3 тақырып Жұмаева Ақжүніс Қазақстанның қазіргі заман тарихы
1. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері. Ресей империясында (1917жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы )Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы . «Кеңес» сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы тобының сайланбалы жетекші отаны-Жұмыс депутаттары кеңесі түрінде 1905-07жылғы бірінші орыс революциясында пайда болған.
Қазақстанда кеңес үкіметінің орнатылуы.Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік
аймақтарда –бейбіт жолмен;
2.Сібір,Орал,Жетісу қазақтары мен офицерлер,кулактар біріккен контрреволюциялықкүштер басым аудандарда күрес жолымен. Перовск жұмысшылар мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда өз қолына алды.Ол кезде бұл үлкен әскери горнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын.Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады. Сырдария облысында Кеңес укіметінің орнауы оның орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 31 қазанда қарулы күреспен орнады.1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев қаласында жеңді.Қараша-желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата,Түркістанда,Қазалы,Арал поселкісінде бейбіт жолмен орнады.Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 ж. Ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде көшті. 1917 жылы желтоқсан-1918 ж. Наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай,Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады.Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А.Иманов, Қ.Қойдасов, В.Зинченко және т.б. күрескерлер үлес қосты.
1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес үкіметі орнады.Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып,1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрревалюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.Олардың арасында Т.Бокин, Т.Өтенов, Ж.Бабаев, А.Розыбакиев сыяқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды,әскери төңкеріс комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери-ревалюциялық комитеті басқарған күштер қару-жарақ қоймаларын,почта-телеграфты т,б, маңызды мекемелерді басып алды да,Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте,Сергиопольда (Аягөз),Талдықорғанда,сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп,1917 жылдың қазан айынан бастап,1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті,яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.