ЭКСПО шежіресі №7 ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік береді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды.
Н.Назарбаев «ЭКСПО» - бұл «көрме». «ЭКСПО» бүкіләлемдік көрме. Сондықтан оны «World Expo» деп атайды. Меніңше, ЭКСПО олимпиада ойындары сияқты, себебі көрмеге біз тек жетістіктерімізді қоямыз. Көрмеде жетістіктер туралы ұсыныстар айтылады және талқыланады. (30) Менің білуімше, ең алғашқы бүкіләлемдік көрме 1851 жылы Лондон қаласында өткен. Оны ұйымдастырушы - Альберт. Альберт ағылшын ханзадасы. Лондонда Хрусталь сарайы тұрғызылған екен. Лондон Ұлыбританияның астанасы. Өкінішке орай, Хрусталь сарайы 1936 жылы өртеніп кеткен. (33) Жалпы, ЭКСПО мақсаты ел жаңалығын, жетістіктерін бүкіләлемге таныстыру, көрсету.
Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО бір жарым уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін ЭКСПО талай тамаша жетістіктерді бүкіләлемге танытты. (9) Мысалы, 1876 жылы АҚШ-тың Филодельфия қаласында көрме өтті. Көрмеге Александр Белл қатысты. Александр Белл ең алғашқы телефонды бүкіләлемге ұсынды. Ал, 1893 жылы көрме Чикагода өтті. Көрмеде газдалған сусын ұсынылды. Келушілер сусынның дәмін татты. 1900 жылы көрме Парижде өтті. Париж көрмесінде алғашқы дыбыстық киноны ұсынды. 1936 жылы көрме Нью-Йоркте өтті. ЭКСПО-да түрлі түсті фотоны, нейлонды келушілерге ұсынды. (56) Менің пікірімше, ЭКСПО-ның жергілікті халық үшін жақсы және жаман жақтары да бар. Жаман жағы, әрине бұл халықтың уақытша финанс жағынан тапшылық көруі. Жақсы жағы, осы ЭКСПО-ның арқасында жаңа құрлыстар, яғни жаңа қонақүйлер салынады. Жаңа жұмыс орны ашылады. Шаған және орташа бизнеске мүмкіндік береді. (42) Мысалы, 1889 жылы Парижде өткен көрменің арқасында Эйфель мұнарасы салынды. Мұнара темірден өріліп салынған. Эйфель мұнарасы бұл ЭКСПО-ның қақпасы. Әлемде бірнеше үлкен мұнара бар. Олар: Венадағы Ротонда павильоны, Ёсудегі «Аспан мұнарасы» мен «Ёсу ЭКСПО» теміржол вокзалы. Қазақстанда «Нұр Әлем» сферасы. (40) «Нұр Әлем» сферасы Қазақстанның ірі жобасының арқасында пайда болды. Ол «ЭКСПО - 2017» жобасы. Бұл жоба «Халақаралық мамандандырылған көрме» туралы. Қазақстан Республикасы жоба бойынша өтініш берді. Өтінішті Висенте Гонсалес Лоссерталес қабылдады. Ол Париждегі көрмелер бюросының Бас хатшысы. 2012 жылы 22 қарашада Бюро мүшелері жасырын дауыс берді. Дауыс беруге 161 елдің өкілі қатысты. Жасырын дауыс беруде Астан жеңіске жетті. Астананы 103 ел қолдады. (60) Еліміз «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсынды. Себебі, бүкіл дүниежүзінде энергия тапшылығы сезіледі. Сонымен өзекті мәселе «жасыл» технологияны дамыту, баламалы қуат көздерін табу.
ЭКСПО кезінде елімізге көптеген туристер келді. «ЭКСПО-2017» - ТМД елдерінде өткен алғашқы көрме. Астанада өткен бүкіләлемдік көрме 3 айға жалғасты. «ЭКСПО»-ға әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатысты. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Себебі «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің символы бар. Ол – «Нұр Әлем» сферасы. Бұл – әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Оның диаметрі – 80 метр, ал биіктігі – 100 метр. 1-қабатта Қазақстан павильоны орналасты. Мұнда Қазақстанның тарихы, мәдениеті, дәстүрі, жетістіктері қойылған. Сфераның ішінде Болашақ мұражайы орналасқан. «Нұр Әлем» болашақта инновациялық зерттеу, әрі мәдени орталық болу керек деген пікір бар. Болашақ мұражайының 2-8 қатарында сандық, мультимедиялық және интерактивтік технологиялар орын алған. Мұнда энергияның негізгі түрлері ұсынылады. Олар: ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика. «ЭКСПО-2017»-де Астана қаласында Этноауыл қалашығы ұйымдастырылды. Қалашықтың мақсаты қазақ халқының этнографиялық және рухани мәдениетін келушілерге, қонақтарға таныстыру. Этноауыл аумағы - 2500 шаршы метр, 30-дан астам сәнді киіз үй бар. Қонақтар ішке қақпа арқылы кіреді. Киіз үйлерде ер-тұрмандар, сәндік бұйымдар бар. Олар ақ күмістен қақталған. Сонымен қатар, теріден, ағаштан жасалған ыдыстар, жүннен текеметтер бар. Көрмеде асхана бар. Қонақтар асханадан ұлттық тағамдар, қымыз, шұбат, қымыран, айран-шалап іше алады.
Этноауылда ұлттық спорт ойындары өтеді. Олар: бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу.
Менің ойымша, бұл ЭКСПО қазақ елі үшін үлкен жетістіктер алып келді. Оған дәлел, Астана қаласындағы «Этноауыл» көрмесі мен «Нұр Әлем» сферасы. «Этноауыл» көрмесі болашақта да қазақ халқын келушілерге танытуда үлкен үлес қосады деп ойлаймын.