Электронды журналмен танысу



Дата31.12.2021
өлшемі20,04 Kb.
#22998


18.02.2021

Электронды журналмен танысу

Электрондық журналдар мен күнделіктер баяу, бірақ дұрыс жолмен мектептердің күнделікті өмірлеріне кіріп бара жатыр. Білім беру өмірдің басқа салаларынан артта қалмауы тиіс, өйткені мектептер болашақ қоғамда өмір сүретін адамдарға тәрбие береді. Келешек күнді компьютер, интернет және басқа да жаңа ғасырдың техникалық құралдарсыз елестету мүмкін емес.

Бағдарламада интуитивті түсінікті интерфейс болады және ол дәстүлі сынып журналын көрсетеді. Жұмыс істеудің негізгі әдістері өте қарапайым болып, дербес компьютерді қолданудағы қабілеттері әртүрлі пайдаланушыларға бағдарламаны оңай меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарлама жұмысы уақытты үнемдеп мұғалімді күнделікті әрекеттерден босатады. Бағдарлама тақырыптық жоспарлауды автоматты түрде жүргізеді, сондай-ақ бұл мұғалімге және әкімшілікке оқу үдерісін бақылауға және қажетті жағдайда өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама мектептің бастапқы дерекқор негізінде жұмыс жасайды, яғни бұл мектепті бірнеше дерекқорларды қолданудан босатады.

Барлық пән мұғалімдердің істерінде сыныптың электрондық журналын пайдалану мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің құрастырылуына әкеледі және осы кеңістікте мұғалімдер, әкімшілік және оқушылардың ата-аналары біріккен құрылымда болады. «Электрондық сынып журналын» енгізудің мақсаты оқушылардың үлгерімін есептеуді қағаз қалпынан электрондық күйге айналдыру үшін жасалынады, яғни есептеу үдерістерін автоматтандыру.

«Электрондық сынып журналының» артықшылықтары:

1.Оқушылар, ата-аналар және мектеп әкімшілік алдында педогогикалық жұмыстың «айқын» болып көрінуі;

2.Аралық және қорытынды бағалардың әділ қойылуы;

3.Сыныптың және кейбір оқушылардың оқу үлгерімін жалпы болжамдау;

4.Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу тақырыбын болжау және мұғалімдердің бағдарламаларының орындалуын бақылауды оңай жасауға болады;

5.Ақпараттық қауіпсіздік тәртіптерін сақтау жағдайында журнал деректерінің жоғары қорғалған болып есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет