Пікірталасжәне оның түрлері
Пікірсайыс сіздердің болашағыңызға өз оң үлесін қосады. Түрлі салалар: бизнесте, саясатта, ғылымда қабылданған шешімдерді дәлелдеу үшін дебаттар техникасын қолданады. Бұл өнерді меңгерген студенттер сын тұрғысынан ойлай алады, түрлі сауалдарға жауап тауып, тыңдаушыларға өз пікірін дәлелдей алады. Ермек үшін бе, әлде пайласын біле тұра жақсы дағдылар алу үшін бе, әйтеуір қатысып, дебаттардың берер жаңа мүмкіндіктерін пайдаланыңыздар!
ПІКІРТАЛАСТАР НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Пікірталас өткізу немесе оған қатысу дағдылары өмірде керек болатыны сөзсіз. Ең алдымен өз көзқарасыңды дәлелдей білуге, өз пікіріңді ұсынып, фактілер мен идеяларды жоққа шығаруға көмек береді, логикалық тұрғыдан дәлелдерді тізбектеуге және өзгелерді сендіре білу өнерін қалыптастырады. Және де қарым-қатынасқа түсуді үйренесіз. Бұның барлығы да өмірде керек болады. Дебаттарға қатысқан студенттер жұмыс барысында көптеген біліктілік пен дағдыларға ие болады. Студенттер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бірге жұмыс істеп, достасып кетеді. Бұл жаңа кездесулер мен қарым-қатынастардың жақсы мүмкіндіктері.
ЖАҚСЫ ДӘСТҮРЛЕР
Дебаттар Көне Мысырдан бастама алады. Афинада азаматтар заңдардың артықшылықтары мен кемшілктері жайлы дауласатын; оқушылар проблемаларды талдай отырып, пікірталас шеберлігін иегерді. Орта ғасырларда Еуропада білім беру саласында шешендік өнер мен дебаттар курстары енгізілді. АҚШ тарихына қарасақ, дебаттар университеттер құрылғаннан бері оқу барысында қолданылып келеді. 1960 жылы президенттік сайлау кезінде Джон Кеннеди мен Ричардом Никсон арасындағы дебат көпшіліктің назарын өзіне тартып, пікірталасты жандандырды. Қазіргі кезде дебаттар әлемнің барлық мектептері мен университеттерінде өтеді.
П і к і р т а л а с т ү р л е р і
Пікір алмасу, Ойталқы, Пікірсайыс, Ойбөліс
Айтыс Сөзталас
Әрқайсысына сипаттама беру.
Жаңғырту
Ойбөліс мәні:
Шешендікке тәрбиелейді, білімді жетілдіреді.
Өз өмірімізге, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға баулиды.
Өз көзқарасыңды жүйелі талдауға үйретеді.
Жақсы маман ретінде қалыптастырады.
Ойбөліс арқылы жаңа ортамен танысуға мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |