10 билет Қан сарысуындағы билирубин түрлері, қалыпты мөлшері



Дата31.12.2021
өлшемі279,76 Kb.
#22419

10 билет

1.Қан сарысуындағы билирубин түрлері, қалыпты мөлшері.

Қан сарысуының түсі де белгілі бір деңгейде онда билирубиннің болуына байланысты. Қалыпты жағдайда қандағы жалпы билирубин мөлшері 8-20 мкмоль/л, ондағы тікелей емес билирубиннің үлесіне 75-тен 100%-ға дейін, ал тікелей билирубинге 0 до 25%-ға дейін келеді.

Түрлері гемолиздік, механикалық, паренхиматоздық және жаңа туған нәрестелердің сарғыштану

2. Гемолиздік сарғыштану, пайда болу себептері, зертханалық диагностикасы.

Гемолиздік (бауыр үсті) сарғыштану эритроциттердің шамадан тыс гемолизге ұшырауынан туындайды. Ол сәйкес емес қанды құйғанда, жұқпалы ауруларда, кейбір химиялық заттармен уланғанда және т.б. жағдайларда байқалады. Қанда бос билирубин көп түзіледі, оны бауыр залалсыздандырып үлгермейді, сондықтан қанда тікелей емес билирубиннің есебінен жалпы билирубин мөлшері артады. Нәжістің түсі стеркобилиннің артық түзілуіне байланысты қоңыр болады, зәрдің түсі өзгермейді, өйткені тікелей емес билирубин суда нашар еритіндіктен, зәрге түспейді.



11 билет

1.Гемоглобиннің бос билирубинге дейін ыдырауы.



2.Бауырлық сарғыштану, пайда болу себептері, зертханалық диагностикасы.

Паренхематоздық (бауырлық) сарғыштану бауыр жасушаларының вирустармен және бауыр үшін улы болатын препараттармен зақымданғанда пайда болады. Бауыр жасушалары зақымданғандықтан, бос билирубин заласызданбайды. Бауыр жасушаларының зақымдануы нәтижесінде қанда тікелей билирубиннің де, тікелей емес билирубиннің де мөлшері артады. Зәрдің түсі зәрде тікелей билирубиннің болуына байланысты қоңыр болады, уробилин болуы да мүмкін. Нәжіс солғын (әлсіз боялған) түсті болады, бұл бауыр жасушаларының зақымдану дәрежесіне тәуелді. Бауыр аурулары кезінде зәрде уробилин пайда болуы мүмкін.

12 билет

1.Тікелей билирубиннің түзілуі, маңызы.

Бауырда тікелей емес билирубин гепатоциттерде глюкурон қышқылының бір немесе екі молекуласымен конденсацияланып, моно- және диглюкуронид билирубин түзеді. Бұл билирубин коньюгацияланған, байланысқан,және тікелей деп аталады. Тікелей билирубин суда жақсы ериді, усыз.



2. Пуриндік негіздердің ыдырауы.

Пуриндік және пиримидиндік негіздердің ыдырауы әр түрлі жолдармен өтеді. Адам ағзасында пуриндер гидролитикалық дезаминдену арқылы несеп қышқылына дейін ыдырап, осы түрде зәрмен сыртқа шығарылады. Несеп қышқылының түзілуі негізінен бауырда жүреді. Несеп қышқылы – пуриндік нуклеотидтер алмасуының соңғы өнімі. Тәулігіне 0,5-1,0 грамм несеп қышқылы түзіледі. Несеп қышқылының тұздары (ураттар) – суда нашар еритін қосылыстар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет