Екіөлшемді массив



Дата06.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#16571

Екіөлшемді массив.

Екіөлшемді массивті кесте түрінде енгізуге болады. Кестенің әрбір элементінің екі индексі болады, олардың мәні элементтің орнын көрсетеді.



Математикада квадрат және тіктөртбұрышты кестені матрица деп атайды. Бірінші индекс — жол нөмірі, тек келесі жолға ауысқанда ғана өзгереді; екінші индекс – баған нөмірі. m  жолдан және n бағаннан тұратын кестені  m*n  өлшемді кесте деп атайды.



Екіөлшемді массивтің сипатталуы



Жол бойынша толтыру:

FOR i:=1 to 3 DO  {жол нөмірі өзгеретін сыртқы цикл}

FOR j:=1 to 4 DO  {баған нөмірі өзгеретін ішкі цикл} Read (A[i,j]);      {пернетақтадан енгізу}

Жол бойынша ауысу:

FOR i:=1 to m DO ßжол нөмірі өзгеретін сыртқы цикл



FOR j:=1 to n DO ßбаған нөмірі өзгеретін ішкі цикл



Баған бойынша ауысу:

FOR j:=1 to n DO ßбаған нөмірі өзгеретін сыртқы цикл



FOR i:=1 to m DO ß жол нөмірі өзгеретін ішкі цикл

Баған бойынша толтыру:

FOR j:=1 to 4 DO  {баған нөмірі өзгеретін сыртқы    цикл}

FOR i:=1 to 3 DO  {жол нөмірі өзгеретін ішкі цикл}

Read (A[i,j]);          {пернетақтадан енгізу}

Массивтің элементтерінің қосындысы.



S:=0;



FOR i:=1 to 3 DO

FOR j:=1 to 4 DO

S:=S+A[i,j];

 

 

 

 

Әр жол және әр баған элементтерінің қосындысын есептеу.

Бірөлшемді массив элементтерінің қосындысын есептейтін негізгі алгоритмді қолданамыз  және жолдар қанша болса сонша рет қайталаймыз.



                 

                  Program М1;

Var a: array[1..3,1..4] of integer;       i, j, S: integer;



                   Begin

For i:=1 to 3 do

For j:=1 to 4 do

read(a[i,j]);



                                       FOR i:=1 to 3 DO    begin

                                         S:=0;

                                          FOR j:=1 to 4 DO

                                              S:=S+A[i,j];

                                            WRITELN(I,’ жол қосындысы= ’ , S);

                                       End;

Readln;


End.

КВАДРАТ МАТРИЦА

Жолдар саны мен бағандар саны сәйкес келетін екіөлшемді массивті  квадрат матрица деп атайды.

Мысалы:

Var  A: array [1..4,1..4] of integer;

{Массивтің барлық элементтері бүтін сандар}



Бас диагональ: элементтері a[1,1], a[2,2], a[3,3], a[4,4] (бас диагональда орналасқан элементтерінің индекстері (i=j));

Бас диагональ үстінде орналасқан элементтер үшін i қатынасы орындалады.



Бас диагональ астында орналасқан элементтер үшін i>j қатынасы орындалады.

 

Жанама диагональ элементтері А[4,1], A[3,2], A[2,3], A[1,4] (жанама диагональда орналасқан элементтерінің индекстері i+j=4+1 à жалпы түрде i+j=n+1).



i+j< n+1– элементтері жанама диоганалінің үстінде орналасқан;

i+j> n+1– элементтері жанама диоганалінің астында орналасқан;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет