Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті?



Дата18.11.2022
өлшемі1,78 Mb.
#51138

Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті?
Оқу мақсаты
1. Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру.
Конфуцийшілдік
Ежелгі Қытайдың әйгілі данышпаны Конфуций б.з.д. VI-V ғғ. Өмір сүрген. Ол мінсіз қоғамдағы адамның өмір сүру ережелерін жасады. Көне Қытай данасының көзқарасы бойынша, мемлекеттегі билік импертаорға тиеселі болуы тиіс, себебі ол «Көктің ұлы» болып саналады.
Конфуцийшілдік
Барлық халық оған бағынуға және оны әкесіндей құрметтеуге міндетті. Конфуцийдің айтуы бойынша: «Билеуші – билеуші, азамат-азамат, әкесі-әке, ал баласы-бала болуы керек». Конфуцийдің іліміне сәйкес, мемлекет – бұл үлкен отбасы.

Императорға қарамағындағы адамдарға балалары сияқты қамқор болуы тиіс, ал оған бағыныштылар оны әкесіндей құрметтеп, бағынуы қажет. Кейіннен Конфуцийдің ілімі діни сипатқа ие болып конфуцийшілдікке айналды.


Конфуцийшілдік

Императорға қарамағындағы адамдарға балалары сияқты қамқор болуы тиіс, ал оған бағыныштылар оны әкесіндей құрметтеп, бағынуы қажет. Кейіннен Конфуцийдің ілімі діни сипатқа ие болып конфуцийшілдікке айналды.

Конфуцийшілдік – Ежелгі Қытайда пайда болған діни, саяси және философиялық ілім. Ілімнің негізін б.з.д. VI философ Конфуций қалаған. Конфуций әрбір адам өз міндетін атқаруы керек деп есептеген.


Даосизм
Ежелгі Қытай ойшылы, б.з.д. VI-V ғғ. Өмір сүрген Лао-цзы адам мен табиғаттың үйлесімділігін насихаттады. Оның ілімі даосизм деп аталды. «Дао» - «жол», яғни «табиғат заңдарын сақтау» деген мағынаны білдіреді. Данышпан қоғамға заң, тіпті билеуші де қажет емес деп есептеген.
Даосизм
«Әрбір адам ар-ұят заңы бойынша өмір сүруі керек, сонда тәртіп болады»,- деп ойладыЛао-цзы. Уақыт өте даосизм діні ілімге айналды.
Даосизм – діни және философиялық ілім. Оның негізін қытай ойшылы Лао-цзы қалаған болатын
Легизм
Б.з.д. IV-III ғғ. Қытайда тағы бір философиялық ілім – легизм қалыптасты. Бұл ілімнің негізін қалаушылардың бірі – Шан Ян. Оның пайымдауынша, барлық адамдар император мен заңдарға бағынуы тиіс. Мінсіз қоғамға қол жеткізу үшін ортақ заң орнатып, қоғамдағы өзін-өзі басқару жүйесін жою қажет.
Легизм
Заң бұзушылық қатаң түрде айыпталып, жазаға тартылуы қажет. Легистердің айтуынша «Халық биліктен қуатты болған жағдайда – мемлекет әлсіз болады, ал билік халықтан қуатты болса – әскері мықты болады».
Легизм – барлық халықтың заңға бағынуы. Ежелгі Қытайда пайда болған саяси этикалық ілім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет