Егер мен педагог болсам…



Дата03.12.2023
өлшемі17,15 Kb.
#133680
Байланысты:
Асылхан Назерке эссе


Егер мен педагог болсам…
Біз өз болашағымызды болжай алмаймыз, алайда әрқайсымыз үшін қандай мамандық иесі болғымыз келетінін таңдау керек сәт келеді. Менің де алдымнан осы таңдау шыққан сәтте, мен бірден педагог боламын деп шештім. Ең алдымен педагог болу менің бала арманым, екіншіден мен балалармен тез тіл табыса аламын. Мүмкін содан мен ойланбастан «мұғалім боламын» деп шештім.
Қандай да бір мамандық иесі болмасын барлығы ұстаздың алдынан өтеді. Ұстаздар – қоғамымыздың ең маңызды тіректерінің бірі. Науқастарын емдейтін дәрігер, ғимарат салатын инженер, сол сияқты білімді қоғам құруда да ұстаздардың рөлі өте зор.
Егер мен педагог болатын болсам, ең алдымен оқушыларымды тәртіпке, тәрбиелікке үйрететін едім, ертеңгі күні өз қолында екенін ұқтырып, адамгершілігі мол, сыйластық, сүйіспеншілік, түсіністік танытатын оқушылар тобын тәрбиелегім келеді және шәкірттерім ертеңгі күннің абзал азаматы болатынын естігім келеді. Менің осы ойыма Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші, білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі түрткі болды. Әл-Фарабидің осы сөзін өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде қолданамын. Екіншіден, мен оқушыларыма ұстаз емес, дос болатын едім. Өйткені, әр оқушы өзін менің жанымда еркін ұстап, ойын анық жеткізуі мен үшін өте маңызды. Үшіншіден, сабақты қызықты әрі көңілді өткізіп оқушылардың сабаққа назарын арттыратын едім. Мен оқушыларыма кез-келген мәселені ойланып өздері шешім қабылдауына мүмкіндік беретін едім. Шәкірттерін жақсы түсіну мұғалімнің моральдық міндеті болғандықтан, мен әр шәкіртіме қолдау көрсететін едім. Ең бастысы, оқушыларды ешқашан жасаған істеріне жаза қолданбай, әр оқушы өзінше ерекше, сондықтан оларға жеке кеңістік беруім керек.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі»-деп Константин Ушинский айтып өткендей педагог болу оңай іс емес. Ұстаз- барлық ой мен қимыл әрекетке ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз, жалын иесі. Әр баламен жеке жұмыс істеп, олардың әрқайсысына көңіл бөліп, білімге құштарлығын ашып, сонымен қатар өзінде білімінді жылдан жылға арттыру үшін талмас күш жігер, шыдамды талап етеді. Педагог болу әр адамның қолынан келе бермейді. Алайда, мен еліміздің қоғамына өзімнің үлесімді қосқым келеді және ұстаз болу өзімнің қолымнан келетінін білгендіктен педагог мамандығын таңдадым.
Қоғамымызда ұстаздардың орны мен құрметі қашанда ерекше. Ұстаздық – ең жақсы мамандықтардың бірі деп мақтанышпен айта аламын. Мен болашақта жауапкершілігі мол мамандық иесі болмақшымын. Маған артылған бұл жауапкершілікті мен бар ынтамды салып атқаратындығыма сенімдімін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет