Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу



бет1/3
Дата01.11.2023
өлшемі190,37 Kb.
#121340
түріСабақ
  1   2   3

Орындаған:Сабырбекова Сабина,Магауина Анеля,Нурланова Айсулу

Тексерген:Маратова.Б.М

Топ:Кя-303

.


Alikhan Bokeikhan University
Семей 2023-2024
№5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде. Педагогикадағы әдіснамалық білім деңгейлері және өзіндік ерекшеліктері, оларды жете ұғыну. Ғылыми- педагогикалық зерттеудің әдістері
Негізгі сұрақтар:
  • Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
  • Педагогика-қазіргі адам танудың саласы.
  • Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері.
  • Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері.
  • Педагогиканың негізгі категориялары
  • Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
  • Педагогика ғылымының әдістері.

Педагогика өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады. Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден — білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден — өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-төркіні гректің «пайдос» — бала және «аго» — жетектеу деген сөздерден алынған. «Пайдагогос» сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді. Яғни баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау.
Педагогикақоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім адамды жан-жақты дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибесінде дамиды.
Ғылыми педагогика XVII ғасырдың екінші жартысында пайда болды, яғни бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А. Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі «Ұлы дидактика» атты еңбегін жазды. Оның барлық еңбектері біздерге ешқандай мағынасын жоғалтпай жеткен.
Эксперименталды педагогика ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында пайда бола бастады.
Педагогика тәрбиелеудің қатынастары туралы тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет