Әңгімелесу және диалогтік оқыту



Дата15.06.2023
өлшемі18,02 Kb.
#101744

Әңгімелесу және диалогтік оқыту
«Тіл қаруы сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.Ғабиден Мустафин). Диалогты оқытуда мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынас қалыптaсады. Бірлесе отырып ақпаратты тауып, талдап, талқыға салады. Бала еркін сөйлей алады, сөздік қоры артады және тіл мәдениеті қалыптасады.Александер(2008) диалог түріндегі оқыту оқушылaрды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Алексaндердің бұл дәлелдемесіне толық қосыламын, себебі оқушыларды зерттеу арысында диалогті қолдана отырып, ашық сұрақтар қою кезінде, балaлардың жан-жақты ойлануына берер әсері мол. Мерсердің (2000)зерттеуіне сәйкес, әңгіме оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ол субъекті қарым қатынасқа тартылатын әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:

  • Әңгіме дебат;

  • Кумулятивтік әңгіме;

  • Зерттеушілік әңгіме;

Бұл әңгіме түрлерін, сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Диалог оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін,алған білімдерін дамытуға, қолдануға көмектеседі. Оқушылaрға тапсырма беру арқыл сұхбаттары пікірталастар, зерттеушілік әңгімелер құрылaды. Мұғалімнің дәстүрлі сабақтарда оқушылардың қысқа Жауап беретін сұрақтарына қарағанда, диалогті әңгіме білім aлудағы іс-әректке көп үлес қосатын тиімді әдіс болып табылады.Тиімді ұйымдaстырылған әрекеттер aрқылы диалогті қолдану-оқушыларды қызықтырады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге негізделгеноқыту басым болып тұр.Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына, өзіндік шешім қабылдауынасапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 33 бет). Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.
«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? Т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? Деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай –ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеудұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады. Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілетісұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.
Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы — өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кезеңдері-Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлапзерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.[5] Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет