Емі-403 топ кураторлық отырыстың



Дата20.09.2023
өлшемі19,67 Kb.
#109090

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ЕМІ-403 топ кураторлық отырыстың
хаттамасы

Күні: 03.02.23


Тақырыбы: «Жанұя- шағын мемлекет» атты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тәрбие сағаты


Күн тәртібінде:
1.«Ұлттық теңге –ұлттық мақтанышымыз!» тақырыбымен танысу;
2.Басқа.


Қатысқандар:

  1. Топ кураторы;

  2. Топ студенттері.



Алғы сөзді топ кураторы алды: Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер! Слайдтан келесі мәлімет айтылды:
Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Қорытынды сөзді топ кураторы алды: Қазіргі заманда көптеген балалар дүниеге келтірген үлкендерімен емес, басқа адамдармен өмір сүріп дамуда. Яғни ата – аналары ажырасқан, дүние салған, неке құрмаған не белгілі бір себептермен оларды баға алмайтын жанұялар. Бір жынысты оның ішінде әйел адам қарауындағы балалар көбеюде. Мұндай жағдайларда жаңа жанұя құрылса, онда оны асырайды бағады, аралас жанұя деп атайды. Егер жанұяда тек бір ата-анадан тұрса, онда оны толық емес жанұя деп атайды. Толық емес жанұяларға айырықша талаптар қойылды. Мұндай жанұялардың 3 түрін бөліп көрсетуге болады. Оны Вирджиния Сатир былайша бөлді жанұядағы ата – ананың бірі кетіп қалған екіншсі қайта неке құрмаған, екінші тип-жалғыз басты адам бала асырап алды, үшінші-тип әйел баласын не қызын жалғыз тәрбиелейді. Көбіне бір ата-аналы жанұялар әйел-ана мен оның балаларынан ғана құралады.
Шешім:
ҚР Консититуциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және жанұя туралы» заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.


Топ кураторы : Бейсенбеков М.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет