Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата04.04.2023
өлшемі0,64 Mb.
#79088
  1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Тақырып: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Орындаған: Назархан М.
Қабылдаған: Шанбаева А.


Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. 
Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, исламдық
суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік
мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ
топтамасына жатады.


Бұл мәдениетті түсіну мақсатында
алдымен оны кеңістік өрісі мен 
уақыт ағынында қарастырып, кейін
қазақ мәдениетінің типтік
ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ
мәдениеті еуразиялық Ұлы дала 
көшпелілерінің мұрагері болып
табылады. Сондықтан осы ұлттық
мәдениетті талдауды
номадтық (көшпелілік) өркениет
ерекшеліктерінен бастайық.


Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. 
Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып
табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата
қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес
жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас
мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында
киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден,
аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет