«Экономикалық дамудың кластерлік принципі» елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында бағдарлама немесе жоспар әзірлеу



Дата31.12.2021
өлшемі16,04 Kb.
#21701

«Экономикалық дамудың кластерлік принципі» - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында бағдарлама немесе жоспар әзірлеу

БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК: Бәсеке (латын тілінен concurred-қақтығысу) бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.


Бәсеке түрлері: Жетілген бәсеке; тең мүмкіндіктері мен құқықтары бар:
Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі: тек жуық шамада жақындауға болады:
Жетілмеген бәсеке: Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық олигополия, таза монополия
Экономикалық реформалар және олардың сипаты. КСРО мемлекеттік ститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды (ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі – 2,8 пайыз (44,40-б.) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді. 1991 жылы Қазақстан экономикасы КСРО – ның экономикасымен үйлесімді дамыды, яғни құлдырау жалғаса түсті. 1993-1997 жж эконмикалық реформалар. Қазақстанда сапалы экономикалық қайта құрулардың жаңа кезеңі 1993 жылы қарашада ұлттық валюта – теңгенің енгізілуімен, жүйелі қайта құрулар және тұрақты кредиттер бағдарламасы шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының кең көлемде көмегін тартумен басталды. 1995 жылдың ортасынан бастап Қазақстанның ақша – кредиттік саясаты аспапатары дамыған елдерге тән тағы бір дәстүрлі шарамен – ҚҰБ жеке өзінің құнды қағаздар портфельін қалыптастыруды бастағанда ашық рыноктаға операциялармен толықтырылды. 1994 жылдан бастап бюджеттік дефециттің бір бөлігін инфляцияланбаған көздер – сыртқы займдар және мелекеттік құнды қағаздарды шығару арқылы жабу жүзеге асырылды. Соған сәйкес осы мақсат үшін ҚҰБ кредиттік ресурстарын қолдану қысқартылды.
"Нұрлы Жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы ең алдымен, әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдайлар аясында дағдарысқа қарсы және ынталандырушы шаралар бағдарламасы ретінде қабылданады. Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясаты біздің мекемеміз өз қызметі аясында басшылыққа алып жүрген еліміздің 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасының мақсаттарымен және тапсырмаларымен тығыз үйлесім тапқан. «Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған жаңғыртулардың жаңа басымдықтары, әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына кіру, «жасыл» экономикаға көшу, республикамыздың транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетіне басымдық бере отырып, экономикалық дипломатияны белсенділендіру қазақ халқы ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтап қалу аясында түзілген. «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру және «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру секілді ұзақ мерзімді міндеттер орындау назарымызды басымдықтарға шоғырландырып, өнімді жұмыс істеуді қажет етеді. Қорытындылай қазіргі кезде яғни , соңғы он жылдықтарда бүкіл адамзат өмірінде әлемдік мәселелердің маңызы ерекше өсіп отыр. Әлемнің едәуір бөлігінің жанталаса қарулануы мен даму деңгейінің төмендеуі жағдайында азық-түліктің, шикізаттың тапшылығы, энергетикалық, демографиялық дағдарыстар қосылды. 90- жылдардағы адамзат алдында тұрған әлемдік проблемаларды мынадай үш топқа бөлуге болар еді. Бірінші топқа интерәлеуметтік проблемалар жатады. Бұл топтағы өз шешімін күтіп отырған мәселелер: соғыс және бейбітшілік мәселелері, қарулануды біртіндеп шектеу, экономикалық және ғылыми-техникалық артта қалушылықты жою.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет