10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру
Сабақтың мақсаттары
Ұлттық құндылықтардың мағыздылығын мәтіннен үзінділер келтіре отырып, шығармашылық жазылым жұмысын ұсыну.
Бағалау критерийлері
Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын анықтайды;
Шығармашылық жұмыста мәтіннен үзінділер қолданады;
Лексикалық бірліктер:
Ғақлия- араб сөзі. «Дана сөз»,даналық маржан сөздер.
Ғақлия-көркем қарасөз,нақыл сөздің бір түрі,дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер,трактат.
Хұзур хасил-тыныштық,рахатшылық, Хасудшілікті-күндеу,күндеушілікті
Хирслану-ашқарақтану,қомағайлану,сараң болу.
Ғурурлық-менмендік,мансапқорлық,
Мұлахаза-ойласу,пікір алысу.
Мұхафаза-сақтау,қорғау.
Жаһатінде-барлық күшті жұмсау,тырысу.
Зинһар-қалайда,әйтеуір.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;
ІІ.Қызығушылықты ояту Отыз екінші қара сөзінің аудионұсқасын тыңдату. Оқушылар өздеріне ерекші әсер еткен үзінділерін жазып, пікірлерімен бөліседі.
Ерекше әсер қалдырған үзінді.
Менің пікірім
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/32-abajdyng-otyz-ekinshi-qarasozi
bilimland.kz
сайтынан қара сөзін тыңдау
Отыз екінші қара сөзінде «толық адам» ілімі қалай көрініс табады?
Абайдың «толық адам» идеясының қазақ ұлттық дүниетанымындағы көрінісі қандай?
(Жауап беруде төмендегі сызбаны пайдаланады )
Толық адам
Білім-ғылым
Талап Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді;
Ойын дәлелді жеткізеді;
Ұлттық дүниетаныммен байланыстырады;
Тапсырма Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал сіз «Ұлы ғұлама тереңінен тек қана дәм таттым» деген оймен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеп, ұрпақты оқу-білімге, үнемі ізденіске шақыратындай аманат хат жазыңыз. Хат жазуда қара сөздің міәтінен үзінділерді қолданыңыз.
Дескриптор Жанрлық ерекшелігін сақтап хат жазады;
Мәтіннен үзінділер келтіреді;
Тақырыпты ашып жазады;
Сөз санын сақтайды; (150 сөз)
Сабақты бекіту
3 минут
Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім