156
УДК 373
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ
МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ибраева К.И.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің аға оқытушысы, ф.ғ.к.)
Ахметжанова Р.В.
(сБОПƏ-ж-08к тоб.студенті)
Орфоэпиялық
дағдылардың
қажеттілігі
тек
сөйлеумен
шектелмейді.
Егер
тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны
мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Оның себебі, адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда, өз
санасындағы дыбыс жүйесімен салыстыра отырып, сөз сөйлемнің мəнін, ойын таниды,
түсінеді. Демек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, басқаның сөзін тыңдап-
түсіну үшін де үлкен рөл атқарады.
Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық əрекетте алатын орнын, маңызын ескере
отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға,
одан əрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қойылады. Олар:
а) Белгілі бір фонетикалық минимумды іріктеп алу талабы. Мектепте фонетиканы
оқытуда оқушылар үндестік заңы арқылы дыбыстардың түбір мен қосымша, біріккен
сөз аралығындағы сөздер үндесіп, өзгеріп айтылудағы орфоэпиялық норманы кейде
сақтап айта бермейді. Олай болса, оқушылардың тілін дамытуда орфоэпиялық
сөздіктер беріп, белгілі мөлшерде фонетикалық дағдыларын қалыптастыру үшін
оқытуда тіл дамыту үшін фонетикалық тілдік материалдар таңдалып оқытылуы
бойынша жүргізіледі.
ə) Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талап - сөздердің,
сөз тіркестерінің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық дыбыстарды
дұрыс айтқанымен, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса, айтылған сөздің мəнін
түсінуді қиындатады.
Дыбыстарды дұрыс айтып, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенімен,
сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзіліс (пауза) өз орнында жасалмаса,
ондай сөзді, сөйлемді түсіну қиын болар еді. Мысалы: «Екі сиыр қора салып жатыр» деген
сөйлемдегі үзіліс екі сөзінен кейін жасалмаса, сөйлемдегі ой күлкілі болар еді. Сондықтан
сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөліп, дауыс ырғағын келтіру ойды дұрыс түсінуге көп
себебін тигізеді. Олай болса, дыбыстарды дұрыс айтқызып үйретумен катар, олардың
сөйлеуіндегі дауыс екпінін орынды қоюын, сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөле білуін,
дауыс ырғағын орфоэпиялық қалыпта жетілдіру қажет.
Тұжырымдай
келгенде,
баланың
сөйлеу
икемділіктері
мен
дағдылары
қалыптастырылуы тиіс:
- жеке дыбыстарды сөзде, сөйлемде орфоэпиялық қалыпта дұрыс айту;
- сөздердің, сөз тіркестердің дауыс екпінін дұрыс кою;
- сөйлемдерді дауыс ырғағын, мəнеріне келтіріп дұрыс айту;
- мəтін түрлерін функциональдык стиль түрлеріне, жанрға байланысты мəнерлер
айтып, оқи білу;
Сондықтан, біз айтылым сөйлеу əрекетінде айтушының орындауға тиіс
міндеттерді төмендегіше белгіледік:
- тақырыпта əңгімелесе жəне сөйлесе;
157
- айтылым сөйлеу əрекетінде тыңдаушының назарын, ықыласын аудара білу;
- əңгімелеушінің қызығушылығын, тақырыбын аңғару, сөйлеу əрекетін сол
бойынша ұйымдастыра білу.
Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші
топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) мəтін.
Екінші жағынан: сөз екпіні, интонация, дауыс ырғақтарының элементтері, оған
жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі), сөздің
қаркыны (күштілігі мен əлсіздігі), темпі (жылдам жəне баяулық), сөздің тембрі
(дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға түсетін екпін, сөздің
екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде бұл
екеуі
бірлікте
қарастырылады.
Сондықтан
да
оқушылардың
тілін
дамыту
жұмыстарының фонетикалық негізі осы мəселелерді окушыларға игерту болып
табылады. Оқу бағдарламасында грамматикалық материалдардың əрбір сыныптарда
тілдің дыбыстық жағымен байланыстыра оқыту көзделеді. Сөздің дыбыстық жағынан
тіл дамытуды үйрету, жаттығу, дағды беру жұмыстарын мақсатына байланысты бөліп
қарастырылады.
Бірінші,
оқушылардың
есту,
қабылдау
мəдениетін
дамыту
бағытындағы жұмыстар мен жаттығулар, екінші оқушылардың айту, жеткізу, сөйлеу
мəдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар мен жаттығулар.
Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең
меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін
үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-
біріне тигізетін əсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар - Көбжасар,
ала карға - алағарға т.б.
Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын
білудін маңызы зор. Атап айтқанда, қазақ тілінде көп болмаса да екпін түсетін буындар
сөз мағынасына əсер ететін жағдайлар ұшырасады. Мысалы, Алманы алма! Бұл - кең
бөлме. Əзірше, қозыны енесінен бөлме.
Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін жəне сөйлемдерді берілетін ойына
лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет. Мысалы, Сəулені кешеден бері асыға күткен
Нұрлан далаға жүгіріп шықты деген сөйлем екі түрлі паузамен айтылады. Нұрлан
сезінен кейін дауыс кідірісі болады да, шыкты сөзінен кейін дауыс үзілісі болады.
Қазақ
тіліндегі
буынның
құрамы
мен
жүйесімен
орфоэпиялық
нормасына арналған арнайы зерттеу жоқ. Алайда, буын түрлері мен буынның дыбыс
құрамына арналған анықтамалар жеткілікті. Қазақ тілінің фонетика саласына арналған
еңбектерде, қазақ тілінің мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында
буынға арналған тақырыпшалар тұрақты кездесіп отырады. Буын мəселесі тасымалға
байланысты да сөз болып отырады. Қазақ тіліндегі буын шегінің оңай табылып, дыбыс
құрамының оңай анықталатындығынан болар, буын мəселесі қазақ фонетикасындағы
күрделі құбылыс ретінде қарастырылмайды. Буын мəселесі оқу-əдістеме тарапынан да
аса елене қоймайды. Осының нəтижесінде қазақ лингвистикасында буын қазақ тілінің
қарапайым бірлігі (единица) деген пікір қалыптасты.
Ал жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қараса буынның тілдік
табиғаты аса күрделі кұбылыстардың бірі болып табылады. Ендеше, оқушылардың
ауызекі сөйлеу мəдениетін қалыптастыру үшін қазақ тіліндегі буын құбылысының
артикуляциялық жəне акустикалық табиғатын ашу, ең бастысы қазақ тіліндегі буынды
буын етіп түрған лингвистикалық пəрмен не
деген сұрақка жауап беру керек сықылды.
Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі буынның дыбыс құрамы мен оның шегарасының
фонетикалық сипаты мен көрінісінің, жəне оның мəнерлегіштік сипаты туралы білім
берілуі керек.
158
А. Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен
дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды.
Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп: “Буыншы əріп басқалардың
ортасында қамауда тұрса, ол буынға “бітеу” деп ат қойындар; буын аяғы буыншы
əріпке тірелсе, ол буынға “ашық
»
деи ат қойындар; буын буыншыдан басқа əріпке
тірелсе, ол буынға “тұйық” деп ат қойындар” [1;344-345] деп, буын түрлерін саралап
береді. Сондағы “буыншы” əріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын
құраудағы дауысты əріптердің мəнін “əлгі əріптер кіріспейтін буын” болмайды деп
көрсетеді. “Буындардың бір əріптілерін бір бөлек, екі əріптілерін бір бөлек, үш
əріптілерін бір бөлек, төрт əріптілерін бір бөлек шығарып жазыңдар” [1;344] деген
тапсырма жаттығуынан А. Байтұрсыновтың буынның дыбыс құрамын да анықтап
кеткеншін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын
құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс
құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мəліметтің бастау көзі болып отыр.
Буын мəселесіне арналған келесі лингвистикалық еңбектер осы А. Байтұрсынов
ережелеріп негізге алып отырады. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың
атауларына қатысты болып келеді. Профессор Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына
қарай алты түрін көрсеткен [2;61]. “Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп
шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация
арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады” дей келіп, осы үдерісті
проф. І. Кеңесбаев та ұстанады, буын түрлерін ашық, тұйық жəне бітеу деп бөліп,
олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді [3;260-26.1]. Буын сипатын, түрлерін,
жігін, дыбыс құрамын кеңінен талдаған С. Мырзабеков “Буын - … ауаның кілт
үзілуінің не кедергіге ұшырауының нəтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс,
не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы.” [4;101.] деген анықтама береді. Ал буын
түрлерін “Құрамындағы дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың орын тəртібіне карай
қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын жəне тұйық буын. Бұлай бөлу
буынның теориялық та, практикалық та мəніне сай келеді жəне есте сақтауға ыңғайлы”
[5;65] деп көрсетеді. Буын түрлері мен оның дыбыс құрамының осы іспеттес
анықтамасы қазақ тілі оқулықтарында ең кең тараған сипаттамасы болып табылады.
Қазақ тіліндегі буын қондырғы (инструментал) əдісімен де зерттелген
[6;60] Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сандық-сапалық нəтижелері буын
жігін ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дəлелденген.
Буын құбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып, профессор Ə.
Жүнісбеков “Тюркский слог – наименьшая произносительная единица, строго
регламентированная
одним
из
сингармонических
тембров.
Эта
регламентация настолько устойчива, что нарушение сингармонического тембра внутри
слога абсолютно невозможно” [7;24-25 ] деп, теориялық қорытынды жасайды. Қазақ
тіліндегі буын орфоэпиясын (айтылынын) сөз еткенде осы теориялық қисын
басшылыққа алынады. Буын құрамындағы дыбыстар белгілі бір қатаң жүйеге бағынып
барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі болу керек.
Артикуляциялық негіздің акустикалық (естітім) нəтижесі болады. Қазіргі кездегі
қондырғы құралдар мен компьютерлік программалар буын жəне оның құрамындағы
дыбыстар тіркесінің акустикасын көрнекі суреттеп бере алады. Ендеше, буынның
басынан аяғына дейінгі яғни өне бойындағы дыбыстар тізбегінің суретін алып, буын
орфоэпиясының артикуляциялық жəне акустикалық көрнісін байқап-бақылауға болады
деп болжам жасауға болады.
Қазақ тіліндегі буын түрлерінің, əсіресе, олардың дауысты немесе дауыссыз
дыбысқа бітуінің морфологиялық деңгейге тікелей қатысы бар екендігі белгілі. Себебі
келесі жалғанар қосымша дауыстыға басталады ма, əлде, дауыссызға басталады ма, ол
159
– алдыңғы буынның соңғыдыбысына тікелей байланысты кездері болады. Сонымен
қатар алдыңғы буынның соңғы дыбысы мен соңғы буьнның бастапқы дыбысының
арасында да дауыс қатысына тікелей байланысты тұстары бар: буынның дауысты,
қатаң, ұяң немесе үнді дыбысқа бітуіне қарай қосымшаның бастапқы дыбысы құбылып
отырады. Осы заңдылықтар қазақ тілі үшін аса актуал болын табылады. Ендеше, қазақ
тілінің буын жүйесін буын түрлері мен оның дыбыс құрамын дауысты-дауыссыз
тұрғысынан ғана жіктеп қойған жеткіліксіз болады екен. Мұндай жіктелім тасымал
талабына сай келіп, тасымал ережелерін ғана құрастыруга ғана жарайды. Лексика
(сөз)деңгейінде кемістігі жоқ талдау морфология (қосымша) деңгейінде жарамай қалып
жатыр. Лексикалық деңгейде буын түрлері мен оның дыбыс құрамы үшін түбір сөздің
де, туынды сөздің де мəртебесі бірдей:бақ та бір сөз, бақтташы да бір сөз. Екі
жағдайда да бақ - бітеу буын, алта - ашық буын. Осы жіктелім тасымал үшін
жеткілікті. Ал морфологиялық деңгей үшін: бақ бірлігінің бітеу буын екендігі
жеткіліксіз, оның қатаң дауыссызға аяқталып отырғанын қоса ескеру керек.
Ендеше та ашық буыны, біріншіден, дауысты дыбыстан бастала алмайды, егер
дауысты дыбыстан басталатын болса, онда бақ бірлігі бітеу буын бола алмайды.
Екіншіден, ол тек дауыссыз дыбыстан басталады, оның үстіне бастапқы дыбыс тек
қатаң дыбыс болу керек. Бастапқы дыбыс қатаң дауыссыз болмаса, бақ пен та тіркесе
алмайды. Сондықтан буын құбылысының өзін екі деңгей тұрғысынан қарастырған жөн
сықылды. Ол үшін буынның дыбыс құрамын іштей тағы жіктей түсуге тура келеді.
Буынның дыбыс құрамы іштей екі салаға жіктеледі. Бірінші, буын құрамындағы
дыбыстың дауыс қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы
дауыссыздың дауыс қатысына қарай жіктеледі: жаз – үнді дауыссызға аяқталып
тұр, жас – катаң дауыссызға аяқталып тұр; жан–үнді дауыссызға аяқталып тұр. Сонда,
мысалы, ілік септік жалғауының варианттары бұлардың əрқайсысына талғап кана
жалғанады: жаздың - үяң з дауыссыздан кейін тек ұяң д дауыссызы, жастың– қатаң с
дауыссызынан кейін тек қатаң т дауыссызы., жанның– үнді н дауыссызынан кейін тек
үнді н дауыссызы.
Екінші, буын құрамындағы дыбыстың əуез қатысына қарай, мысалы, төмендегі
бітеу буындар соңғы дауыссыздың əуез қатысына қарай жіктеледі: қаз- жуан езулік
дауыссызға аяқталып тұр; кез – жіңішке езулік дауыссызға аяқталып тұр, күз - жуан
еріндік дауыссызға аяқталып тұр; күз – жіңішке еріндік дауыссызға аяқталып тұр.
Сонда, мысалы, тағы да ілік септігінің жалғауының варнанттары бұлардың
əрқайсысына талғап қана жалғанады: қаздың– жуан езулік з дауыссызынан кейін тек
жуан езулік д дауыссызы, кездің - жіңішке езулік з дауыссызынан кейін тек жіңішке
езулік д дауыссызы, құздұң– жуан еріндік з дауыссызынан кейін тек жуан еріндік з
дауыссызы, күздүң- жіңішке еріндік з дауыссызынан кейін тек жіңішке еріндік д
дауыссызы.
Əрине, бұл зандылыктардың реті бір түбірден бір қосымшаға қарай бірдей бола
бермейді: сонғы ұяң дыбыстан кейін келесі буынның бастапқы дыбысы үяң бола
бермей, үнді де бола береді. Алайда, басты заңдылық яғни дыбыс талғампаздық əр
уақьпта сақталып отырады.
Сонда қазақ тіліндегі буынның басқы жəне аяққы дыбыстарының артикуляциялық
жəне
акустикалық
белгілерінің
лиигвистикалық
мəні
бар
болып
шықты.
Лингвистикалық мəні бар фонетикалық құбылыстың əрқашан да артикуляциялық жəне
акустикалық тірегі болады.
Бұл – іргелес дыбыстардың арасындағы фонетикалық шарт.
Қорыта келе, бұл орфоэпиялық, фонетикалық нормалар туралы үндестік заңнан
білім беру кезінде игертіледі. Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу мəдениетін
160
дамыту орфоэпиялық білім негізінде, фонетикалық норма туралы білім бойынша
жаттықтыру арқылы қалыптастырылады.
Əдебиет:
1.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту əдістемесі. – Алматы: Ана тілі, 2003 – 235 б.
2.
Құрманова Н. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мəдениетін қалыптастыру
əдістері мен тəсілдері. – Алматы, 1998. - 127 б.
3.
Мырзабеков С. Ана тілін оқытудың міндеттері. Қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тəжірибесінен. -Алматы: Мектеп,
1991, -148 б.
4.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 2006. – 350 б.
5.
Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мəдениетін
қалыптастыру əдістері мен тəсілдері. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1998. – 190 б.
6.
Жапбаров Л. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың əдіснамалық жəне əдістемелік
негіздері - п.ғ.д., ғылыми дəрежесін алу үшін жазылған дисс. авторефераты, 2004. – 252 6.
7.
Ə. Жүнісбеков. Ауызекі тілді дамыту // Бастауыш мектеп. – 2005. – №6. – Б. 32–35.
Достарыңызбен бөлісу: |