Қожа Ахмет Ясауи атындығы халықаралық қазақ-түрік универститеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті
БӨЖ Кафедра:Педогогика және психология Факультеті:Жаратылыстану Ғылымдары Тақырыбы:Ұлы Британиядағы орта білім беру жүйесі
Орындаған:Ораз Ж. Қабылдаған:Құлахметов Б.
Жоспар I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ұлы британиядағы орта білім беру жүйесі 6жастан 18жасқа дейінгі
2.Ұлы Британиядағы мектептегі білім беру жүйесі
3.Қазақстан мен Ұлы британия білім беру жүйесінің ерекшеліктері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
I.Кіріспе
Ұлыбритания – толық атауы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі – Еуропаның солтүстік-батысында Британ аралдарында (ең ірісі Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік бөлігі мен бірқатар шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан бұл елді Ла-Манш және Па-де-Кале бұғаздары бөліп тұр.
Ұлыбританияның жер көлемі 244, 11 мың шаршы шақырымды құрайды. Халқының саны 63 миллионнан астам. Астанасы – Лондон. Халқының 80 пайызына жуығын ағылшындар, 15 пайызын шотландтар, уэльстіктер мен ирландтар, 5 пайызға жуығын Британ достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі діни-нанымдарын ұстанса, шотландтар пресвитериандар, ирландықтар негізінен католик дінін ұстанады.
Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Ұлыбритания 4 әкімшілік-саяси бөліктен құралған: Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия. Бұған қоса, Ұлыбританияның иеліктеріне Гибралтар, Ангилья, Бермуд, Британдық Виргин, Кайман аралдары Монтесеррат, Теркс пен Кайкос, Фолкленд (Мальвин), Әулие Елена, Питкэрн аралдары кіреді. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет – парламенттік монархия болып табылады. Ұлыбритания заңдары көпғасырлық конституциялық дәстүрлер мен жоғары сот органдарының шешімдеріне негізделген, елдің жеке конституциясы жоқ.
Мемлекет басшысы – монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Қазіргі монарх (королева) – Елизавета ІІ Ұлыбританияда 1952 жылдан бері билік құрып келеді. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (қауымдар және лордтар палатасынан) тұратын парламент болып табылады. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ақша бірлігі – фунт-стерлинг.
Мемлекет Британ аралдарында орналасқан - бұл Ұлыбритания, Ирландия, сонымен қатар көптеген кішігірім аралдар мен архипелагтар. Ла-Манш бұғазы Ұлыбританияны Франциядан бөліп тұр, екінші жағынан Атлант мұхиты, сонымен қатар Солтүстік, Ирландия, Кельт және Гебрид теңіздері шайып жатыр.