адам организмінің электр тогымен зақымдануы нәтижесінде мүшелер мен жүйелерде терең функционалды бұзылыстардың дамуы, ең бірінші – ОЖЖ, қан айналым және тыныс алу мүшелерінде.
Локализациясына қарай электрожарақаттың 2 категориясын ажыратады
І дәрежеде - науқас есін жоғалтпайды, бұлшық еттері құрысып жиырылады.
II дәрежеде - науқас есін жоғалтады, бұлшық еттері құрысып жиырылады.
III дәрежеде - науқас есін жоғалтады, бұлшық еттері құрысып жиырылады және жүрек пен өкпенің қызметтері бұзылады.
IV дәрежеде - клиникалық өлімнің белгілері байқалады.
Жеңіл дәрежесінде (І-ІІ) пайда болған өзгерістер 1 -2 аптада жойылады. Ауыр дәрежесінде жүрек-қан тамыр жуйесінде тұрақты өзгерістер дамиды, кейде миокардтың инфаркты болуы мүмкін.
Жеңіл дәрежесінде (І-ІІ) пайда болған өзгерістер 1 -2 аптада жойылады. Ауыр дәрежесінде жүрек-қан тамыр жуйесінде тұрақты өзгерістер дамиды, кейде миокардтың инфаркты болуы мүмкін.
Тіндердегі жергілікті өзгерістер электрокүйік белгілерімен сипатталады. Олар электр энергиясының жылу энергиясына ауысуының нәтижесінде болатын, тоқ кірген және шыққан жерлерде байқалады.
Жарақаттың тереңдігіне байланысты электро күйіктің 4 дәрежесін ажыратады:
науқасты дереу токтан ажырату керек. Құтқарып жатқан адам өзі токқа түсіп қалмау үшін, ток өткізбейтін заттарды (құрғақ таяқ, арқан немесе қатты кағазды) пайдаланып, токтан ажырату қажет. Құтқарушыны жерден аластату үшін, аяғының астына құрғақ тақтай немесе резеңкеден жасалған зат қойылады. 2-4 дәрежелі электрожарақаттарда токтан ажыратып алғаннан соң, науқасқа бірден реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс: ӨЖР, жүректің тікелей емес массажы; егер 3-5 минуттың ішінде нәтиже болмаса, дефибрилляторды пайдаланады және науқасқа интубация жасалады. Жүргізілетін шаралардың ұзақтығы бірнеше сағатқа созылады. Тірілтуді, тек өлімнің биологиялық белгілері пайда болғанда ғана гоқтатады (мәйіттік дақтар, дененің қатуы).