ӘДілетті мемлекет. Біртұтас ұЛТ. Берекелі қОҒам құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері!



бет1/4
Дата13.02.2023
өлшемі49,51 Kb.
#67399
  1   2   3   4
Байланысты:
Жолдау 2022 01.09


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
1.09.2022





ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
Құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес, VII шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын. 
Құрметті депутаттар!
Баршаңызды Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын!
Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық.
Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады.
Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды.
Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.
Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз.
Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. 
Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді.
Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады.
Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. 
Бірақ халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды.
Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады.
Енді реформалардың нақты бағдарларына тоқталайын.
БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз.
Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. 
Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз.
Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ.
Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ оны шешудің нақты жолдары бар.
Екінші. Экономиканы одан ары монополиясыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдау қажет.
«Конгломерат» ұғымын заң жүзінде айқындап алған жөн.
Нарықтың өзара байланысты субъектілері экономикалық әлеуетін бір жерге шоғырландыру үшін рұқсат алуға міндетті.
Олардың барлық мәмілесін, соның ішінде нарыққа тән емес бағаларды қолдану белгілері бойынша жасалған келісімдерін де мұқият тексеру керек. 
Бірыңғай операторлардың қызметі нарықтық экономиканы дамытуға кері әсер етеді. Сондықтан бұл институтты ретке келтірген жөн. 
Қазір жұмыс істеп тұрған операторларды бәсекелі ортаға беру қажет немесе монополист деп танып, қызметін монополияға қарсы арнаулы құқық аясында реттеу керек.
Үшінші. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты.
Фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді.
Ол үшін экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшкен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет