Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология және әлем тілдері факультетінің профессоры Ә. С. Тарақовтың «Жасампаз жыр жампозы»



Дата18.02.2022
өлшемі14,1 Kb.
#25830
түріМонография
Байланысты:
ПІКІР Г.Орда және А.Жақсылықов (1)


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

филология және әлем тілдері

факультетінің профессоры

Ә.С. Тарақовтың «Жасампаз жыр

жампозы» монографиясына

Пікір
Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев туралы ғылыми зерттеулер аз емес. Кеңестік кезеңде бірқатар монографиялар мен зерттеу еңбектер жарық көргенімен, ұлы ақынның шығармашылығын жаңа заман деңгейінде сараптап, бағалау үлкен ізденісті қажет етеді. Ф.ғ.д Ә.Тарақов монографиясында Ж.Жабаев шығармашылығын Қазан төңкерісіне дейін және Совет үкіметі кезеңіндегі жырлар ауқымында бөліп қарастырған. Ақынның халыққа таралған әрі әдебиетші ғалымдардан жақсы бағаланған өлеңдерін, дастандарын талдаған. Ірі эпик ақын ретінде Жамбыл дастандары да кеңінен зерттеуді талап етеді. Бұл тұрғыдан да ғалым өзіндік зерттеушілік көзқарасымен тың пайымдау жасаған. Жамбылдың адамгершілік қасиеттері де ақын-жазушылар мен көз көргендер естеліктері негізінде сипатталған. Бұдан бөлек монографияда М.Әуезовтің Жамбыл болмысына, шығармашылығына құрметі де нақты мысалдармен дәлелденеді. Жамбылдың айтыстары да жаңа талдау негізі. Ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың халықтық талант ретіндегі бейнесін жан-жақты ғылыми жүйеде зерттеп шыққан. Баспадан кітап етіп шығаруға болады.

М.О. Әуезов атындағы

әдебиет және өнер институтының

аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.: Г.Орда



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

филология және әлем тілдері

факультетінің профессоры

Ә.С. Тарақовтың «Жасампаз жыр

жампозы» монографиясына
Пікір
Жамбыл Жабаев поэзиясын әр кезеңде М.Әуезов, М.Қаратаев, С.Бегалин, М. Сильченко, Е.Ысмайылов С.Садырбаев т.б. ғалымдар зерттеген. Совет үкіметі жылдары ақын шығармашылығын зерттеу – сол кездегі идеологиялық саясатқа негізделді. Енді тәуелсіздік кезеңінде жыр алыбының шығармаларын жаңаша бағалау уақыты да келді. Міне бұл міндетті әдебиеттанушы ғалым Ә.Тарақов жауапкершілікпен атқарған. Зерттеу еңбек 3 тараудан тұрады: I тарауда Қазақ төңкерісіне дейінгі жырлары, дастандары талданады. II тарауда Совет үкіметі кезеңіндегі өлеңдері зерттелінген. III тарауда жамбылдың адамгершілік болмыс-бітімі сараланады. Монографияда Жамбыл Жабаев шығармашылығы жан-жақты қарастырылып, зерттелінген. Жамбылтануға қосылар жаңа еңбек ретінде баспадан шығарылуын қолдаймын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің



профессоры, ф.ғ.д.: А. Жақсылықов

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет