жіберіп алса, жетіп қалар түрі бар.
Еңсеп тастарды кӛріп шыққан соң, құдықтың түбінен алынған кӛк
қиыршықтың үстіне құйрығын басып жүрелеп отырды. Мойнына күміс
шынжырлап тағып қойған ақ мүйіз шақшасын алып, бас бармағының басына
насыбай үйді. Сосын екі танауына кезек-кезек тосып еді, ащы кӛк бұйра
кеңсірігін дуылдатып, таңқ-таңқ түшкіріп жіберді. Күшті насыбайдан кӛзіне
ыршып шыққан жасты жалаңаш білегімен сүйкеп тастады да, астындағы кӛк
қиыршақтың бір уысын кӛсіп алып, алақанына жазып қарады. Құдық түбінен
Sauap.org
3
бұдан бір шай ішім бұрын шыққан, кӛк қиыршақ тас мынандай шыжып
тұрған талма түсте түгел кеуіп үлгермепті, әлі дымқыл. Су я бүгін, я ертең
түске дейін шығып қалар түрі бар. Жалаңаш иығын күн шағып барады.
Құдықтан екі аттам жердегі киіз үйден гу-гу дыбыс шығады. Жігіттердің
шамалыда шайланып шыға қоятын түрлері кӛрінбейді. «Ау, болсаңдаршы», -
деп айқайлап қойды. Шай ішіп бусанып шыққан жігіттер қасына кеп насыбай
атысты. Соңыра салқын түсе, ел қыстауға қайтып келе жатқанда, Байсал бай
құдық байғазы тойын қай жерде ӛткізетінін айтып таласты. Атақты байдың
тойында жүлдеге түсетін жүйріктер мен палуандарды санасты. Байсал
байдың бәйгеге не тігетініне сырттай тон пішті. Үстірттің үстіндегі ең терең,
ең ӛрісі мол шыңырау осы болмақ. Шығыр тартқанда қара атан қазірдің
ӛзінде екі жүз қадамнан асып қайтып жүр. Кешеден бері құдықтан шыққан
топырақтың қиыршығы азайып, жентек-жентек саз ұшыраса бастады.
Суының тұщы болуы да ғажап емес. Енді Еңсеп сол туырлық сазды түгел
ойып біткенде, ар жағынан балдай тәтті тұщы су тесіп шықса, Байсал бай
ханға сәлем берер ме. Аман болса, бүкіл ала қырдың үстіндегі жалпақ ел бұл
шыңырауға кӛзін сүзіп ӛтеді. Байсал бай дәулетін осы жолы тӛкпегенде
қайда тӛгеді. Айдыны асқан жерде аямай сілтеп қалатын шығар!
Еңсеп жігіттердің кеу-кеу әңгімесіне араласқан жоқ. Балағын түріп,
тізесінің үстіне шығыршықтап түйіп алды. Сосын құдықшыларға тігілген екі
үйге қарады. Қырдағы кәсіпқордың қанша мал тапса да, үзігі бозармайтын
құрым шатпасы. Азын-аулақ тұяқ пен бала-шаға ауыз судың басында.
Оларды кӛрмегеніне де біраз болып барады. Бір жылдан бері осы бір қызыл
тӛмпектің маңынан шықпады. Тек сонау суық кӛктемде, мал тӛлдеп
жатқанда, азғантай шаруасының күйін ӛз кӛзімен бір керіп шыққалы қатын-
баласына барып қайтқан. Мынау екі үйде ӛңшең еркек. Ас пісіріп беретін,
үйге ие болатын екі бала жігіт бұлар құдық қазып жатқанда ауыз суға кетеді.
Қазір күн ауа екі атанды қомдап, метейлерді теңдеп, таңдайларына қойдың
кӛкше құртын басып, күн ӛтіп кетпесін деп, бастарына шекпен бүркеніп
жолға шығады да, ертең күн ыси қайтып оралады. Осындай кӛші-қонды күйкі
тірлікте жүретін құдықшы ауылда не сән, не салтанат болсын. Ала қырдан су
іздеп, құдық қазуды ата кәсіп қылып алатын Қараш әулеті бесіктен белі
шықпай жатып еститіні мазақ: «Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті
үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас,
шӛккен түйеге міне алмас!..» Қараш пақырға әйтеуір тамақ іше алмас
демеген-деріне де шүкірлік. Бірақ Байсал байдың ернекте жайлайтын ерке
інісі. Ӛтеске: «Күн ысып кетті, сауынға бір-екі түйе берсін», - деп кісі
жіберсе: «Қараштың қарнына қара кӛжеден басқа ас тұрушы ма еді», - деп
келеке қып қайтарыпты. Әдетте, етікші мен ұстаның байқатпай шаптан
тістейтін шақпа тілі болады. Құдықшыда о да жоқ. Болғанда да жеті қат
жердің астындағы оның сӛзін кім естиді?
Sauap.org
4
Еңсеп шырт түкіріп қойды. Оның әлденеге томсырайып отырғанын
кӛрген жігіттер кеу-кеу әңгімеден тыйылып, тоқырасып қалыпты. Ол
орнынан тұрды. Сосын анадай жерде шӛгерулі жатқан шығыр тартып жүрген
қара атанды меңзеді.
- Ана бейшара да шӛп үзсін, тұсап жібере тұрыңдаршы!
Жігіттердің біреуі қара атанның шығыр арқанын шешіп, тұрғызып,
тұсап қоя берді. Еңсеп беліне қыл арқан байлап құдыққа беттеді. Тӛрт-бес
жігіт қатарласып, қыл арқаннан ұстады. Құдықтың ішіне үңілсең, басың
айналады - саңылауы жоқ қара түнек. Еңсеп ыссыдан ӛңін жоғалтып алған
күлгін аспанға қарады; сосын құдықтың ішіне аяғын салбыратып сыз
қабырғадан тесіп жасаған теппеге башпайын тіреді. Манадан бері күн
қыздырып тастаған бақайы мұздап қоя берді. Кеңірдегін созып қарап еді,
құдықтан шыққан сұрғылт тӛмпешіктердің ар жағында екі құрым күрке
қарауытты. Арқаннан ұстап, құдыққа тӛніп-тӛніп тұрған жігіттердің әбден
күнге шыжғырылған қап-қара сирақтарын кӛрді. Жаңа ғана айнала сағым
шалып жатқан кӛл-кӛсір кӛкжиек енді қара сирақтардың ара-арасынан қылт-
қылт жылтырайды. Қыл арқаннан шірене тартып тағы бір теппе тӛмен түсті.
Жігіттердің қайыс қара жүзінде моншақтап тер шығыпты. Бәрі де түу сонау
зымыранға түсіп бара жатқан бұған телміре қарайды. Шалқар дария кең
аспан шара табақтай боп құдықтың аузына тӛңкеріле қалды. Сыз құдықтың
салқын лебі енді шындап сезілді. Тершіп тұрған жауырыны оқыс мұздап,
тұла бойы түршігіп кеткендей болды. Тағы да тӛмендей берді. Құдықтың
ішіне кесе-кӛлденең түскен күн сәулесі түу сонау тӛбеде. Маңайының бәрі
бозғыл, бұлыңғыр тартты. Жарықтың бәрі жоғарыға серпіліп, дәл құдықтың
аузына мұнардай ұйысып тұрып алыпты. Сыз лебі манағыдай емес, күшейе
түсті. Тӛмендеген сайын бақайы қарылып, қатырып барады. Әдетте, жоғары
шыққанда бір теппе биіктеген сайын кӛңілің ӛсіп сала береді.
Кӛзін құдықта ашса да, жер астына әр түскен сайын бір жас
қартайғандай болады. Аяғының астында, сонау кӛзге түртсе кӛрінбес қара
түнекте, ол ӛмірі кӛрмеген бір дүлей аранын ашып, тісін сақ-сақ қайрап
тұрғандай ту сыртына мұздай тер шығады. Қашан аяғы жерге тірелгенше
тӛменге бір қарамайды, кӛзі кӛкте болып, жаңа ғана артында қалған жарық
әлемнің сонау бір алақандай жұрнағына телмірумен болады. О да барған
сайын кішірейе түседі. Құдықтың аузындағы жігіттер шыңыраудың түбіне
бір тал шаштай боп, сымша тартылып созыла түскен жіп-жіңішке қыл
арқанның ұшына жармасып тырбаң-тырбаң етеді. Топырақ таусылып кӛк
тасқа жетті. Тӛңірегіндегі жаңағы бір қара кӛлеңке бұлыңғыр жарық та
сарқылды. Қара да емес, қоңыр да емес, жым-жылас тас түнек. Бұл сырттан
түскендіктен, әлі кӛз үйренбегендіктен. Әйтпесе қазір-ақ айналасын айқын
кӛре алмағанмен түксиген тас қабырғаларды еміс-еміс ажыратуға болады.
Құдықтың ауыз жағы қылдырықтанып жіңішкере түсті. Ауыздағы
Sauap.org
5
адамдардың жобасы жоғалып, әлдеқандай қара ноқаттар қылауытады. Екі
жүз қадам жердің асты...
Күнде-күнде шығып-түсіп, теппелер әбден жатталып қалған. Осы түс-ау
деп аяғын тіреген жері теппе боп шығады. Ишекке-ай... Табанынан ӛткен
суық шекесін тесіп барады. Қыс болса, сыртта қара ӛкпек соғып, қар суырып
тұрғанда мына шұңқырдың ішінде буы бұрқырап, денесі жайылып отырар
еді. Қазір сыртта шыжыған шілде тамыз. Мынау кӛрдің іші үскіріп тұрған ақ
боран. Шиыршық атқан қыл арқан емшек тұсына, екі бұғанасына қыз-қыз
батып күйдіріп барады. ...Міне, жетті-ау ақыры! Еңсеп кӛзін тарс жұмып ұзақ
тұрып қалды. Біраздан соң қайта ашты. Жан-жағынан түксиген қара сұр
қабырғалар қарауытады. Жалма-жан беліндегі арқанды шешті. Сосын
арқанды қағып жоғарыдағыларға белгі берді. Қыл арқан қайтадан кӛкке
кӛтерілді. Шелтеңдеген ұшы кӛкірек тұсынан сипап ӛтіп еді, тікендей тиді.
Әлгінде ғана екі жүз құлаштан астам түксиген сүр қара тас, мелшиген
меңіреу қара жердің астындағы оны еріктерімен, жер үстіндегі жарқыраған
тірлікпен, мұп-мұздай сұп-сұр қабырғаларды шыжыған шаңқай түстегі
күннің оттай ыстық нұрымен байланыстырып тұрған қыл арқан енді жеті
қабат жердің астына жаңғыз тастап, ӛзі сонау иненің жасуындай сығырайма
тесікке, жарық дүниеге қарай жаныға ӛрмелеп барады.
Кенет кӛз ұшында сығырая жылтыраған жаңғыз саңылау да бітеліп
қалды. Алыстан болса да атой беріп, емексітіп тұрған жарық дүние жым-
жылас ғайып болды. Еңсеп жан-жағынан анталап тұрған сыз қабырғаларды
бәрібір кӛріп отыр. Қатпар-қатпарға тығылған үрейлі кӛлеңкелер қазір тұтаса
ұйысып, меңіреу қараңғыға айналыпты. Табанын қарыған суық шекесінен
ӛтіп барады. Башпайларының да быртиып-быртиып ісіп кеткен түрі бар. Кӛп
ұзамай ту жоғарыдағы ұйлыққан тұтас қою түнек қайта жыртылды. Қол
басындай қап-қара бірдеңе тӛмен зулап келеді. Жарқ ете қалған жабағы нұр
шашырай сынып, зулап келе жатқан жұдырықтай қараның жан-жағынан
жапа-тармағай шарпып жатыр. Бұл - құдықтың ауыз жағындағы жарық. Ол
мына тұңғиыққа жете алмай орта жолда ӛлеусіреп жоғалады. Еңсеп
құдықтың аузын қара кӛлеңке кӛмген сайын қорқып қалады: ол қазынды
топырақты сыртқа шығаратын емен күбішелек пе, әлде сырттан домалап
кеткен кесек пе, жоқ жер астында зарығып жалғыз отырған құдықшының
онсыз да ойнақшумен болатын үркек жүрегін тас тӛбесіне шығаратын тағы
бір кӛлденең кесепат па, қашан қасына жетіп, қолымен ұстағанша сенбей,
кӛктен кӛзін алмайды.
Сӛйтсе, әлгі қараңдап түсіп келе жатқан сыртқа топырақ шығаратын, қос
құлақты емен күбі болып шықты. Ішіне мұның жылы кӛкірекшесін,
құлынның жарғағынан қонышы қара санына жеткізіп тігілген саптама етігін
салыпты. Құдықтың ішіне түсерде қиын болады деп, киімін бӛлек жібереді.
Sauap.org
6
Дірдектеп тұрған денесіне жылы киім майдай жақты. Жан-жағынан аш
қасқырдай анталаған үрей де кейін серпілгендей болды. Қолына шапқысын
ұстап, түксиген сыз қабырғаны сипады. Шып-шып тершіп, су шығып тұрған
ештеңесі жоқ. Бірақ қиыршақ тастар тіптен былбырап кетіпті. Жентек саз
таусылыпты. Ащы ма екен, тұщы ма екен? Сыз қабыршақты ерніне тигізе-
тигізе дәмін ажыратудан да қалып барады. Оның қолы қырық қайтара істеп
әбден дағдыланып қалған үйреншікті жұмысқа кірісуі мұң екен, кӛңіліне
қырық қайтара ойлап, қырық қайтара есіне алған, бірақ ойлаған сайын
тереңдей түсетін тұңғиық ойлар қайта оралады. Құдықшының қыран-топан
қызыққа белшеден батқан берекелі ӛмірі жоқ. Түксиген сыз қабырғалар мен
су қиыршық топырақтан басқа, екі иінінен аждаһадай айқара басқан кӛр-
қараңғыдан басқа кӛргені де шамалы. Бірақ оның осы қара кӛр қуыс пен бір
шӛкім сұрқай ӛмірінен бӛгде ойлайтын да ештеңесі жоқ еді. Тыным тауып
отыра алмайтын күс-күс қолы сыз қабыршақтарды үңгіп, жер астының
қатпар-қатпарынан су іздеуге кіріскенде, мынау мимырт жұмыстан зерігіп
кеткен кӛңілі ӛз ӛмірінің азын-аулақ қалқа-қалтарыстарын тінткілей
жӛнеледі.
II
Тағы да сонау жер бетіндегі жарық дүниеде алшаң басып жүрген
күндері, мынандай қара кӛр жер астынан атымен бейхабар кездегі аз ғана
қызықты дәурені еске түседі. Неге екенін білмейді, жасы ұлғайған сайын сол
бір қас қағым келте дәурен есіне тым жиі оралып, кӛз алдына дәл осы қазір
кӛріп отырғандай бәрі сайрап, ап-айқын елестейтін болып жүр. Әсіресе
әлденеге алаң боп, жүрегі ойнақшыған сәттерде ӛткен-кеткен жадына
оралғанда, шиыршық атып шамырыққан жүйкесі бір түрлі ӛз-ӛзінен
жұмсарып сала беретіндей кӛрінеді. Ал бүгін кеп кӛксеп отырған сол аз ғана
қызық дәуренінде, тап осы күндерім ертең арман болар деп тіпті де ойлаған
емес-ті. Табаны жарық-жарық қара бала әуелі ортасына үңгіп қорғасын
құйған құлжаның сақасы қолыма түссе деп армандады. Құлжа қолына
түскенмен о да ӛткінші ӛмірдің ӛзге қызықтарындай кӛп тұрақтамады. Ол
хан талапай ойнап, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ боп жүргенде осы бүгін
ұтсаң, ертең ұтылатын ит жығыс ойын тек асықпен тынбай, бүкіл ғұмырына
кететінін білген жоқ-ты. Ышқырын толтырып асық ұтып әкелген күндері
кӛңілі жер-кӛкке сыймай күпсіп жүретін-ді. Нелер тәтті қиялдар мен
армандар да тап сондай күндері есіне түсетін. Ол ең әуелі осы ӛңірдегі ең
ӛктем адам Бигелді болыстай болғысы келді. Астында кӛк жона тоқым, күміс
бас ер, кӛк мойнақ арғымақ; қолында - ӛзегіне күміс құйған, сабына алтын
әшекей жүгірткен шашақты тӛрт ӛрме қамшы; артында - әр ауылдың
пысықайлары. Байға қонып, мырзаға түстеніп, ел аралайды. Ел үсті жүрістен
жалыққанда қасына қарулы екі-үш жігіт ертіп, аң аулайды. Айдалада
сайранды сала-сала құмарынан шыққанда, серіктерін ауылға қайтарады да,
жол-жӛнекей шаруа кӛріп қайтатын боп, теліген қайныларына бармай,
Sauap.org
7
болыстың панасынан дәметіп, жалғыз тұратын жесір келіншек, керме қас
Жаңылдың үйіне түседі; сұлу әйел шынашағын шошайтып құйған қан күрең
шайды ішіп, құс тӛсекте қарнын сипап, рақаттанып жатады. Еңсеп ол кезде
ӛзі ер жеткенше керме қас Жаңылдың қартайып кететінін білмейтін еді.
Еңсеп келе-келе Бигелдінің де соңына сӛз еріп, түсіп қалғанын кӛрді.
Оны болыстықтан құлатқан кӛзі тұздай, жирен сақал Шоңмұрын би еді. Ақ
кӛйлегінің жайдақ жағасын ашып салып, ылғи быршып терлейді де жүреді.
Шүңірек кӛк кӛзінің шалғайына саулаған ащы терді шынашағымен қағып
жіберіп, қайқақ тӛсіне тӛгіле құлаған жирен сақалды бір сипап қойып, есіліп
сӛйлеп отырады. Оның соңында да - айғыр топ қошаметші. Оның да еститіні
- тек қолпаш. Қара бала қайта осы Шоңмұрындай болсам тіптен қатып кетер
ме еді деп те ойлайды. Әйтеуір ол әркімдер әлімжеттік жасай беретін тілік
табан, жалақ бет қара бала күйінде қалып қойғысы келмейді. Ал енді
ауылдың шетіне оқшау қонып ап, артқы үзігін ескі жабумен жамап, алдыңғы
үзігіне алаша сырыған қырық құрау құрым үйдің оң жағына кӛрік құрып,
шыжыған шілдеде сексеуілдің шоғына шыжғырылып отыратын әкесі
Құлжандай болудан ат-тонын ала қашады. Құлжанды қазанының түбі
тесілген, шәйнегінің шүмегі ұшқан кӛрші әйелдер «қайнағалағанмен» қалған
жұрт сыртынан ылғи кекеп, мошқап жүреді. «Қырсық Құлжан» атанған
әкесінің ел кӛзіне неге сонша сүйелдей қадалатынына қара бала еш
түсінбейді. Әкесінің ӛзінен сұрауға батылы бармайды. Мойны ішіне кірген
ала кӛз әкесі лып-лып жанған сексеуілдің шоғына темір ұстап, бір қолымен
кӛрікті басып, күні бойы ұсталық құрады. Үй ішінде ешкімге жақ ашпайды.
Анасына айтатыны да: «Шайың қайнады ма?», «Ананы алып берші!» сияқты
келте сауалдар мен келте бұйрықтар. Еңсеп әкесінің біреумен кер-мәр
сӛйлесіп жатқанын әлі кӛрген емес, бірақ пәленшекеңді, түгеншекең сӛзден
жығып кетіпті дегенді талай естіген. «Қырсық Құлжан» аталуы да сол жӛн
сӛйлемей, қасақана бұра тартып отыратын қырыс мінезінен болса керек.
Қалған Қараштың бәрі құдық қазып жүргенде жаңғыз ӛзі темір соғып ұста
боп кетуі де сол қырсықтығы шығар.
Ешкімге жылы шырай, оң қабағы жоқ Құлжаннан балалары қатты
айбынады. Ол ләм-мим тіл де қатпайды, ақыл да айтпайды, ешқайда,
ештеңеге жұмсамайды да, тек кӛзінің астымен сынап-мінеп қарап отырады.
Содан ба, балалары анасының айтқанын қалт етпей, лыпып тұрады. Еңсеп он
беске енді іліккенде әкесі қыл тамақ болып, бір жыл бойы қақ тӛрде қара ала
алашаның үстінде жатты да қойды. Ем-дом жасамақшы болып келген бақсы-
балгерді: «Жәрмеңкеге барып, сатып алған жаным жоқ, мырзасып берген
құдай сараңдығы ұстаса қайтып-ақ алсын» деп қасарысып, маңына
жуытпайды.
Бір күні пәлен айдан бері нәр татпаған әкесі үй ішінің де тамағынан ас
жүргізбей, аңқа-саңқа сүйегін сылдыратып, жата беруден әбден жалығып,
Sauap.org
8
ызаға мінді. Анасына тӛрде ілулі тұрған бес ӛрме қамшыны алып бер деді;
сосын оң жақта жүктің астындағы қобдидан пышағын таптырып алды.
Ӛзегіне қорғасын құйып ӛрген қамшының күлте шашағын типылдап қырқып
тастады. Жылмаңдатып майлады. Үй іші оның не істейін деп отырғанын біле
алмай аң-таң, ешбірінде үн жоқ. Әкесі қамшыны майлаған соң қымыз
сұрады. Сары тостағанға құйылған ащы қымызға қамшыны малып біраз
уақыт отырды. Ерні жыбырлап, ӛлденені күбірледі. Селдір шоқша сақалын
кӛкке кӛтеріп, әнтек шалқайды. «Біссіміллә»... Қапелімде қалтырап кеткен
қолын күшпен басып, қымыздың ішіндегі қамшыны суырып ап кӛмейіне
тықты. Ӛне бойы май-май, талай аттың ащы тері сіңген қара қамшы оқ
жыландай жылжып кӛмейіне кіріп барады. Есінен айрылып, сылдырап қалған
арық қол тастай қатып жабысып алыпты, қалш-қалш етіп, итере түседі.
Қамшы бірте-бірте қысқара түсті. Арық қол сонда да итере берді. Терісі
қалталанып, шілмиген арық мойыннан безіне шыққан жұдырықтай ӛндіршек
бүлк-бүлк етеді. Қамшының сағағындағы темір сақина тіске тиіп сарт ете
қалды. Әкесінің әбден ӛрінен айрылған қу шӛлмектей аппақ бетіне жаны
қарқараға кеп қысылғанда да қан жүгірмеді, бір түрлі күлгін кӛгіс тартты. Бір
қолымен қамшының сабынан ұстап тұрды да, екінші қолымен кӛкірегін
басты. Аузындағы қамшыны қыршып жібе-рердей, тістеніп алды. Кӛгіс
маңдайынан бұршақ- бұршақ аппақ тер кӛрінді. Сосын қамшыны кері
суырды, омырауын қан жуып кетті. Манадан бері дымдары ішінде боп,
әкесінен кӛз алмай тұрған балалар тап осы арада шыдай алмай, ӛкіріп-ӛкіріп
есіктен ата жӛнелді. Анасы даусын шығаруға зекіп тастай ма деп сескеніп,
кӛзінен ыршып кеткен жасты жаулығының ұшымен жасқап, қанға батып
жатқан күйеуіне шылапшын тосты.
Әкесі содан қайтып оңалмады. Аттың ащы теріне әбден піскен
қамшымен жарса да, тамағынан ас ӛтпеді. Ми қайнатқан ыстық басталды.
Дені сау адамның ӛзі жанын қоярға жер таппады. Әкесін шӛл шыдатпады,
шыжыған шілденің қақ ортасында кӛз жұмды. Ӛлерінде әйелін, балаларын
қасына шақырды. Әлсіреген солғын дауыс еміс-еміс естіледі.
- Ал, балаларым, кетіп барам. Артында дәулет қалдырмады деп,
әкелеріңе ӛкпелемессіңдер. Қара жер орнында тұрса, тышқан мен Қараш
Достарыңызбен бөлісу: |