Электр станциялары, желілер және жүйелер туралы жалпы мәліметтер
Қазіргі уақытта электр энергия қажеттілігін есептеп бағалау мүмкін емес.
Планетадағы әрбір адам электр энергиясын пайдаланады. Бірақ, барлық тұтынушыларды
электр энергиямен 100% қамтамасыз ете алмаймыз. Бұл, өз электр энергиясының көзіне
байланысты. Тұтынушыларды электр энергиясымен 100% қамтамасыз ету үшін Қазақстан
Республикасында қазіргі уақытта әртүрлі шаралар жүргізіліп, электр энергиясын
тұтынушыларға таратудың алуан түрлі заңдылықтары қабылдануда.
Одан бөлек, барлық тұтынушыларды 100% қамту үшін әртүрлі электр станциялар,
сонымен қатар барлық электр станцияларды біреуі жүйеден шығып кеткен немесе
шығындалу жағдайында өзара резервтеудің бірыңғай жүйелеуге біріктіретін біртұтас
желілер мен жүйелер құрылуда.
Электр энергияның негізгі бөлігін мыналар шығарып береді:
1) жылу электр станциялары (ЖЭС), олар конденсациялы (КЭС) және
жылуфикациялы (ЖЭО);
2) атом электр станциялары (АЭС);
3) гидравликалық электр станциялары (ГЭС) және гидроаккумуляциялаушы электр
станциялары (ГАЭС).
Энергияны біршама бөлігін дизельді электр станциялар (ДЭС), ал сонымен қатар газ
құбырлы (ГҚ) мен бу газды қондырғылы (БГҚ) ЖЭС-тер өңдеп шығарады.
Ерекше орынды жаңартылмайтын энергия көзімен жұмыс істейтін электр
станциялар алады, олар: күн (КЭС), жел (ЖЭС), геотермалды (ГЕОТЭС) және ағынды
электр станциялары (АғЭС). Дегенмен, осы станциялардың қуаттарының қосындысы
жеткіліксіз.
Әртүрлі электр станциялардың қуаты сол мемлекеттің территориясында жылу
энергетикалық және су энергетикалық қорлардың бар болуы мен орналасуына, олардың
техника-экономикалық сипаттамаларына, оның ішінде отынды тасымалдау шығындарына
және станцияның техника-экономикалық көрсеткіштеріне тәуелді.
Электр станция түрі…………………………...… КЭС ЖЭО АЭС СЭС
Үлестік шығыны, $/кВт…………….....................100-150 165-200 200-300 190-
350
Достарыңызбен бөлісу: |