Елтану және саяси география Саяси картада 230 ел, оның 190-ы тәуелсіз



Дата29.03.2023
өлшемі21,13 Kb.
#77234
Байланысты:
Елтану және саяси география


Елтану және саяси география
Саяси картада 230 ел, оның 190-ы тәуелсіз.
Аумағы мен халқының саны жағынан Қытай, Үндістан , Ресей, АҚШ
Микромемлекеттер Монако, Андорра, Лихтенштейн, Ватикан, Сан-Марино
Табиғи ресурстарға бай Ресей, АҚШ, Қытай, Қазақстан
Табиғи ресурстарға кедей Жапония, Балтық теңізі жағалауы
Бір ұлтты Жапония, Швеция
Көпұлтты Ресей, Үндістан, АҚШ, Қазақстан
Географиялық жағдайы бойынша елдер: теңізге шыға алатын(Ресей, Канада, Қытай), теңізге шыға алмайтын(Бутан, Чад, Мали, Непал). Кейбір елдер толық континентті алып жатыр (Австралия), кейбір елдер аралда орналасқан(Науру, Мальта, Кабо-Верде).
Жер бетіндегі географиялық нысанның координат жүйесі және оның сыртындағы болмыстың осы нысанға қатысты тікелей немесе жанама әсер етуі географиялық жағдай деп аталады.
Жер бетіндегі географиялық координат жүйесі мен нысанның нақты мекенжайын анықтайтын жағдай математикалық-географиялық жағдай деп аталады.
Бір табиға нысандарға басқа нысандардың зор ықпал етуін физикалық-географиялық жағдай жейміз.
Дүниежүзі картасындағы елдің географиялық жағдайы
Жоспары

  1. Елдің атауы;

  2. Материктегі мемлекеттің орналасу жағдайы;

  3. Аумақтың ауданы;

  4. Қай жерде және қандай елдермен шегаралас болып келеді;

  5. Қандай теңізбен шектесіп жатыр;

  6. Шеткі нүктелері және олардың координаттары;

  7. Елдің астанасы және оның географиялық координаты;

  8. Елдің географиялық жағдайы туралы қорытынды.

Елдердің географиялық жағдайы бойынша жіктелуі:


Аралда орналасқан (Ирландия, Куба, Үлыбритания, Жаңа Зеландия)
Түбекте орналасқан (Үндістан, Лаос, Норвегия, Италия, Португалия)
Архипелагта орналасқан «аралдар тобы» (Жапония, Кирибати, Индонезия)
Құрлық ішінде орналасқан (Құрлықішілің мемлекеттер)
Құрлықішілік мемлекеттер (теңізге шыға алмайтын)
Шетелдік Еуропа Австрия, Андора, Ватикан, Лихтенштейн, Венгрия, Люксембург, Македония, Сан-Марино, Сербия, Словакия, Чехия, Шыейщария.
Шетелдік Азия Ауғанстан, Бутан, Лаос, Моңғолия, Непал.
Африка Ботсвана, Буркина-Фасо, Бурунди, Замбия, Зимбабве, Лесото, Малави, Мали, Нигер, Руанда, Свазиленд, Уганда, Орт. АР, Чад, Эфиопия, Оңт. Судан.
Оңт. Америка Баливия, Парагвай.
ТМД елдері Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан,Түрікменстан, Молдова.
Дүниежүзі елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы: (ЭГЖ)
ЭГЖ – кәсіпорындар, елді мекендер, ареалдар, аудандар, жеке елдер және олардың топтарының экономикалық маңызы барсыртқы нысандар қарым-қатынас жиынтығы.
ЭГЖ-ны талдау компоненттері:

  • Көліктік-географиялық

  • Өнеркәсіптік географиялық

  • Агрогеографиялық

  • Нарықтық

  • Демографиялық

  • Рекреациялық-географиялық

ЭГЖ түрлері

  • Орталық

  • Шалғайлық

  • Шегаралық

  • Транзиттік

  • Теңіздік

  • Ішкі

Мысалы Германия

  1. Көршілес жатқан мемлекеттерге қатысты жағдайы: 9 мемлекетпен: солт. - Даниямен, батыс – Польша және Чехиямен, оңт-шығысында – Австриямен , оңт. – Швейцариямен, оңт-батысында – Франция және Люксембургпен, батысында – Бельгия және Нидерланды.

  2. Басты құрлық және теңіз көлік жолдарына қатысты жағдайы: Еуропадағы барлық көлік жолдарының дәл ортасында және Киль каналы арқылы Балтық теңізі бойынша тауар айналымының көп бөлігі өтеді

  3. Отын-шикізат базасына қатысты жағдайы: қара және қоңыр көмір: Рур (Германияда), Польшаның жақын орналасқан көмір алатары; Мұнай: Ресей(Батыс Сібір), Солт. Африкадағы мұнай кен орындары біршама алыста; Табиғи газ: Солт. Теңіз және Ресей(Батыс Сібір).

  4. Өнімді қткізетін негізгі аудандар: Елдің ауылшаруашылығы: ішкі өндіріс сұранымының 60%-ын қамтамасыз етеді. Асас танымал тауарлары – астық және астық өнімдері, сүт өнімдері, тофудан жасалған өнімдер, жұмыртқадан жасалған өнімдер, жемістер, какеністер, ет. Германия табиғи өнімдерді импорттайтын аса ірі еуропалыұ ел болып табылады. Барлық табиғи өнімдердің 38%-ы импортталады.

  5. Қорытынды: Германия өте тиімді жерде орналасқан, ол Шығыс және Орталық Еуропа мемлекеттерін байланыстырушы рөл атқарады.

Архипелагта орналасқан мемлекеттер.


Архипелагта орналасқан мемлекеттерге Багам аралдары, Жапония, Тонга, Палау, Филиппин т.б.
Жапония
Ауданы: 377 835 км2
Халық саны: 126 475 664 адам 2011ж
Халықтың тығыздығы: 337 адам/км2
Астанасы: Токио 12 790 000 адам
Ірі қалалары: Йокогама 3 625 000 адам, Осака 2 636 000 адам, Нагоя 2 236 000 адам, Саппоро 1 890 561 адам, Кобе 1 530 295 адам, Киото 1 473 068 адам
Ақша бірлігі: йена JPY
Географиялық жағдайы. Жапония – Тынық мұхитының батысында 4000-нан аса аралдарда орналасқан, олардың ең ірілері: Хоккайдо, Хонсю, Кюсю, Сикоку. Жапония аралдарының жағалауын Тынық мұхиты, Жапон, Охот, Шығыс-Қытай теңіздері шайып жатыр. Ең биік жанартауы – Фудзияма, теңіз деңгейінен 3776м биіктікте.
Климаты. Субтропиктік муссондық климат, солтүстікке қарай біртіндеп қоңыржайға ауысады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000-3000 мм. Қыстың орташа температурасы -5С-тан (Хоккайдо) – 16С-ға (Рюкю) дейін, ал жазында 22С-28С дейін.
Флорасы мен фаунасы. Жапония аумағының шамамен 1/3 бөлігін қылқанжапырақты және субтропиктік мәңгі жасыл ормандар алып жатыр. Флорасы көртүрлілігімен ерекшеленеді, 2750-ден аса түрлері бар, оның ішінде 168 ағай тұқымдасы.
Мемлекеттік құрылымы. Басқару формасы – конституциялық монархия. Мемлекет басшысы – император. Заң шығарушы билік – кеңесшілер және өкілдер палатасынан тұратын екі палаталы парламент.
Экономикасы. Жапония – жоғары дамыған индустриалды мемлекет. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жағынан дүниежүзінде алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп саласында жоғары технология және ғылымды көп қажет ететін салалар(электронды, электротехника, машина жасау, химия) басымдыққа ие. Жапония кеме жасаудан, электронды техникаларын шығарудан 1-ші орында, жеңіл және жүк машиналарын шығарудан 2-ші орында, пластмасса, цемент, синтетикалық талшық жасаудан, мұнай өңдеуден 3-ші орында. Халқының өмір сүру деңгейі бойынша әлемдік рейтингісі 8-орында.
Құрлықішілік мемлекеттер. Қазіргі уақытта шегарасы дүниежүзілік мұхитпен байланыспайдын 44 мемлекет бар. Олардың 16 Африкада, 14 Еуропада, 12 Азияда, 2 Оңт. Америкада.
Екі мемлекеттің аумағымен толық қоршалған мемлекеттер: Моңғолия, Непал, Бутон, Свазиленд, Лихтенштейн, Андорра, Молдова.
Дүниежүзілік мұхитпен шектеспейтін ауағы жағынан ең үлкен мемлекет – Қазақстан 2 724 900 км2; аумағы 1 млн км2 асатын тағы 6 мемлекет бар: Моңғолия 1 566 500 км2, Чад 1 284 000 км2, Нигер 1 276 000 км2, Мали 1 240 000 км2, Эфиопия 1 104 300 км2, Боливия 1 098 581 км2.
Ағынсыз су алаптарына жататын елдер: Армения, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан.
Каспий теңізі шектесетін елдер (Ресей, Иран, Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан) Қара, Ақ жіне Балтық теңіздеріне су жолы арқылы шыға алады.
Аралда орналасқан мемлекеттер. Дүниежүзінде 47 мемлекет географиялық белгілеріне қарай аралда орналасқан мемлекеттер болып есептелінеді.
Индонезия
1 912 988 км2, 14 орында
Зонд архипелагының аралдарында орналасқан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет. Халқының саны 203,5 млн, 4-орында. Басым халықтары – индонезиялықтар,индустар,қытайлықтар. Ең турист көп келетін аралдары – Ява, Калимантан, Суматра, Жаңа Гвинея.
Ұлыбритания
242 910 км2
Негізгі тарихи атауы Англия. Астанасы – Лондон. Англияя автомобиль, ұшақ, кеме, электронды аспаптар, ауылшаруашылығы жақсы дамыған.
Кей аралдағы елдердің туризмнен түсетін ЖШӨ үлесі: Бермуд аралдарында – 34,7%, Сейшель ар. – 27,4%, Антигуада – 58,5%, Багамда – 52,1%.
Түбекте орналасқан мемлекеттер. Жалпы саны – 33, аумағы және халық саны бойынша ең үлкедері: Үндістан, Италия, Испания, Норвегия, Португалия, Лаос, Корея, Дания, Грекия, Швеция, Сауд Арабиясы, Йемен, Оман, Вьетнам, Камбоджа, Таиланд, Мьянма, Малайзия, Бахрейн, Катар, БАӘ, Туркия, Финляндия.
Фьорд – тар, ирек келетін және құрлыққа терең сұғына орналасқан, жартасты жағалары бар теңіз шығанағы.
Үндістан
Аумағы: 3 287 263 км2, 7- орын
Халқы: 1,3 млрд, 2 орын
Астанасы: Нью-Дели. ХVIII-XX ғ. бірінші жартысында Британия империясының отары болып, 1947 жылы тәуелсіздік алды. Ел басқару формасы – конституциялық монархия. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің қатарына кіреді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет