Ежелгі шығыс ғылымы



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі36,06 Kb.
#15253
  1   2

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай аймақтық университеті

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ҒЫЛЫМЫ
Пән: Ғылым тарихы мен философиясы

Орындаған : Медебаева А.А.

Тексерген: Колдыбаева С. А


2020 жыл

Мазмұны
1. Ежелгі Шығыс ғылымының дамуы

2. Ежелгі Мысырда ғылымның қалыптасуы

3. Ежелгі Шығыс ғылымының ерекшеліктері

1. Ежелгі Шығыс ғылымының дамуы
Ғылымның шығуының танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі VIIVI ғасырлар аралығында мифтік (аңыз, ертегілік) санадан логосқа (ақыл-ойға) өтудің аяқталуымен байланысты болды. Бұл кезде таяу және Қиыр шығыс елдерінде, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адамдар қолданып жүрген логикалық құрылысы қалыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан бірте-бірте қол үзіп, ақыр соңында одан арылғаннан кейін рационалдық ой дами бастады. Оған түрлі жағдайлар пәрменді әсерін тигізді: ең алдымен мифтік ойлау "логикасынан" үзілді-кесілді бас тарту себеп болды: мифтік сана затты оның бейнесімен тепе-тең қарастырды, дүниедегінің бәрі біртұтас және бір-біріне айналады деп түсінді. Мифологияда табиғат пен мәдениет, адам мен табиғат бір-бірінен ажыратылмай бір тұтас деп түсінілді, адам өзін табиғаттан бөліп көрсете алмады. Қысқасы, мифологияда адам бейнесі айналадағы табиғат заттары мен құбылыстарға қолданылып, дүниедегінің бәрінің жаны бар деп қарастырылды. Мұндай түсінік ересек адам санасын жас баланың санасына ұқсатады.

Адамның өзін табиғат заттарынан бөлек, ақыл-ой мен сана тек адамға ғана тән деген түсінік көп кейін пайда болды. Қоғам өмірінің алғашқы қауымдық формасының біртіндеп ыдырауына байланысты қоғамдық сананың мифтік түрі де тарихи аренадан кете бастады. Дүниетану процесінде шыңдық дүние құбылыстары мен оқиғаларын табиғи-объективтік тұрғыдан түсінудің басталуына байланысты себеп пен салдардың арақатынасының шындыққа сәйкес ұғымы да қалыптаса бастады. Мифологиялық түсініктен бас тарту шындық дүние рухани емес, сезім мен санадан тәуелсіз заттық объект екенін көрсетті: егер субъективтік және объективтік тепе-тең бір нәрсе болмаса, онда шындық құбылыстарының "негізін" субъектіден іздемей, олардың өз болмысынан, өз ішінен іздеу керек деген түсінікке келу болашақ ғылыми білімнің негізін құрды.

Ғылымның ішкі және сыртқы бастамаларын қарастыра отырып, біз ғылым қашан, қалай және қайда пайда болды деген сұрақтарға жауап бере аламыз. Ғылымның бастауын анықтау үшін көп мәнді "ғылым" ұғымның қазіргі заманғы мазмұнын ашып көрсету міндетті. Жоғарыда атап көрсеткендсй, ғылым, ең алдымен, білім және ол білімді алуға бағытталған іс-әрекет, қоғамдық сананың айрықша формасы, әлеуметтік институт (XIX ғ.ғ. екінші жартысында пайда болған арнайы ұйымдар мен мекемелер жүйесі), XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамның тікелей өндіргіш күші т.б. Бұл сұрақтың елдің бәрі мойыңдайтын жалпы жауабы болмағанымен, бірақ Г.Спенсердің ғылымның бастауы "есейген "жабайы адамның" ақыл-ойы..." деген пікірімен келісуге болмайды және оның бұл пікірін қолдаушы О.Конттың және басқалардың ғылымды мәдениет пен тарихтан тәуелсіз түсіндіретін пікірін де қолдауға болмайды, өйткені ғылым дегеніміз білім "өндіруге" арнайы бағытталған қоғамдық қызметтің нәтижесі болып табылады. Мұндай қоғамдық қызмет дене еңбегі мен ой еңбегінің бір-бірінен бөлініп, үстем тап өкілдерінің ой еңбегімен арнайы айналысуы үшін қажетті бос уақыттың тууына байланысты пайда болды. Демек, шын мәніндегі ғылым алғашқы қауымдық қоғамда тууы мүмкін емес еді, өйткені ғылыми білімді өндірумен айналысатын, материалдық өндіріске қатыспайтын адамдар тобы — білім субъекті қажет еді және сонымен бірге ғылыми білім өңдірісіне керекті материалдық және методикалық база, сондай-ақ ғылыми зерттеудің нәтижесін жинақтап отыратын жазу тілі, жазу қажет еді. Бұлардың бәрі біздің заманымызға дейінгі VII—VI ғасырларда пайда болды. Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдан бұрын ертедегі Египетте (Мысырда), Месопотамияда, Индия мен Қытайда пайда болған, қазіргі ғылым философиясында орыс тілінде "Преднаука"деген атауға ие болған, Ғылымның жаңадан шыға бастаған бұл бастапқы кезеңіне тән белгі- сол кездегі материалдық өндіріспен, адамдардың күнделікті күнкөріс практикасымен тығыз байланыстылық еді. Ол адамдардың аса қарапайым да қажетті шарушылық мұқтажынан: нәрселерді санау, жер участоктарының ауданын өлшеу, заттардың көлем мөлшерін анықтау сияқты шаруашылық жұмыстарының талабынан туды.

Жоғарыда аталған елдер ол кезде егістігі, қолөнері, соғыс ісі, сауда қарым-қатынастары өз заманының тарихи талаптарына сәйкес жоғары деңгейде дамыған еді. Өзендердің тасуынан су жуып кеткен жерлерді қайта өлшеу қажеттігі геометрияны тудырса, сауда-саттықтың өріс алуы, қолөнер мен құрылыс істерінің дамуы арифметикалық есептеу әдістерін (алдымен қосу-алу, ал кейінірек көбейту-бөлу амалдарын) тудырса, ал теңізде жүзу және діни ғибадаттар "жүлдыз санау ғылымының" тууына себеп болды. Қысқасы, Шығыс елдерінің өркениеті түрлі іс-әрекеттерде қолдануға болатын белгілі бір білімдерді қалыптастырды, бірақ ол білімдер — пайдакерлік, ал практика — технологиялық сипатта болды. Алғаш пайда болған ғылым бастаулары математиканың арифметика жене геометрия деген бөлімдері болды, өйткені адамдардың күнделікті тұрмыс қажеттеріне ең жақын білімдер арифметиканың төрт амалы мен геометрияның жер өлшеуге қатысты әдістері еді.

Ғылымның бастауы үйреншікті эмпириялық бақылаулар мен есептеулерге негізделгенімен, бірақ оның құрамында қарапайым абстракциялар мен идеяларды пайдалану да болмай қойған жоқ. Ондай ең ескі ұғымдардың қатарына сан және геометриялық фигура ұғымдарын жатқызуға болады. Қазіргі адамның пайымдауында, заттардың өзін және олардың белгілі бір жиынын санау және салыстыру үшін әуел бастан сан деген ұғым болуы тиіс. Ал іс жүзінде олай емес. Тарихшылардың, археологтар мен этнографтардың және басқа ғылым зерттеушілерінің мәліметтері алғашқы қауымдық тайпалар сан дегенді білмегенін көрсетеді: малдардың табыңдары мен үйірлерін, аң аулағаңда олардың тобырларын салыстырғанда өздері ойлап тапқан басқа амалдарды қолданған, мәселен, бір үйірдегі әрбір малдың сырт белгісіне басқа үйірдегі малдың сондай сырт белгісі сәйкес келуі тиіс, ал егер бұлай салыстыруға бір үйірдегі жануарлар жиыны жетпесе, онда бұл үйір екіншісінен аз болғаны т.б. деп түсінді.

Өркениеттің бастапқы сатыларында мұндай салыстыру немесе "санау" амалы ретінде қолдың және аяқтың саусақтарын пайдаланған, ал саусақтардың саны жетпесе, онда ұсақ тастарды және басқа нәрселерді натуралдық сандардың шартты белгісі ретінде пайдаланған. Нақты заттар мен нерселердің абстрақтылы шартты белгілері ретінде натуралдық сандарды ойлап тапқанша, бәлкім, мыңдаған жылдар өткен болар. Адамдар абстракциялық сандарды пайдалану үшін нақты заттардың бейнесінен дерексіздену әдіс-тәсілдерін ойлап табуға үйренуі қажет болды.

Ертедегі Шығыс елдерінің жеке-дара, бытыраңқы білімдері ұрпақтан ұрпаққа беріліп жинақталды. Жеке-дара бытыраңқы білімдер қанша көп болғанымен, бірақ олар әлі ғылымды құра алмады. Ғылым жеке-дара білімдерді жалпылап, мақсатты түрде бір жүйеге келтірген жерде ғана пайда болады.Ал Шығыс елдерінде білім негізінен тікелей қабылдауда жиналған жеке-дара мәліметтерді жай индукциялық жолмен қорыту арқылы жинақталды және нәсілдік кәсіп түрінде беріліп отырды. Білімнің ұрпақтан ұрпаққа берілуі отбасында балалардың ересектерден, негізінен әке, ағаларынан үйрену арқылы іске асты. Білім жаратушы құдайдың адамға жіберген кәсіптік қамқорлығы деп саналып, кәсіптік қауымдастықтарға (шығу тегі мен қүқықтық артықшылығы бар ақсүйек топтарға) беріліп отырды. Білімдер сын көзбен қарамай, стихиялық түрде өзгеріссіз берілді. Мұның бәрі өндіргіш күштердің дамымағандығының, білімінің діни аңыздар мен билік басындағылардың үстемдік күшіне айналған дәстүрлерге толық бағыныштылығының салдары еді. Мысалы, ертедегі мысырлықтарға бүтін сан ұғымы жасқы таныс болғанымен, бірақ бөлшек санды түсінуі өте қиынға соқты. Ертедегі вавилондықтар арифметиканы және тендеулерді шешудің алгебралық әдістерін тамаша білгенімен, бірақ ертедегі грек математикасының теориялық деңгейіне көтеріле алмады. Оларға геометриялық білімдерді меңгеру одан да гөрі қиын болды. Ертедегі гректердің пікірінше, геометрия қолданбалы ғылым ретінде тұңғыш рет Мысырда пайда болды. Аристотель геометрияның пайда болуын діни аңыздардың қолы бос уақытының молдығымен байланыстырды. Геродот геометрияның практикалық қажеттігін былай түсіндірді: Ніл тасығанда өңделген егістіктерді жуып кетіп отырды, салық салу тұрғысынан қарағанда қанша өнделген егістіктен айырылғанды анықтау керек болды - ал кейіннен Грецияға ауысқан бұл геометрияның бастамасын салды. "Геометрия" деген грек сөзінің өзі қазақша "жер өлшеу" дегенді білдіреді.

2. Ежелгі Мысырда ғылымның қалыптасуы

Біздің жыл санауымызға дейінгі төртінші мың жылдықта ертедегі Мысыр медициналық, географиялық, астрономия мен астрологиялық, акустика мен риторикалық, философия мен математикалық білімдердің т.б. бастамасы болған мәдениетті мемлекеттің бірі болғаны тарихтан белгілі. Табиғаттан тыс сиқырлы күшке деген сенім туралы ілімдер барлық нәсілдер мен халықтардың дүниетанымына зор әсерін тигізді.

Геродот Мысырды "Нілдің сыйы" деп атапты. Шынында да ертедегі мысырлықтар Ніл өзенінің арқасында күн көрді. Ніл өзені үшбұрыш тәрізді бірнеше салаға бөлініп, кең алқапқа жайылып жатады. Бұл ұшбұрыштың табаны — Жерорта теңізінің жиегі, төбесі Нілдің шығатын бастауы. Нілдің басқа өзендерге қарағандағы бір өзгешелігі сол, июньнің аяғынан сентябрьдің аяғына дейін оның суы үздіксіз тасып, бүкіл Мысырды су басады деуге болады. Октябрь айының аяғынан келесі май айына дейін суы тартытылып, тасуын қояды. Осыған орай мысырлықтар егінін салып, пісіріп, жинап үлгереді. Геродоттың әлгі айтқан сөзі Ніл табиғатының осы сыры туралы айтылған болар.

"Күн Сүмбіленің тұсынан жоғары көтеріле бергенде, -деп жазады Қазақстан Ғылым Академиясының академигі О.А.Жәутіков, — Нілдің суы арнасынан асып таситынын, ал күн Мизам шоқжұлдыздарының тұсына жақындап келгенде судың қайтатынын мысырлықтар біздің жыл санауымыздан алты мың жыл бұрын білген. Табиғаттың осындай зандылықтары мысырлықтарды астрономиямен шұғылдануға мәжбүр етті. Бұл туралы: "Ніл суының көтеріліп, басылу кезеңдерін есептеп шығарудың қажеттігі Епипет астрономиясын туғызды..." — дейді К.Маркс".

Бақылау жұмысын жүргізу мақсатында мысырлықтар тарихта тұңғыш календарь жасады. Бұл календарьда жыл 12 айға, әрбір ай 30 күнге бөлінді, ал 12 айдағы жалпы күн санына тағы да қосымша 5 күн қосылды. Нілдің тасыған суын жыл-тәулік бойы сақтау үшін және су тасқынынан қорғану үшін мысырлықтар түрлі каналдар мен су қоймаларын, мықты плотиналар жасады, өзен суынан жоғарыда жатқан егістіктерді суғару үшін суды жоғары көтеретін гидравликалық тетіктер ойлап тапты т.т. Ал бұл құрылыстар механикалық білімдерді тудырды.

Мысырды зерттеуші орыс ғалымы И.Шмелев көптеген эмпириялық зандарды тұжырымдаған ертедегі гректер емес, кейінгілер қайтадан ашқан сырды олардан мыңдаған жыл бұрын Ертедегі Мысырдың аңыздары зерттеп білген деп анық айта аламыз дейді.

Ертедегі Мысырда мемлекетті басқару фараондық деспотизм формасында іске асты. Мұнда діни абыздар ерекше орын алды. Абыздардың кеңесі өз ғылымын ерекше қорғап, ақиқаттың мәнін қара бұқараға білдірмеді. Фараондар жай адам емес, Күннің "перзенті" деп саналды, сондықтан олар о дүниеге белгісіз жай адам ретінде бармай, аспандағы Күннің жердегі перзенті ретінде бару үшін, оларды жерлеу рәсімі белгіленіп, олар үшін орасан зәулім пирамидалар салынды. Ертедегі Мысырда салынған үлкеңді-кішілі 80 пирамида бар. Пирамидалар ең алдымен елді абыздық психотехника амалдарының көмегімен басқарудың жан-жақты ойластырылған программасының іске асыруға арналған құралдың рөлін аткарды деген пікір бар. Не дегенмен, биік те зәулім құрылыстарды салу мыс металлургиясын, ағаш және тас өңдеу шеберлігін дамытуға алып келді. Дж.Бернал айтқандай, алғашқы Мысыр шеберлері жасаған столдар мен орыңдықтары сол кездегі түрін әлі өзгерткен жоқ: орындықтың арқалығын торлап, ал аяқтарын иіп жасау 4500 жыл бұрын белгілі еді. Таразы, желкен, керамикалық бұйымдар, папирус т.б. көптеген заттар да сол кезде ойлап табылған болатын.

Анатомия мен емдеу саласында көптеген білімдер пайда болды: тіс және көз дәрігерлігі, хирургтер шықты, қан айналымы жүйесінің қызметін білді, адам денесі қызметтерінің орталығы ретінде мидың жұмысы зерттелді.
3. Ежелгі Шығыс ғылымының ерекшеліктері
Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық халықтардың қолданатын санау жүйесі - ондық системасы. Осы ондық система - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Оны ойлап табуға бүкіл халық болып ат салысты деуге болады, өйткені мұндай санақ системасын тудырған бүкіл адамзаттың практикалық іс-әрекеті деуге болады. Мәдениеттің тарихыңда адамзаттың практикалық өмірі үшін ондық системадай зор маңызы бар ғылыми прогресс жасаған, өшпес із қалдырған, терең ықпалын тигізген математикалық білім кемде-кем шығар. Ондық системаның пайда болуы екі қолдың саусақтарын санау практикасына байланысты екеніне күмән келтіруге болмайды.

Санау системасының негізіне оннан басқа санды да алуға болады және сондай-ақ бір системадан екінші системаға көшуге де болады. Ертедегі вавилондық астрономдар санау негізі үшін, мәселен, алпыстық системаны қолданған. Сағаттың және бұрыштық градустың алпыс минутқа бөлінуі де осымен байланысты. Скандинав түбегіндегі елдердің (Швеция мен Норвегияның) тілінде бестік система ізінің күштілігі байқалады. Санау системасының негізінде жиырмалық системаның ізі француз, ағылшын, нидерланд тілдерінде сақталғаны байқалады.

Әліге дейін тек екілік системаны ғана (мысалы, бір мен екіні) қолданатын халықтар бар екен. Мысалы, Австралия мен Полинезиядағы көптеген тайпалардың санауға қолданылатын барлық сандары "бір" және "екі" ғана. Осы екі санды бір-бірімен үйлестіріп, олар "үшті", "төртті", "бесті", "алтыны" т.б. құрастырып атайды екен. "Торрес бұғазындағы аралдарды мекендейтін тайпалар, мәселен, бірді "урапун", екіні "оказа" дейді екен. Сөйтіп, олар 3 деу үшін "оказа-урапун" деп, 4 деу үшін "оказа-оказа", 5 деу үшін "оказа-оказа-урапун", 6 деу үшін "оказа-оказа-оказа" дейді екен. Ал алтыдан артық сандарды "көп" немесе "сан жетпес" дейтін көрінеді".

Бұл мысалдар математика ғылымының бастамасы қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен тікелей тәуелді екенін, ол адамдардың күнделікті тұрмыстық іс-әрекетіне байланысты шыққанын тағы да дәлелдей түседі.

Сонымен, қорыта айтқанда, ертедегі шығыс елдері жай қарапайым натурал сандар мен бөлшектерді қолдана білгенімен, ал вавилондықтар теңдеулер жүйесін шешіп, квадрат түбірлерді шығара білгенімен, бірақ жалпы абстракциялық ұғымдардың көмегімен басқа абстракциялық ұғымдарды қорытып шығару жолында алғашқы қадам ғана жасады, өйткені олар пайымдаудың дедукциялық формасын, логикалық дәлелдеудің әдіс-тәсілдерін білмеді, жаңа есептеулер жүргізудің жалпы әдістерін қолдана алмай, жеке-дара әдістерді ғана қолданды. Сөйтіп ғылымның туу және қалыптасу деңгейінде аса қарапайым абстракциялар және күнделікті шаруашылық тіршілігіндегі заттармен тікелей қарым-қатынаста қолданылатын нақты моделдер жасалды.

Екіншіден, ертедегі Шығыс ғылымыңда түбірлі теориялық тұжырымдар болмады. Ғылыми білімдер нақты практикалық міндеттерді орындауды көздеді. Вавилонда, мәселен, астрономия діни жораларға немесе астрологиялық әрекеттерге қызмет ететін қолданбалы өнер ретінде қолданылды, ал ғылымның міңдеті теориялық проблемаларды шешуге қызмет ететін ғылыми білімдер өндіру болып табылады.

Ертедегі Шығыс ғылымы рационалдық болмады. Мұның бір себебі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылысында жатыр. Қытайда қоғам теңсіздікке негізделген қатаң страттарға, әлеуметтік топтарға бөлінді (өкіметті билеушілер — көктің өкілдері, тайпа аристократтары — ізгі жандар деп саналса, тайпаның жай мүшелері — қара халық деп саналды), демократия мүлдем болмады, құлдар адам деп саналмады. Мұндай әлеуметтік теңсіздік ақыл-ойдың дамуына жол бермеді, аристократтардың айтқаны әрдайым дұрыс деп саналды. Білімнің субъектісі, ақыл-ойдың иесі дін иелері, абыздар болды. Осындай өлеуметтік теңсіздік, сайып келгенде, ғылыми білімді сыры түсініксіз мистикалық догмаға, адамның ақыл-ойы жетпейтін ілімге айналдырды.

Жеке практикалық мәселені шешуді көздеу, дәлелділікті талап ететін дедукциялық пайымдаудың болмауы ертедегі Шығыс ғылымының эмпириялық (тәжірибелік) мазмұнын айқындады. Ғылымның тууы мен қалыптасуына қажетті жағдайлар Ертедегі Греция заманында, біздің жыл санауымызға дейінгі VI—ІҮғғ. қалыптасты.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет