Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын-жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманың мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.
Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын-жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманың мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.
Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманың мынадай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б. Оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты жаңартып отырса құба-құп. Ол үшін ең алдымен дұрыс мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлу керек. Оқушылардың білім алуы - ең алдымен мәтінді қабылдау болып табылады. Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай "Өлең сөздің патшасы, сөз сарайы" деген. Өлең сөздің құдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу - оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.
Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.
Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері - қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескертіледі.
Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1) Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай оқушымен әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымына ауырлау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.
2) Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.
3) Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны дұрыстап оқиды.
4) Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.
5) Өлеңді 2ші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б. жұмыстар.
Оқушылар оқыған материалының мазмұнын дұрыс кабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар әңгімені дұрыс қабылдау үшін негізінен, мынандай жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі.
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу
Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. Яғни шығарманы оқуға дайындық кезінде, шығарманы оқу барысында, оқып болғаннан кейін. Осы жерде ескерте кететін жәйт өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.
1. Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау;
2. Әңгімеге байланысты сөздік жұмысын жүргізу;
3. Әңгімені оқу;
4. Оқыған әңгіменің мазмұнын айту;
5. Әңгіменің жоспарын жасау;
6. Әңгіменің мазмұны бойыншажүргізілетін шығармашылық жұмыстар.