WWW.ENU.KZ
Д. Мәсімханұлы
Астана қ., Қазақстан
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ӚРКЕНИЕТТЕРІ: ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ МЕН
ТОҒЫСУЫ
Жалпы ежелгі адамзат мәдениетінің ту ұстаушысы кӛшпенділер болғаны күн ӛткен сайын
анықталып келеді. Бұл туралы АҚШ-тың Орта Азия тарихын зерттеуші ғалымы, профессор
У.М.Микговерн (William Montgomery McGovern) ӛзінің әйгілі «Орта Азиядағы ежелгі
мемлекеттер» («中亚古国史» «The Early Empires of Central Asia») атты еңбегінде: «Бізде жаппай
қалыптасқан мынадай түсінік бар, Орта Азия тұрғындары десе болды, сӛз мейлі бағзы дәуірге
немесе таяу заманға қатысты болсын, бәрін жабайылар деп есептеп келген болатынбыз. Алайда,
бір қызығы, соңғы жылдардағы археологиялық қазбалар Орта Азияның ежелгі тұрғындарында
ӛнер-мәдениет дәстүрінің ерекше жоғары деңгейде дамығанын кӛрсетіп берді»[1,2-б]-деп жазады.
Сондай-ақ У.М.Микговерн сӛз болып отырған еңбегінде, Орта Азия аймағы ежелден бері Үнді-
Қытай мәдениеті мен батыс мәдениеті ортасындағы белсенді дәнекер, алтын кӛпір болып
келгендігін, сол барыста ӛздерінің мәдениетін де үздіксіз байытып, ӛсіріп отырғандығын
баяндайды, сондай-ақ, бәрінен де маңыздысы, жалпы тарихтағы Орта Азия кӛшпенділерінің
адамзат мәдениетінің дамуына қосқан ӛлшеусіз үлесін бұлтартпас айғақтармен дәлелдейді.
Ӛзге де мәдениет тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, далалық кӛшпенділер
адамзаттың ежелгі мәдениетінің таратушысы, орнықтырушысы, жалғаушысы ғана емес, ең
бастысы оның негізгі авторы әрі жанкешті нәсихатшылары да болған [2,4-б]. Алайда
кӛшпенділердің ақыл-парасатымен жасалған материалдық және рухани мәдениет үлгілері
отырықшы елге барғанда ӛзгеше сипат алып, тіптен құлпырып жүріп беретін. Сӛйтіп арада неше
ондаған, жүздеген ғасырлар ӛткесін ол отырықшы елдің тӛл мәдениетіне айналып үлгіретін.
Ежелгі түркі тайпаларының кӛршілес қытай жұртының дәстүрлі мәдениетіне жасаған ықпалы
да бүгінде мүлде танымастай ӛзгеріп, «қытайланып» кеткені соншалық, атүсті қараған кісіге мүлде
байқалмайды. Іс жүзінде қытайдың ежелгі мәдениетіне түркі ӛркениетінің ықпалы ерекше
болғаны бесенеден белгілі. Олай дейтініміз біріншіден, Еуразияның апайтӛс даласында емін-еркін
ат ойнатқан түріктердің кіндік жұрты бүгінгі моңғұл үстірті, Алтай тауының атырабы, бүгінгі
қытай қорғанының іші-сыртындағы байтақ дала болғаны белгілі. Екіншіден, «Аспанды кӛк Тәңірі,
жерді кӛк түрік» билеп тұрған заманда, Табғаш жұрты жүздеген жылдар түріктердің боданы
болғаны белгілі. Үшіншіден, салқар тарих кӛші барысында қаншалаған түркі тайпаларының
қытайға сіңіп кеткені де жасырын емес. Міне осындай ұлы дүбір ауыс-түйіс, тынымсыз сіңісу
процесі жүріп жатқанда, және ол нешелеген ғасырларға жалғасып жатқанда қытай мәдениетіне
түркілік ӛркениеттің сіңбеуі мүмкін емес.
Қытай дәстүрлі мәдениетіндегі түркі ӛркениетінің іздері дегенде, ол кӛбінде қытай тіліндегі
түркизмдерден байқалады. Бұл туралы қытай тіліндегі түркизмдерді ішкерілей зерттеп жүрген
шынжаңдық қандасымыз, түрколог-ғалым Ясин Құмарұлы ӛзінің «Түркі тілі мен қытай тілінің
байланысы» атты кӛлемді ғылыми зерттеу еңбегінде түркі тілінен ежелгі қытай тіліне енген,
қазіргі қытай тілі мен оның түрлі диалекттерінде сақталып отырған жүзден астам жеке сӛздерге
жан-жақты сараптама жасайды 2,126-б . Ғалымның пікіріне сенсек, қытай тілінде түркі тілімен
фонетикалық, лексикалық жақындығы бар сӛздер неше жүздеп саналады. Оның үстіне ол
сӛздердің кӛп жағдайда кӛшпелі ӛмір салтынан туындағанын ескерсек, аталған сӛздердің ежелгі
қытайларға түркі тайпаларынан барғанына шүбәсіз иланамыз.
Ал қытай мәдениетіндегі түркі ӛркениетінің сорабын анықтауға септігін тигізетін тағы бір
үлкен сала – мифтер. Бүгінгі қытай мифтері мен түркі халықтарының мифтерін салыстыра
қарастыратын болсақ, бұған кӛзіміз тіптен анық жете түседі.
Ғаламның, жер мен кӛктің жаралуы жӛніндегі екі халықтың мифтерінде де «дүние ең алғаш
кӛлкіген теңіз болған», оны ұлы Жаратушы (бізде «Жасаған», қытайларда «Пангу») «ортасынан
қақ бӛліп, жер мен аспанға айырған», содан кейін «дүние бірте-бірте ұлғайып, үлкейе берген».
Әрине екі халықтағы жаратушының есімдерінің ұқсамауы заңды құбылыс. Ең бастысы ғаламның
жаратылуындағы ӛзекті ой мен тұғырлы оқиғада айырмашылық жоқ деуге болады. Алғашқы
адамзаттың жаратылуы жӛніндегі қазақ және қытай мифтерінде де ӛзіндік ұқсастықтар байқалады.
Яғни екі халықта да ұлы жаратушы «ғаламды жаратып болған соң, адамды балшықтан илеп жасап
шығады да жан салады». Әрине, біз бұл арада «алғашқы адамды ұлы жаратушы балшықтан
жасады» деген мифтің дүние жүзінің кӛптеген халықтарына ортақ екенін жасырмаймыз. Алайда,
WWW.ENU.KZ
тілдік жүйесі, діні, ұлттық менталитеті, тіршілік формасы т.б. толып жатқан салаларда мүлде алыс
жатқан түркі және қытай халықтары мифтеріндегі бұндай ұқсас сарындар, әрине, назар аударуға
әбден татиды. Бұдан сырт, алғашқы адам баласының жаралуы туралы қазақ халқында сақталған
«Кӛк апа» мифіндегі балшықтан бір ер бала, бір қыз бала жасап, оларға жан салған Кӛк апа мен
Қытай мифіндегі балшықтан адам жасаған Нүйуаның «әйел жынысты жаратушы» болуы да назар
аударарлық. Тіпті қытай тіліндегі нүй сӛзінің ежелгі мағнасы ( 女- қазіргі қытай тілінде әйел, ескі
қытай тілінде апа, ана деген мағналарды білдіреді) мен уа сӛзінің ежелгі оқылыуына (娲 – қазіргі
қытай тілінде оқылыуы wa, ежелгі қытай тілінде оқылуы kwok немесе kwak) зер салатын болсақ,
«кӛк апа» немесе «кӛк ана» болып шығатыны тіптен таң қалдырады. Бұдан сырт түркі (қазақ)
мифтері мен қытай мифтерінде топан су, ақырзаман, одан адамзаттың аман қалған ерлі-
зайыптылар, күн мен ай т.б. толып жатқан құбылыстар туралы да ұқсастықтар кездеседі.
Ал Қытайдың оңтүстігіндегі Изулардың (қытай тектес халық) ерте замандағы «18 мың ғалам
туралы» деген кітабында 18 мың ғаламның жаратылуын былай баяндайды: «Кӛктің жүзін торлаған
қалың бұлт жеті қабат жер астынан шыққан. Жер бетінде азынаған асау боран үш қабат кӛктен
келген» [3,47-б]. Бұл жер мен кӛк арасы ажыраған, бӛлінген зат ретінде танып, аспанды үш қабат,
жерді жеті қабат деген кӛзқарастан туындаған. Ал қазақтың «Жасағанның әлемді жаратуы» атты
мифінде « о баста кӛк те үш қабат, жер де үш қабат екен, бірте-бірте әр қайсысы жеті қабатқа
жетіпті» делінеді. Бұл арада, біз, сӛз болып отырған екі халық мифіндегі мынадай екі түрлі ортақ
сарынды айқын аңғарамыз. Оның бірі, екі халықтың да аталған мифтерінде жер мен кӛк бӛлінген,
бір-бірінен ажыраған екі құбылыс, екі ұғым ретінде суреттеледі. Екіншіден, екеуінде де жер мен
кӛк жалаң, бір қабат емес, бірнеше (үш, жеті) қабат. Бұл ретте бізге қызығы, жер мен кӛктің
құрылымы мәселесінен бұрын, екі халықтың қасиетті, қастерлі цифрларының (үш немесе жеті)
ұқсастығы.
Ал енді ежелгі түркі тайпалары би, музыка ӛнерінің этникалық қытай биі мен музыкасының
дамуына тигізген әсері деген мәселе тіптен іргелі зерттеуге арқау боларлық дүние. Қытай жазба
деректерінде қаңлылардың ән-күй, би ӛнерінің керемет ӛркендегені, тіпті кез-кезінде кіндік қытай
жеріне де игі ықпал еткені жӛнінде деректер мол. Бұл туралы шынжаңдық ғалым Амантай
Әсейінұлы ӛзінің «Қазақ музыка аспаптарының тегі» атты зерттеу мақаласында аталған
тақырыпқа жан-жақты тоқталып, ежелгі қытай деректері негізінде түркі тайпалары би-музыка
ӛнерінің қытай жеріне қалай барғанын баяндайды 4,70-б] «Суй-шу. Музыка аспаптар туралы
орамасында»: «Джоу хандығының патшасы тойына қаңлы мен кӛшаннан музыка аспаптар
алдырды», - десе, «Таң дәуірінің естеліктерінде»: «Ждоу-Уди түрік қызын ханымдыққа алды. Оны
құттықтап келген батыстағы кӛршілері тойға қаңлы, кӛшан, сулық елдерінің музыка аспаптарын
тарту етті», - деп жазады 4,70-б . Ал ғұндардың музыка мәдениеті де ӛз кезінде айта қаларлықтай
дамығаны мәлім. Яғни ғұндардың саз ӛнері тек кӛршілес, қандас ӛзге тайпалар ғана емес, кіндік
қытай музыка ӛнерінің ӛркендеуіне де ӛзінің игі ықпалын тигізіп отырды. Мысалы, Шығыс Хань
патшалығы дәуірінің соңғы мезгілінде жасаған атақты музыкант (жетігенші) әрі әдебиетші Цай-
Иоң (蔡邕) ӛзінің қызы Цай-Уынжиді (蔡文姬) қаршадайынан саз ӛнеріне баулиды. Алайда енді
бойжетіп, таланты жаңа ұшталып, еліне де ептеп танылып келе жатқан Цай-Уынжи бір барымта
кезінде ғұн сарбаздары тарапынан қолды болып, ғұн елінде 12 жыл ӛмір сүреді. Ғұндардың
Солбілге қағанына әйел болған ол, ӛмірге екі перзент әкеледі. Кейін қытайлар мол тарту-таралғы
беріп жүріп, оны ғұндардан қайтарып алады. Сазгер ару туған жеріне келгесін «Хужиа
сарыны»(胡笳十八拍) деп аталатын, ұзақ күйтолғауын шығарады. Бұл толғаудың сәтті шыққаны
соншалық ӛз кезінде кіндік қытайға кеңінен таралғаны ӛз алдына, тіпті ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып бүгінге жетіп отыр 4,71-б . Бұның негізгі сыры, әрине, толғау сарынының сонылығында
болатын. Ал қытай халқының пипа, арху дейтін музыка аспаптарын да, күй (қытайша qu – 曲),
жыр ( қытайша ger - 歌儿) деген музыкалық атауларды да кӛшпенді түркі тайпаларынан
қабылдағанын ескерсек, түркі ӛркениетінің қытай музыка мәдениетінің дамуына тигізген игі
ықпалына талассыз бас изеуге тура келеді.
Жалпы түркі азаматтарының хань ұлтына (этникалық қытайларға) сіңіп кетуі, тіпті екі
халықтың арасындағы ӛзге де сіңісулер тарихта сан мәрте болған. Енді біраз сӛз, қытай жұртына
әр кезеңде сіңген түркітектес мәдениет, ӛнер, білім, қоғам қайраткерлерінің қытай мәдениетінің
дамуына қосқан ӛшпес еңбектері туралы. «Ӛшпес еңбек» дегенде біз бұл арада олардың
тындырған жұмыстарының жалпы санын, тұтас ауқымын емес, қытай мәдениетіне апарып қосқан
WWW.ENU.KZ
түркілік «бояуын» меңзеп отырмыз. Атап айтқанда, сонау Суй, Таң дәуірлерінің ӛзінде Сау-
Джұңда, Дихармашын, Уайжра Уазекен, Сексен Анда, Уайжра Күйші қатарлы әйгілі
суретшілер;Уайжрахан, Химанзы, Пейчеңен, Хыто, Пейшынфу, Сужұп, Уайжра Келте қатарлы
әйгілі сазгер-әншілер, тағы басқа да толып жатқан ақын, жазушылар, қоғам және мемлекет
қайраткерлері сол кездегі қытай мәдениетін бір белге кӛтеріп тастағаны ӛз алдына, ең бастысы
олар отырықшы, тынық күй кешіп отырған қытай ӛнері мен мәдениетіне ұлы даладан тың тыныс,
мүлде жаңа леп алып барды 5,2-б . Тіпті бұл үрдіс мұндағы Юань дәуіріне (б.з. 1206 – 1368жж.)
дейін жалғасын тауып отырған. Бұл туралы қазақтанушы қытай ғалымы, профессор Су-Бейхай
ӛзінің «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты еңбегінде Тоқтай, Таштемір, Тайбұқа секілді түркітекті
ғұлама тарихшылардың, қаңлы Бұқұм, қарлұқ Найжан қатарлы бір туар ақындардың т.б. толып
жатқан ӛнер қайраткерлерінің еңбектерін, олардың қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесін
ерекше жоғары бағалайды. Әсіресе ғалымның: «Шыңғысхан қазақ даласын жаулап алғаннан кейін
қазақтардың біразын әскер қатарына тартса, кейбіреулерін мәдениет саласындағы жұмыстарға
жекті. Осылардың арасындағы кӛптеген адамдар қытай мәдениетінен нәр ала отырып, ӛздері де әр
сала бойынша елеулі табыстарға жетті. Әсіресе қытайша тарихнама саласында кӛрнекті үлес
қосқан Тото, Теміртас, Тайбұқа үшеуін ерекше атап айтуға болады. Олар әсіресе қытайдың Ляу,
Зинь, Сұң – осы үш патшалығының тарихын жазуда ӛшпес еңбек сіңірді» [6,287-б] - деген сӛзі
бізді кӛптеген тың бағыттарға жетелейді.
Бұдан ӛзге, жоғарыда айтқанымыздай, ежелгі қытайдың музыка, би ӛнерінің дамуына да
түркітекті тайпалардың қосқан үлесі аз болған жоқ. Бұл туралы ежелгі Жібек жолы мәдениетін
зерттеуші ғалым, профессор Уаң-Руң былай дейді: «Екі хань дәуірінен (б.з.б.206-б.з.220ж.ж.)
бермен қарай, әсіресе Таң дәуірі кезінде (б.з.618-907ж.ж.) батыс ӛңірдегі (Орта Азия деп түсінген
жӛн- Д.М.) кӛптеген елдер мен ішкі қытайдағы патшалықтар арасындағы саяси, экономикалық
қарым-қатынас күн санап нығая түсті, соған ілесе мәдениет, ӛнер, саласындағы ауыс-күйіс те
бұрын-соңды болмаған деңгейде жаппай ӛріс алды. Атап айтқанда Күсен, Ұдұн, Кӛктаң елдерін
негіз еткен батыс ӛңірдің биі мен музыкасы ішкі қытайға жаппай ағылып кіріп, хан ордасы мен
далаға бірдей таралды. Сӛйтіп шығыс топырағына ӛнердің жаңа да жанды лебін әкелді, әрі тыныш
та тұнық күйге түсіп қалған Қытай мәдениетін дүр сілкіндірді. Соның нәтижесінде Қытай
мәдениетінде бетбұрыс болды әрі даму арнасын тапты. Сонымен бірге бұл билер мен музыкалар
қытай мәдениетінен де ӛзінің тамсанарлық маңызды орнын иеленіп үлгерді. Сол кездегі батыс
ӛңірдің биі мен музыка ӛнерінің онсыз да ӛресі биік болғандықтан талай замандар бойына
ауқымды түрде ішкі қытайға ағылып кіріп жатты. Бұл жағдай бір жағынан қытай мәдениетінің ӛзге
мәдениетті жатсынбайтындығынан, томаға-тұйық еместігінен болса, тағы бір жағынан батыс
ӛңірдің би-музыка ӛнерінің сиқырлы да баурағыштық қуатында деуге болады» [7,101-б].
Орта Азияда ӛмір сүрген елдердің би ӛнері мен музыкасының қытай еліне таралуы жӛніндегі
ең алғашқы тарихи дерек «Джоу тәпсірі. Кӛктем сарайы» деген құжаттан кездеседі. Яғни осыдан
үш мың жыл ілгеріде ӛмір сүрген Джоу патшалығы заманында-ақ (б.з.б. ХІ ғасыр – б.з.б. 256
жылдар) түркі тайпаларының биі мен музыкасының Қытай еліне жаппай енгенін аңғаруға болады.
Ал батыс хань патшалығының (б.з.б.206 – б.з.25ж.ж.) алғашқы жылдарында түркітекті ұдұн елінің
ән-күйінің ішкі қытайға тарағандығы, тіпті патша ордасының ӛзінде ұдұн ән күйінің жиі
орындалатыны туралы деректер бар [5,70-б]. Бұдан сәл кейінірек, Күсен ханы Сәнбен Үйсін
күнбиінің Джие-Ю ханшасынан туған қызы Дешіге үйленгеннен кейін, біздің жыл санауымыздың
65-жылы батыс ӛңірдің кӛптеген музыка аспаптарын сол кездегі қытай астанасы Чаңанға алып
келеді. Осының ӛзінен де батыс ӛңір елдерінің биі мен музыкасының қытай елі музыка ӛнерінің
дамуында жетекші роль ойнағандығын кӛруге болады. Ал қытайдың Уей, Зинь, Оңтүстік және
Солтүстік хандықтарының (б.з.220-580ж.ж) тұсында батыс ӛңірдегі түркітекті елдер мен қытай елі
би-музыка ӛнері тіптен сапырылысып кетті. Оның ӛзі қытай елінің би-музыка ӛнерінің дамуына
ерекше игі әсерін тигізді. Енді мына бір дерекке назар аударып кӛрелік, Қытайдың алғашқы Чинь
хандығының (б.з.б.221-б.зб.206 ж.ж.) бас сардары Лүй-Гуаң бұйрық бойынша қалың қолмен батыс
ӛңірдегі елдерге шабуыл жасады. Отыздан астам мемлекет тізе бүгеді. Ең соңында Күсен елін
жеңіп, олжаға түскен қымбат бағалы заттар мен таңғажайып ӛнер туындыларын 20 мың түйеге
артып, 10 мыңнан аса жылқы айдап оралады. Осы «таңғажайып ӛнер туындыларының» ішінде би
мен музыкадан тыс, театр қойылымдары мен цирк ойындары да бар болатын.
Міне осылайша батыс ӛңірдің ән-би музыка ӛнері түр-түрімен кешенді түрде ішкі қытайға
таралып жатты. Ал қытайдың хань патшалығы тұсында әйгілі жібек жолының ашылуына
байланысты хань патшалығы мен батыс ӛңірдегі түркітектес патшалықтар арасындағы барыс-келіс
тіптен қоюлай түсті. Бұның ӛзі батыс ӛңір елдері мәдениеті мен ӛнерінің қытай еліне тоқтаусыз
WWW.ENU.KZ
ағылып кіруіне мұрындық болды. Тіпті сол замандағы хань патшалығы ордасына ойналатын әйгілі
«үрлемелі күйлердің» ӛзі осы батыс ӛңір елдерінен барған. Деректерге қарағанда хань
патшалығының сол тұстағы патшасы Хань-Линдидің батыс ӛңір (Орта Азиядағы түркітектес
мемлекеттер деп түсініңіз) елдері мәдениетіне құлай берілгені соншалық, ӛз елін жаппай
кӛшпелілерше жүріп-тұруға үндеді. Мына деректі оқып кӛрейік: «Лиң-Ди патша кӛшпелілердің
киімін, үйін, дастарханын, тамағын және музыка аспабын, биін құлай сүйді. Тіпті орталық
қалаларда тұратын ақсүйектер де бұдан тыс қалған жоқ[7,16-б]. Сонымен ерлері кӛшпелілерше
жасанып, әйелдері кӛшпелілер биін билейтін болды. Қысқасы, кӛшпелілену – сол кездегі
қытайдың қоғамының басты сәніне айналды. Солтүстік Джоу патшасы Түрік ханзадасы Ашинамен
үйленгенде, түріктердің әрбір тайпасынан ұйымдастырылған алып ансамбл қыз жасауы ретінде
Астана Чаңанға келіп концерт берді. Бұл концертті астаналықтардың ұнатқаны соншалық, тайлы-
таяқтары қалмай, бір емес, бірнеше мәрте барып тамашалады. Осыдан кейін У-Ди патша
түріктерден келген ансамблді «Орда оркестрі» деп жарлық шығарды[7,16-б]. Бұдан кейінгі Сүй,
Таң хандықтары дәуірі (б.з.581-907 ж.ж.) батыс ӛңірдегі Түркітектес елдер би, музыка ӛнерінің
қытайға кіруі ең бір шырқау биігіне жеткен кезең болатын. Әсіресе, Таң-Гаузу ел астанасын
Чаңанға қайта ауыстырғаннан кейін, батыс ӛңір би, музыка ӛнеріне деген сұраныс тіптен арта
түседі.
Сондай-ақ осы Таң дәуірінде ел әуендерінің саны (орда күйлері) бұрынғы тоғыз күйден онға
арттырылған болса, сол он күйдің жетеуі батыс ӛңір елдерінікі еді. Олар «Күсен күйлері», «Анкӛк
әуендері», «Қаңлы күйлері», «Шәлік саздары», «Кӛктаң күйлері», «Си-Мяң саздары», «Үнді
әуендері» болатын. Тағы айта кетер жағдай, ол заманда қытайға батыс ӛңірдегі түркітектес
елдердің ӛнер туындылары ғана емес, толып жатқан ӛнер адамдары – композитор, орындаушы-
күйші, әнші, бишілері де барып, ӛз елдерінің мәдениеті мен ӛнерін ӛнімді түрде насихаттады. Атап
айтқанда, Күсен елінің атақты музыканты Сәтбай, Бамда, Шәлік елінің әйгілі барбишісі Пешенғұл,
Пешеннұр, биші Пешенкүн, әнші Педенем, Ұдұн елінің музыканттары Ғұйшекен, Ғұйшежан,
Қаңлы елінің барбишісі Қаңлы Құрым... т.б.-да жүздеген, мыңдаған ӛнер адамдары қытайдың сол
замандағы ӛнері мен мәдениетінің дамуына еселі де ӛшпес үлес қосты. Біздің бұл пікірімізді
ежелгі Орта Азия халықтарының ӛнерін зерттеуші қытай ғалымы, профессор Уаң-Рұңның:
«同时,西域乐理,乐制,乐谱和乐器也传到中原,
对汉民族乐舞艺术产生了革故鼎新的深刻影响» («Сондай-ақ Батыс ӛңірдің (Орта Азия ӛңірі деп
түсініңіз – Д.М.) музыка теориясы, композиторлық ӛнері, ноталары мен музыка аспаптары да
кіндік қытайға ағылып кіріп, қытайдың музыка, би ӛнерінің жаңғырып, жандануына ерекше ықпал
етті») [7,17-б], - деген сӛзі одан сайын дәлелдей түседі.
Осының ӛзінен-ақ, түркітектес халықтардың ертедегі қытай елінің би, музыка ӛнерінің
дамуына қосқан үлесі аз болмағанын аңғару қиын емес.
Жалпы ол заманда әсіресе музыка ӛнерінде кӛшпелілердің ту ұстаушы болғаны белгілі. Себебі
Ұлы табиғатпен тыныстас, рухтас жағдайда ӛмір сүру кӛшпелі тайпаларға шалқар шабыт, керемет
фантазия сыйлайтын. Ал осындай шалқар шабыттан, керемет фантазиядан туған ғажайып саз
ӛнері тынысы тар, ой-қиялы қамаулы отырықшыларға барғанда тіптен тәңірінің ӛз үніндей
сиқырлы құдірет болып естілетін. Бұл туралы ӛнертанушы ғалым, профессор А.Сейдімбек былай
дейді: «Дүниеге кӛшпелілер қайталанбас ғажайып ӛнер сыйлай алды. Олар Адамдық болмысты
Тәңірлік болмыспен шендестіруді армандау арқылы ӛнерлеріне мейлінше асқақ рух дарытты. Сол
асқақ рухты ӛнерлерінің ішінде Тәңірдің тіліне баланған ең құдіреттісі музыкасы болды. Байырғы
түркілер күйді «күк» деп атап, оны Тәңірмен тілдестіретін дәнекер деп білді. Сондықтан да Тәңір
тектес қағандарға арнап күн сайын жаңадан шығарылған мадақ күйлері тартылып отырған.
Байырғы түркілердің бұл дәстүріне тәнті болған қытай императорлары түркі күйшілері мен
әншілерін қолқалап шақырып, алтын ұстынды сарайларында олардың ӛнерін тамашалауды
ӛздеріне мәртебе санады» [8,12-б].
Қорытып айтқанда, бір кездері апайтӛс Еуразия даласын ашса алақанында, жұмса
жұдырығында ұстаған Ғұн, Сақ, Қаңлы, Үйсін, Түріктер тек әскери қуатымен ғана емес, бай да
алғабасар мәдениетімен де ӛзгелерді мойындата білгені белгілі.
Әдебиеттер тізімі
1 McGovern W.M. (“中亚古国”). The Early Empires of Central Asia. - Пекин:ҚХР Шузюй. 2004.
– 364б.
WWW.ENU.KZ
2 Құмарұлы Я. Алыстағы атамұра. – Пекин: Ұлттар,2003. – 436б.
3 Мәулітқанұлы Ә. Қазақтың жаралым жайындағы мифтері және ондағы философиялық
кӛзқарастар// Шынжаң қоғамдық ғылымы. – 2005.№2.38- 55б.
4 Әсейінұлы А. Қазақ музыка аспаптарының тегі//Шынжаң қоғамдық ғылымы. – 1998.№4.70-81б.
5 Сайрами А.М. Сүй, Таң сұлалирида ӛткән ұйғұр сәнәткарлари. – Пекин: Милләтләр,1993. –
324б.
6 Су Бейхай.Қазақ мәдениетінің тарихы. – Үрімші:Шынжаң университеті баспасы,1989.- 555页
7 Сайрами А.М. Сүй, Таң сұлалирида ӛткән ұйғұр сәнәткарлари. – Пекин: Милләтләр,1993.–324б.
8 Сейдімбек А. Қазақтың күй ӛнері. – Астана: Күлтегін, 2002. – 832б.
Достарыңызбен бөлісу: |