Екі дос сахарада сапар шегіп келе жатып әлденеге келісе алмай, ерегісіп қалады. Бірі ашуланып екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Досының соққысы жанына батса да ол жақ ашпайды



Дата30.01.2023
өлшемі12,14 Kb.
#63721
Байланысты:
Екі дос сахарада


Екі дос сахарада сапар шегіп келе жатып әлденеге келісе алмай, ерегісіп қалады. Бірі ашуланып екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Досының соққысы жанына батса да ол жақ ашпайды. Бірақ, құм бетіне: «Бүгін менің жан досым бетімнен ұрды» - деп жазады. Содан соң сапарларын ары қарай жалғастырады. Көп ұзамай алдарынан үлкен көл кездеседі. Екеуі суға түсіп, салқындап алуға бекінеді. Суға түскені сол-ақ екен таяқ жеген жігіттің аяғына балдыр оратылып, тұншыға бастайды. Серігі жалма-жан көмекке ұмтылып, өлім қатерінен оны құтқарып қалады. Бір ажалдан аман қалған жігіт өз-өзіне келгесін орнынан тұрып, тасқа ойып мынадай сөздер жазады: «Бүгін менің жан досым өмірімді сақтап қалды». Жолдасының ісіне аздап таңырқаған досы: «Алғашқы ісімді құмға жазып едің, соңғысын тасқа жазып жатырсың. Мұның мәнісін түсіндірші!» - деп сұрайды. Сонда: «Бізге біреу зиян тигізсе істеген ісін құмға жазуымыз керек. Кешірім желі суырып, оны өшіріп жіберуге жеңіл болады. Ал біреу бізге жақсылық жасаса оны тасқа жазғанымыз ләзім. Қандай дауыл, борандар болса да, оны ешқашан өшіре алмайды» - деген екен ақылды дос.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет