Сабақ беру барысында сабақ жоспарын құруға, критерийлер бойынша тапсырмаларды құруға, оқушыларды бағалау әдістерін қолдануды үйретіп, тәжірибе жинақтады. Қымбат өзін мұғалім тұлғасына сай, оқушылар алдында өзін еркін, сенімді ұстап
Бесеуова Қымбатқа – Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы № 44 мектепте 2022 жылғы 24 қаңтар мен 05 наурыз аралығында өндірістік практикадан өтті. Өндірістік практика барысында Қымбат 4 «А» бастауыш сыныпта сабақ беру және сол сыныбына сынып жетекшілік міндеттері жүктелді. Күнделікті құрып отырған сабақ жоспарлары күнтізбелік жоспарға сәйкес келеді.Сабаққа өзі жасап әкелген көрнекіліктерді тиімді пайдалана алды.
Сабақ беру барысында сабақ жоспарын құруға, критерийлер бойынша тапсырмаларды құруға, оқушыларды бағалау әдістерін қолдануды үйретіп, тәжірибе жинақтады. Қымбат өзін мұғалім тұлғасына сай, оқушылар алдында өзін еркін, сенімді ұстап, өз білімін оқушыларға бере ала білді.
Қымбат өзіне бөлінген 4 «А» сыныбымен аз уақыт аралығында табысып кетті.Сынды жақсы қабылдайды, оны жою жолдарын қарастыра біледі.Тапсырылған жұмыстарды уақытында, сапалы, тиянақты орындайды.
Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді.
Өндірістік практиканы өте жақсы деп бағалаймыз.