Электр энергияны таратушы және өткізуші жүйелері объектілерінің маңыздылығы кешенді болуы да мүмкін



бет1/17
Дата09.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#56127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Серекова КИПиА-190


Кіріспе
Электрлік тораптар мен жүйелерді жобалаудың міндеті энергожүйелердің дамуын анықтайтын, электрмен қамтамасыз етудің сенімділігі мен электрэнергиясының сапасы жөнінен техникалық шектеулер қойылған кезде, тұтынушыларды электрлік және жылу энергиясымен қамту шығынын төмендетуді қамтамасыз ететін шешімдерді технико-экономикалық негіздеу және өңдеу болып саналады.
Электр энергияны таратушы және өткізуші жүйелері объектілерінің маңыздылығы кешенді болуы да мүмкін. Мысалы, жаңа электр стансаның қуатын жүйеге қосу, бір уақытта жүйе түзгіш тораптың сенімділігін жоғарылату құралы ретінде де өтуі мүмкін. Егер торапқа жаңа тұтынушыны қосу міндеті тұратын болса, онда эффект бәрінен бұрын қосымша электрэнергияның сатылымы арқасында ғана көрінеді. Осы орайда, дұрысына келгенде, электр тораптарының даму варианты бойынша шешім қабылдау, сенімділік факторын қатар есепке алу арқылы, түрлі варианттардың салыстырмалы тиімділігінің негізінде жүзеге асады.
Егер торапты дамытудың негізгі мақсаты оның сенімділігін арттыру болса, оған қоса резервті желілер құрылғылары арқылы, жоғары кернеуді жүктеменің орталығына терең енгізу, қосалқы стансалардағы трансформаторлардың санын арттыру және т.б. арқылы қол жеткізуге болады. Бұл шаралар бір мезгілде электроэнергиямен қуаттың шығынының төмендеуі есебінен торап қызметінің үнемделуіне көмектеседі.
Электрлік тораптарды дамыту бойынша кез келген шешім, жалпы энергожүйелерін дамыту міндетімен байланысты. Шынында, мысалы, торапқа жаңа тұтынушыны қосу, тек жүйеде генерациялаушы қуаттың резерві болған кезде ғана жүзеге асуы мүмкін. Керісінше жағдайда, қосымша генерациялаушы көздерді жасауға және оларды пайдалануға кететін шығын есептелуі керек. Алайда, электрлік тораптардың жекелеген міндеттерін шешу барысында барлық энергожүйенің даму тиімділігіне баға беру қиынға соғады. Сондықтан, бұндай жағдайда генерациялаушы қуаттың қажетті дамуын есептеу электрлік тораптардағы электрэнергияның 1 кВт сағ. құнына сәйкес шығынын есептеу арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет