Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз



Дата11.12.2023
өлшемі9 Kb.
#137607
Байланысты:
Эссе Әлихан Бөкейханов- «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»



Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

"Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деген Әлихан Бөкейханов - халыққа қызмет етудің нағыз үлгісін көрсеткен қайраткер. Сертке адалдықтың, антқа беріктіктің, ұлт алдындағы жауапкершілікті көтере білудің үлгісін үйретіп кеткен тұлға деп ойлаймын. Себебі, қазақ үшін жаны қыл ұшында тұрған шақта да ол сертінен танбады. Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің саяси маңызды тұжырымы – тәуелсіздік жолында қарудың күшіне емес, білімнің күшіне сену болатын. Өзі адал қызмет етуге серт берген қазақты тәуелсіздікке бастайтын жол – заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру, қазақ қоғамын жоғарғы деңгейге жеткізу деп санады. Сондықтан да, осы мақсат жолында аянбай еңбек етті, ғылымда да, , мәдениетте де, саясатта да осы ұстанымынан айнымады. Дегенмен, «Бүкіләлемдік дара тұлға» деп танылған Әлихан Бөкейханов қазақ үшін кім?


Біріншіден, аса көрнекті қазақ зиялысы және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов XX ғасырда қазақ даласында құрылған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде танылды, қалдырған жазба мұралары да аз емес, алайда солардың ішінде, ерекше назар аудартатыны қанатты сөздері деп айта аламын. Себебі, бар өмірін халық қамын ойлаумен өткізген қайраткердің қанатты сөздеріндегі тәуелсіздік тағылымы ерекше. Халқымыздың басынан сан алуан қиындық өтті , алайда ең бастысы азаттық жолындағы күрес еді. Сондықтан да, ұлттың қамын ойлап, басын бәйгеге тігіп күрескен азаматтың әр кездері, әр жылдары айтқан қанатты қағидаттарының да бүгінгі жас ұрпақ үшін, тәуелсіз қазақ елі үшін берер ғибраты мол. Мысалға Әлихан Бөкейхановтың: «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана»,-деген пікірі бодан болып, қай жолмен жүрерін білмей тұрған қазақ халқын бостандыққа апаратын бір жол ынтымақ еді, ал енді өз тәуелсіздігін тойлап жатқан бүгінгі тыныш заманда да ынтымақ керек екендігін жеткізеді. Сондықтан да, жаһандану дәуірінде біз ұлт жанашырының өсиетін әркез қаперде ұстағауымыз қажет деп санаймын.
Үшіншіден, «Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды»,- дейді, өз халқының қиын тағдыры мен өксігін көп көрген, түсінген Бөкейханов атамыз. Себебі, қазақ халқы азаттық үшін қанша арпалысты, қанша есесін жіберді. Осы жолдағы күрес тым қымбатқа түсті, миллиондаған қазақ аштық, тәркілеу, куғын-сүргін құрбаны болды. ХХ ғасырдың бас кезінде халық қамын ойлап, ұлт жанашыры болған азаматтар аз болмады, соның бірі де бірегейі Әлихан Бөкейхановтың өзі еді. Өкініштісі сол халық соңынан еретін азаматтардың дені бірі ерте, бірі кеш мерт болып жатты. Қазақ халқының тағдырын келімсектер шешетін жылдар көп жылдар бойы салтанат құрды. Бұл қасірет Ә.Бөкейханов секілді тұлғаның көз алдында өтті, өзі де сол жолда жалған жаламен қараңғы қапасқа қамалып, құрбан болды. Тәуелсіздікке қол жеткізген халқымыздың енді оны бағалауы абзал, қазақ халқы күш-қуаты мен ақылына нық сеніп, әлем сахнасында тұруға хақысы бар деп санаймын.
Қорытындылай келе айтқым келетіні, елдің егемендікке қолы жетті, бар ғұмырын ұлты үшін күреспен өткізген Бөкейхановтың туғанына биыл 156 жыл толып отыр. Рух майданының шын күрескері болып өмірден өткен тұлғаның туған халқының қамын ойлап айтқан қағидаттары өлмек емес. Тағылымы мол терең ойлардың берер ғибраты кешегі қажырдың жемісі болып тәуелсіз ұрпақтың санасында мәңгі жаңғырады, сақталады деп сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет