Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивреситеті «Филология және әлем тілдері» факультеті



Дата12.04.2023
өлшемі80,66 Kb.
#81874



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивреситеті
«Филология және әлем тілдері» факультеті




СӨЖ


Тақырыбы: «Мухаббат-наме» ескерткішіндегі
ұшырасатын көне сөздерді теріп, талдау.
Оқытушы: Берікбай Сағындықұлы.
Студент: Хамитова Меруерт.

Алматы, 2021ж.


Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат-наме» дастаны.


Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. «Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббатты жырланады. «Мұхаббат-наме» дастанында адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады. Соңғы жылдары түркітанушы ғалымдар ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып келе жатқан әдеби мұрамыз «Мұхаббат-наме» ескерткішін қыпшақ-оғыз аралас тілінде жазылғанын анықтады. Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі саналатын «Мұхаббат-наме» дастанының әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан маңызы зор. Дастан аралас тілдер ескерткіш қатарына жатқандықтан көне сөздерден тұрады.
Аның дек йирга қол сунды елик ким
Аның даг йерга ел сунды көңүл ким
Сондай жерге көңілімнің қолын создым
Екі көшірмені салыстыра отырып, байқағанымыздай, қол және ел сөздері алмасып жазылған.
Әріптері әр түрлі түбірлес сөзге қазақ тілінде жетіл туынды сөзі сәйкес келеді. Ал тиклинур сөзінің түбірі – тік. Қазіргі қыпшақ тілдерінде белсенді қызмет атқарады. Алайда тиклин формасы архаизм, сол себепті көшірмеші қолданыстағы синонимдес итланур сөзіне өзгертсе керек. Түпнұсқада тиклин формасы жазылғандығын М. Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» атты еңбегіндегі әдеби әрі тілдік деректермен дәлелдеуге болады. Ол жерде тиклин – туынды түбіріне «ағаш тиклинди» мысалы келтірілген. Ағаштың егілгендегі оның жерге тіке отырғызылу әрекетімен байланысады. «Башакы тиклинүр сендан ичинда» тіркесін Алма Қыраубаева «ұшы бойлап өңменге барып тірелер» деп ерекше шеберлікпен аударады. Орта ғасыр ақындары муссахар және сөз ойнату тәсілін көп пайдаланған. Бұл да көшірмешінің сөз ойнату тәсілінің көрінісі деп білеміз.



  • Жамалиң мадхидин афақ толды

Жамалиң сөзидин афак толды
Жемалиңг медһидин афақ толды
Жамалыңды мадақтаудан дүние толды
Мадақ. Мадхидин - медһидин - мадақтаудан.



  • Барурмын астанаңдин йар хайрбад

Барурман ешикиндин ош хайырбад
Барурмин аситаныңгдин хайрбад
Босағаңда жатып өлдім, қайырсыз дос
Босаға. Астанаңдин – аситаныңгдин - босағаңда.
«Мұхаббат-наме» шығармасындағы астана сөзі елдің астанасы емес, парсының босаға деген мағынасын береді.



  • Қара топрақдин сүнбүл төратти

Қара топрақдын сунбүл йаратты
Қара топрақтын сүнбүл йаратты
Қара топырақтан сүнбіл жаратты
Сүнбіл. Сүмбүл - сүмбіл.



  • Қылур йилни Сулайманның пырақы

Қилур йелни Сүлайманның борақы
Желді Сүлейменнің пырағы қылады
Пырақ. Пырақы - пырағы.



Қылур Йусүфны Мысыр елинда зиндан
Жүсіпті Мысыр еліне сұлтан қылды
Сұлтан. Султан - сұлтан.



  • Тағы от ичра Азар оғлын асрар

Тақы от ичра Азар оғлын асрар
Тағы от ішінде Азар ұлын аман сақтады
Тақ. Тағы – тақы - тағы.



  • Мухаммад Мустафпға берди ми'раж

Мухаммад Мустафпға берди ми'раж
Мұхаммед Мұстафаны миғражға (көкке) көтерді
Миғраж. Ми'раж - миғраж.



  • Қуйашны қылды 'Иса фарқына таж

Қуйашны қылды 'Иса фарқына таж
Күнді Исаның басына тәж қылып берді
Тәж. Таж - тәж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет