Экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі
экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.
Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе .
Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе .
Экожүйе түрлері
Экожүйе түрлері
- микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);
- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);
- макроэкожуйе (континент, мұхит);
- ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
Экожүйе компоненттері:
Экожүйе компоненттері:
АБИОТИКАЛЫҚ
Биотикалық
Абиотикалық фактор - экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі. Оған экожүйеде болатын барлық тірі емес заттар кіреді. Тірі емес физикалық және химиялық элементтер абиотикалық компонентке жатады. Абиотикалық факторлар - күн сәулесі, оттегі, сутегі, азот, фосфор, температура, су, топырақ, минералдар, басқа да газдар, тұздылық, ылғалдылық, жел және т.б. Абиотикалық факторлар атмосферадан, литосферадан және гидросферадан алынады.
Биотикалық сөз тірі ағзаны білдіреді. Демек, экожүйенің биотикалық факторлары экожүйенің барлық тірі организмдеріне жатады. Оған өсімдіктер, жануарлар, құстар, саңырауқұлақтар, бактериялар, протозоа және т.б. жатады. Бұл организмдердің барлығы экожүйеде бірге жұмыс істейді. Бұл тірі организмдер көбінесе экожүйенің абиотикалық факторларына байланысты.
Биотикалық компонентер:
Өндірушілер - бұл органикалық емес қосылыстардың көмегімен органикалық қосылыстар жасай алатын автотрофтар. Бұл өндіріс егер фотосинтез жүргізетін болса және химосинтез жүргізетін болса, фотототрофиялық деп аталады.
Тұтынушылар қоректік заттарды қоршаған ортадан алады. Гетеротрофтар шөптегі, етқоректілер мен жемістер ретінде тұтынатын тағам түріне қарай жіктеледі.
Табиғи экожүйе
Табиғи экожүйе
Табиғи экологиялық жүйе табиғат күштерінің арқасында пайда болған, адам қолы тимеген жаратылыс жүйесі, табиғи қалыптасқан орта.
Мұндай экожүйенің құрамдас бөлігі (өзен-көл, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі) бір-бірімен тығыз байланыста, ажырамас бірлікте болады. Ол мыңдаған жыл бойы қалыптасқан тұтастық болғандықтан, өте төзімді, тұрақты келеді: климат пен табиғи өзгерістер аталмыш ареалдың жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қалыптастырады.
Табиғи жүйе – күрделі, таразысы тең кешен. Егер табиғи жүйенің тепе-теңдігі бұзылса, оның белгілі бір компоненті (өсімдік не жануар) жер бетінен жойылып не азайып кетуі мүмкін. Мәселен, орман оталса, ағаш пен онда тіршілік ететін жануарлар құрып кетеді. Өйткені азық-түлік арнасы бұзылып, жануарлардың тіршілік ететін ортасы тарылады.
Жасанды экожүйе
Жасанды экожүйе – адам жасаған орта мен онда тіршілік ететін жануарлар, өсімдіктер дүниесі. Мұндай жүйені кейде нообиогеоценоз не әлеуметтік экожүйе деп те атайды.
Мысалы өріс, жайылым, егіндік, қала, ауыл, бау-бақша, тоған, бөген, су қоймасы, ғарыш кемесі, аквариум және тағы басқалары.
Жасанды экожүйенің басты ерекшелігі – азық-түлік пен тамақ дайын. Екінші ерекшелігі – жасанды экожүйеде жануар мен өсімдіктің түрі аз болады. Әдетте, адам бір ғана өсімдік пен жануарды өсіру үшін жасанды орта жасайды. Мәселен, егісте дәнді дақылдар, жайылымда малдар, тоғанда балықтар өсіріледі.